Үш әйелі бар азамат: Мен жаңалық ашқаным жоқ!

    Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылының тұрғыны Орынбай Жолмұратовтың 3 әйелі бар. Бәйбішесі Ырысты мен тоқалы Сара балаларымен бірге Ақтөбе қаласында. Орынбай Жолмұратовтың өзі кіші тоқалы Жайнагүлмен бірге Ақтастыда тұрып жатыр. Алайда, шаруашылықтың қамымен Ақтөбеге де жиі келеді.

    -Бәйбішем Ырыстымен осыдан 40 жыл бұрын отасқанмын. Азамат болған екі ұлым бар. 30 жасымда Ырыстының келісімімен Сараға үйлендім. Өмірге қыз бала келді. Қазір қызымның жасы 24-те. Үлкен шешесі және аға-жеңгелерімен тату. Әйелдерім де араздасып көрген емес. Бір шаңырақ астында түтін түтетпегенімен отбасылық жиындарда, той-томалақ пен шаруаның жайын шешкенде әрдайым бірге. Оның үстіне Ырысты мен Сара 20 жыл бір шаңырақтың астында тұрды-дейді Орынбай Жолмұратов.
    Биыл наурыздың 1-і күні 60 жасқа толған Орынбай Жолмұратов Әйтеке би ауданындағы “Шыңғыс” шаруа қожалығының иесі. Үйір-үйір жылқы бағып,табын-табын сиыр айдап отыр. Өзінен 26 жас кіші үшінші әйелі Жайнагүл шаруашылықтың басында. Бие сауып, қымыз баптайтын да сол. Ал, мал иесінің бәйбішесі Ырысты Ақтөбедегі сауда нүктелеріне қымыз жеткізіп беріп, одан түскен табысты күйеуіне жіберіп отырады. Екінші әйелі Сараға басы артық малды тірілей және сойып сату жағы жүктелген.Әйелдер шаруаның жайын жалдамалы көмекшілерімен бірге жүзеге асырып отыр.
    “Керек.info” тілшісі хабарласқанда Орынбай Жолмұратов ұзақты күн тұтқаны көтермей қойды. Кейін өзі хабарласып, жөн сұрағанда “Елу биені сауып, қымыз баптау оңай шаруа емес. Былтыр Ақтөбеге 40 тонна қымыз апарып саттым. Біздің әулеттің бірде бір мүшесі қолын қусырып отырмайды” деді. Үй иесінің арғы жағынан балалардың былдыры естіліп тұрды. Айтуынша, кіші тоқалы Жайнагүлден 1 ұл және 1 қыз сүйген. Олар әлі кішкентай.
    Орынбай Жолмұратов “Керек.info” тілшісіне сөзге сараң, істің адамы секілді көрінді. Түйсігіміз алдамапты. Ол кісіні 30 жылдан бері жақсы білетін жолдастарының бірі Мұраттың айтуынша, мұндай адамдар қазір өте сирек кездеседі.
    -Екі немесе одан да көп әйел алғысы келмейтін еркек жоқ. Бірақ, көпшілігіміз іштей ғана армандаймыз. Қолымыздан келмейтін болған соң Орынбайды келеке етіп, күндейміз. Ал, кейбіреулер тіпті әйелінің көзін ала бере қыз-келіншек іздеп кетеді. Онда да ұнатқан әйеліне бұғып барып, бұғып келеді. Екінің бірі Орынбай емес-дейді ол.
    Орынбай Жолмұратовтың жолдастары әсіресе, оның бәйбішесі Ырыстыға риза. – Ырысты-дұрыс адам. Нағыз бәйбіше. Орынбайдың өзі де осал жігіт емес. Баламен бала, данамен дана бола алады. Шылым шегіп, ішімдік ішкенін көрген емеспін. Жас күнінде бокспен айналысты.Жасынан өжет. Қолы ашық азамат.Дін жолын ұстанбайды. Бірақ, садақа бергіш. Үйінен қонақ арылмайды- дейді жолдасына 30 жылдан бері таңдай қағып келе жатқан Мұрат.
    Ал, 3 әйелі бар Орынбай Жолмұратовтың өзі маңдайына біткен ерекшелеу тағдырды “Алланың қалауы” деп қысқа ғана қайырды.
    -Мен жаңалық ашқаным жоқ! Ата-бабамнан қалған жол. Жар құшып, перзент сүйдім. Одан өзім де , өзге де ешқандай зиян көрген жоқ-дейді ол.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Емші бала Ербосын Ақтөбеге келді
  • Кеңқияқта тұрғын үйдің терезесіне оқ атылды
  • Өгей әкесі өлімші етті
  • Біздің сүйікті кондуктор
  • Айнашқа көмек қажет
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге