Автобус жүргізушілерінің әйелдері наразылық білдірді

    Автобус жүргізушілерінің әйелдері 17 тамыз күні “Автопарктің” алдына жиналып, өз наразылықтарын білдірді. Оған себеп-кәсіпорынның қоғамдық көлік жүргізушілеріне екі айдан бері жалақы төлемеуі.

    Қаржыдан қысылған әйелдер күн сайын “Автопарк” ғимараты мен құзырлы органдардың есігін жағалауға мәжбүр. Сөздеріне қарағанда, күйеулері екі айдан бері жалақы алмаған. Оқу жылы басталуға санаулы күн қалды. Қаржыдан тарыққан автобус жүргізушілерінің әйелдері балаларына оқу құралы мен мектеп формасын ала алмай отырғандарын айтып шағынды.

    - Үш баламыз бар. Өзім бала күтіміне байланысты үйде отырмын. Күйеуім мамыр айынан кейін жалақы алған жоқ. Ол аздай-ақ тамыздың бірінен бастап, жүргізушілердің күн сайынғы жоспарын күрт көбейтіп жіберді. Қазір әр жүргізуші күнбе-күн кәсіпорынға 25 мың теңге тапсыруы тиіс. Жоспарды орындамаса, жұмыстан қуылады,-дейді күйеуінің жұмыс орнына келіп, наразылығын білдіргендердің бірі Жанар Бөгенбаева.

    Жанардың сөзіне қарағанда, жолдасы 2007 жылдан бері автобус жүргізеді. Алайда, әлі күнге дейін қолында еңбек келісімшарты жоқ. Еңбекке жарамсыздық қағазы үшін де ақы төленбейді. Жыл сайынғы демалысқа қол жеткізулері де қиын. Жанардың бұл сөзін жұбайлары еңбек етіп жүрген кәсіпорын ғимаратына наразылықтарын айта келген Роза Қаныбекова, Аягөз Қосжанова мен Бақыт Досниязовалар да құптады.

    Наразылық білдірушілердің жалпы саны он шақты адам. Айтуларынша, күйеулері кәсіпорындағы заңсыздықтар туралы айтуға қорқады.
    -Маусым айындағы баспасөз конференциясына қатысқаны үшін бір жүргізушіні жұмыстан шығарып жіберді. “Жоспарды орындамадың” деген сылтау айтқан.Ілік іздей бастаса, кім-кімнен де табылары анық. Барлығымыздың да басымызда несиеміз бар. Енді не істерімізді білмейміз,- Жанар Бөгенбаева.
    “Автопарк” ЖШС жұмысшыларға жалақының төленбеуін субсидияның тоқтатылуымен байланыстырады. Кәсіпорынның ресми өкілі Руслан Жылқамановтың айтуынша, жергілікті билік бұл жағдайдан хабардар.
    -Күн сайынғы түскен қаражат кәсіпорынның шығынын өтеуге әрең жетіп отыр. Автобустар тоқтап қалмауы үшін түскен қаржыны ең алдымен жанар-жағар май мен құрал–жабдықтарға жұмсаймыз.Бюджетте ақша бар. Өйткені, біз сияқты жолаушы тасымалымен айналысатын троллейбус паркіне субсидия беру тоқтатылған жоқ. Ал бізді қаржыландыруды тоқтатқандықтан жұмысшыларымызға жалақы төлей алмай отырмыз,-дейді Руслан Жылқаманов.
    Тамыз айы талапкерлер мен студенттердің көбейетін шағы.Сондықтан да әр жүргізушінің жоспарлы жүктемесі 25 мың теңге болып бекітілген. Яғни, автобус жүргізушілерінен жиналатын қаржы көбейтілген. Мұны кәсіпорынның ресми өкілі растап отыр. “Автопаркте” жоспар жолаушы санына байланысты жасалады,-деген Руслан Жылқаманов қазір кәсіпорын қаржылық дағдарысты бастан кешіріп отырғанын айтты. Жағдай жақын арада жақсармаса, жұмысшы саны қысқарып, жолақы қымбаттауы мүмкін.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Автопарк” жұмысшыларын ақысыз демалысқа жібере бастады
  • Автопаркте дағдарыс басталды
  • Көлік жүргізушісі “Автопарк ” ЖШС сотқа берді
  • “Автопарктің” кондукторлары аштық жарияламақ
  • “Автопарк”: Бар күш компаниядағы тұрақтылықты сақтап қалуға бағытталып жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге