“Мемлекеттік қызмет туралы” жаңа заң қабылданады

    2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданады. Ол бойынша мемлекеттік қызметшілер енді жаңа әдіспен жалақы алып, жас мамандардың сынақтан өту мерзімі алты айға дейін ұзартылады. Жаңа Заңда мекеме басшыларына штат қызметкерінің санын қысқарту құқығы берілген. Мемлекеттік аппаратқа қатысты осы және өзге де реформалар туралы мемлекеттік орган басшылары үшін ұйымдастырылған арнайы семинарда айтылды.

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, еліміз үшін басты мақсат – әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру. Ол үшін бес салада 100 қадам жасалады. Бағдарламаның алғашқы 15 қадамы мемлекеттік қызметті өзгертуге бағытталған,- дейді ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы Гүлмира Бисекешова.
    Оның айтуынша, келер жылдан бастап мемлекеттік қызметкердің мансабы жаңа үлгіде қалыптасатын болады. Мемлекеттік қызметке ендігі жерде тек төменгі лауазымнан бастап қабылданады. Алғаш рет қабылданушылардың жұмыста өзін көрсету мүмкіндігі артпақ. Сынақ мерзімінде олар бұрынғыдай үш ай емес, енді алты ай жүреді.

    - Жаңа жобаға сәйкес оған міндетті түрде үш ай сынақ мерзімі қосылады. Үш айда өзін көрсете алмаса, басшысының ұсынысымен тағы үш айға созылуы мүмкін. Егер сынақтан тағы да өте алмаса, жұмыстан босатылады. Жас маманның қасына сынақ кезінде тәлімгер бекітілетін болады. Бұл қазір де бар нәрсе. Бірақ, ендігі жерде ол заңда көрсетілетін болады,- дейді бөлім басшысы.

    Семинарда келер жылдан бас-тап қызметкерлердің еңбекақысы балдық көрсеткіш бойынша төленетіні айтылды. Мамандардың айтуынша, мұндай әдіс АҚШ, Жапония, Ұлыбритания елдерінде және халықаралық ұйымдарда енгізілген. Яғни, лауазымы бірдей қызметкерлер әртүрлі жалақы алады. Жалақыны белгілеу үшін 8 фактор есепке алынбақ. Ол – қызметкерлерді басқару, жауапкершілік, өз бетімен еңбектенуі, жұмыс тәжірибесі, арнайы білім деңгейі және байланыс деңгейі, жұмыстың ауырлығы, қабылдаған шешімнің салдары.

    - Бірдей санаттағы лауазымды тұлғалар әр түрлі жалақы алады. Мәселен, бір бөлімде 5 адам жұмыс жасаса, келесі бөлімде 100 қызметкер бар делік. Айырмашылық үлкен. Сондықтан бұл айырмашылық жалақы тағайындағанда міндетті түрде ескеріледі,- дейді Гүлмира Бисекешова.
    Жаңа заң бойынша мемлекеттік қызметкерлерге үстеме ақы төлеу жағы да қарастырылған. Қызметкерлердің қызмет сапасы жартыжылдық қорытынды бойынша және дербес жоспары бойынша бағаланады.

    – Біз алдын ала талдау жасадық. Белгілі болғандай, жалпы мемлекеттік қызметкерлердің 10 пайызы өте жоғары бағаланады деген жоспар бар. Қалған 35-40 пайызы жоғары, 40-50 пайызы қанағаттанарлық, 5 пайызының жұмысы тиімсіз,- дейді бөлім басшысы.

    Оның айтуынша, үстеме ақы алғашқы екі топтың қызметкерлеріне ғана төленеді. Үшінші топтағылар кәсіптік дамыту мен оқытуға жолдама алады. Соңғыларының лауазымы төмендетіледі немесе жұмыстан шығарылады.

    Бұдан өзге, басшылар жаңа заңға сүйене отырып қарамағындағы қызметкерлер санын қысқарту туралы шешімді өзі шығара алады. Қысқарған қызметкерлердің жалақысын қалған қызметкерлерге үстеме ақы немесе сыйақы есебінде бөліп тастауға құқылы. Осылайша, мемлекеттік қызмет біліксіз қызметкерлерден “тазарады”. Ал еңбекқор қызметкерлердің материалдық жағдайы жақсарады.

    - Бұл мәселенің екінші жағы да бар. Жыл аяғында басшы өз мекемесінің жұмысы жайлы есеп береді. Егер қысқарту салдары тиімсіздікке әкеп соқтырса, басшы жауап береді,- дейді Гүлмира Қамысбайқызы.

    Семинарда жаңадан пайда болатын мемқызметкерлердің Ар-намыс Кодексі туралы да түсіндірілді. Келер жылдан бастап әрбір мемлекеттік органда қызметкерлердің этикасына жауапты тұлға белгіленеді. Бұл штат тағы бір адамға көбейеді деген сөз.
    Гүлмира Бисекешова семинарға келген орган басшыларына тағы бір мәселені түсіндіріп өтті. Ол келер жылы болатын мемлекеттік қызметкерлердің кешенді аттестациялауы туралы еді. Бұл сынақ шамамен жылдың екінші жартысына таман жоспарланған.

    -Бүкіл жаңа заңдар өз күшіне енгеннен кейін осы заңдар аясында қызметкерлердің біліктілік деңгейі анықталады. Көбі “жұмыстан қысқарып қаламыз” деп түсінбей жатыр. Бұл қысқарту емес. Басты мақсат - мемлекеттік қызметкерлердің арасынан білікті, жоғары білімді, басқарушылық қасиеті барларын таңдау. Түк білмей, өте төмен деңгейде көрінсе, әрине, бұл кезде әңгіме басқаша болады,- дейді Гүлмира Бисекешова.

    ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мәліметі бойынша, қазір облыстағы мемлекеттік қызметкерлердің штаттық саны 4 772. Оның 295-і бос тұр. Штаты толық емес мекемелердің көшін облыстық аумақтық ветеринарлық инспекциясы бастап тұр. Мекемеде 10 орын бос . Ал ең көп ауысу Хромтау, Қарғалы, Темір аудандарында тіркелген. Ревизиялық комиссия, денсаулық сақтау және мәдениет саласы басқармалары тұрақты жұмыс жасаумен көзге түсіп отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мемлекеттік қызметке штаттан тыс шетелдік менеджерлер тартылатын болады
  • Мемлекеттік қызметшілердің қатары толықты
  • "Самұрық-Қазына" мен мемлекеттік қызметте пайдасыз адам көп
  • Әділет департаментіне жаңа басшы келді
  • Қаржы бақылау инспекциясының басшысы пара алды деп айыпталуда
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге