Интернетте фейк аккаунттар көбейіп келеді

    Өткен жұма күні “Фейсбук” әлеуметтік желісіндегі ақтөбеліктер облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің жеке парақшасы табылды деп шу ете қалды. Бірақ, олардың көпшілігі облыс басшысының әлеуметтік желінің қолданушысы екеніне күмәнмен қарайды. Өйткені, әлеуметтік желілерде танымал адамдардың атынан ашылған жалған парақшалар өте көп. Оны интернет қолданушылар “фейк” деп атайды.

    Архимед Мұхамбетов Facebook пен Twitter қолданушысы
    Ақтөбелік блогер Дина Бөкенбаева “Фейсбуктегі” жеке парақшасында ақпанның 20-ы күні жазба жариялады. Онда блогер Архимед Мұхамбетовтің атына тіркелген парақшаның скриншотын (фото көшірмесін) жасап, көпшілікке “фейк пе?” деген сауал жолдаған.
    “Фейсбуктің”Ainura Akturina-Kogay есімді қолданушысы парақшаның жалған екендігіне сенімді. Тағы бір қолданушы Тимур Нурпеисов “Ол (А.Мұхамбетовті меңзеп тұр) Самарадағы мемлекеттік техникалық университеттің түлегі ” деп уәж айтады. Өзі де аталмыш оқу орнын тәмамдаған Тимур Нурпеисов парақшаны облыс әкімінің өзі ашқанына күмәнді.
    Архимед Мұхамбетовтің атынан ашылған парақшада оның ақтөбелік екендігі және Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің түлегі екендігі ғана жазылған. Өзге ақпарат жоқ. Фотосы бар.
    “Керек.info” тілшісі “Фейсбуктегі” парақшаның кімге тиесілі екендігін анықтау үшін облыс әкімінің баспасөз қызметіне хабарласқан болатын. Әкімнің баспасөз хатшысы Нұрлыгүл Көшекбаева “Фейсбуктегі” парақшаның фейк еместігін растады.
    - Архимед Бегежанұлы “Facebook” әлеуметтік желісінің қолданушысы. Одан бөлек әкімнің “Твиттер” желісінде де парақшасы бар-дейді Нұрлыгүл Көшекбаева.

    Ресми парақшаларды қалай ажыратуға болады?
    “Fake” ағылшын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда “жалған”, “жасанды” деген ұғымды білдіреді. Соңғы кездері “фейк” сөзі әлеуметтік желілерге қатысты қолданылып жүр. Оның бас-ты себебі, түрлі мақсатта ашылған фейк аккаунтардың көбейіп кетуі.
    Аршат ОРАЗ, блогер:
    - Бүгінде кез келген ірі әлеуметтік желілердегі ВИП тұлғалардың аккаунттарына белгі (птичка) қойылады. Яғни, бұл ресми аккаунт деген сөз. Бұл белгіні (птичканы) кез келген адам қоя алмайды. Ол үшін желі басшылығына өтініш жолдауы керек еді. Желі басшылары аккаунтты тексеріп барып, мақұлдайды. Белгі содан соң ғана қойылады.

    ҚРпремьер министрі Кәрім Мәсімовтің “Twitter” желісіндегі парақшасына ешқандай күмән келтірмеуге болады. Бұл - ресми парақша.Мән беріп қарасаңыз, премьер министрдің аты-жөнінен соң арнайы белгі тұр. Мұндай белгі Голливуд жұлдыздарына тиесілі парақшалардың бәрінде бар.

    Фейктердің қандай зияны бар?
    Фейк аккаунтарды біреулер жай қызық үшін ашса, енді біреулері көп оқырман жинап, ақша табу мақсатын көздейді екен. Кейін сол атты қолданып, танымал адамдардың атынан неше түрлі сөз айтулары да мүмкін. Жалпы, желідегі профиль көп нәрсені айтып береді. Парақшасында ақпараты аз адамға сенбеген дұрыс- дейді танымал блогер Аршат Ораз.

    Блогердің сөзіне қарағанда, тәжірибесіз фейктерді анықтау аса қиын емес. Олар әдетте әлеуметтік желіге жақында тіркелген болып шығады. Желідегі “достарымен” көп ештеңе бөліспейді. Фото суреттері де жоқ болуы мүмкін. Фотосы болған күннің өзінде сапасыз, әрі өздері туралы ақпарат та мардымсыз болады.

    - Мысалы, біреулер өтірік бейшара күйге еніп, көмек сұрайды. Енді біреулер, түрлі ақпараттарды бөлісіп, сан алуан пікір жазып, халықты арандатады. Сондай-ақ, кей тұлғалардың желідегі тынысын, ойларын, сөздерін қадағалап, мониторинг жасаушы аккаунттар да бар –дейді Аршат Ораз.

    “Керек.info” тілшісінің бақылауынша, қазір интернет желісінің қазақ және орыс тілдеріндегі қазақстандық бөлігінде танымал әнші Қайрат Нұртастың атынан ашылған парақшалар “көш бастап” тұр. Әнші Мейрамбек Беспаев пен продюсер Баян Есентаеваның атын жамылушылар да аз емес.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Zello” жүргізушілердің ынтымағын арттырды
  • Жанат Самұратова: “Ондай мұғалімнің құны көк тиын!”
  • “Bookcrossing”- кітапқұмарлар мерекесі
  • Ақтөбеде сайлауға дайындық басталды
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге