Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты

    Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты

    Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты. Тілсіз жаудан зардап шеккен 85 жастағы кейуана қазір хал үстінде жатыр.

    Оқиға 25 шілде күні болған. Қарттар үйінің қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенше, қызыл жалынды өз күштерімен сөндіргендерін айтады. Тілсіз жаудан 85 жастағы кейуана зардап шекті. ІІ-ІІІ дәрежелі күйік жарақатын алған ол қазір жедел жәрдем ауруханасында.

    - Өрт әйел адамның астындағы төсенішінен шыққан. Денесінің 60 пайызын күйік шалыпты. Жағдайы өте ауыр. Қазір ес-түссіз жатыр. Беті бері қарауы екіталай,-дейді Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстанов.

    Қарттар мен мүгедектер үйі директорының міндетін атқарушы Сән Нұрышеваның сөзі дәрігерлерге кереғар. Сән Нұрышева кейуананың жағдайы жақсы екендігін, тіпті сорпа іше бастағандығын айтты.

    Керек.info тілшісі 27 шілде күні оқиға болған жерді көзімен көріп қайтты. Өрт қарттар үйіндегі №122 бөлмеден шыққан. Бұл бөлмеде төрт адам тұрады. Оқиға болған күннің ертеңіне мекеме қызметкерлері жатын бөлмені жөндеп, сырлап үлгерген.

    Өрттен зардап шеккен Мария Миняеваның көршісі Күнзира Шанкинаның сөзінше, ол үнемі бас жағына пышақ пен шырпы қойып жатады екен. Бірақ, шылым шекпейді. Өрт шығатын күні Мария Миняева құлағын шұқып отырған. “Әрі қарай не болғаны есімде жоқ. Төсектің шеті жанып жатқанын бір-ақ байқадым. Үлкейгесін бала сияқты болады екенсің. Алғашында есеңгіреп отырып қалдық”,-дейді Күнзира Шанкина.

    Қарттар үйінің басшылары өрт екі көзі су қараңғы кейуананың абайсыздығынан тұтанған болуы мүмкін деп болжайды. Зардап шегуші Мария Миняева қарттар үйіне осыдан төрт жыл бұрын әлеуметтік бейімдеу орталығынан келген. Немерелері үйін сатып жіберіп, Ресейге қоныс аударғаннан кейін кейуана көшеде қалады. Көршілері “мінезі шатақ” деп сипаттап отырған қария ауруханаға жеткізілген сәтте есін біліп жатқан. Медбикелердің атын да атаған.

    Құтқарушылардың мәліметінше, өрт шарпыған аумақ 7 шаршы метр. Қазір өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Жеке үйдегі өрттен екі адам қайтыс болды
  • Жол апатынан 8 адам зардап шекті
  • Велосипедші реанимацияға түсті
  • Қарттар үйіндегілер бір-бірімен соттаса бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге