Жаңақоныста жаңа мектеп пайдалануға берілді

    Жаңа оқу жылында Новый орта мектебі жаңа ғимаратқа көшті. Мектеп құрылысына республикалық бюджеттен 785 434,0 мың теңге бөлінген.

    Заманауи үлгідегі білім ордасы үш қабатты. Алыстан көз тартатын ғимарат 600 орынға лайықталған. Мектептің құрылысымен “Интеграл” ЖШС айналысты.
    1 қыркүйек – Білім күні жаңа мектепті тапсыру салтанатына қала әкімі Ерхан Омаров қатысты.

    Жаңа мектептің бірінші қабатында 200 орынға негізделген асханасы бар. Екінші қабаттағы спорт залы алты жүзден астам шаршы метрді алып жатыр. Ал үшінші қабат мәжіліс залы, информатика кабинеттерімен жабдықталған.

    Сонымен қатар, мектептің оқу-тәжірибелік аймағы да бар. Бұл - биологиялық, географиялық, жылыжай алаңдары мен лабораториялық-тәжірибелік жұмыстар өткізуге арналған аймақ.

    Осы уақытқа дейін ауылдың шетіндегі бұрынғы кеңшардың кеңсесінде оқып келген оқушылар үшін бұл жағымды жаңалық болды. 6 сыныпта оқитын Шолпан Кенженғұлова “Керек.info” тілшісімен қуанышын бөлісті.

    - Бүгін біз үшін ерекше күн. Бұрын бөлмелері тар, ескі мектепте оқыған едік. Қосымша үйірмелерге қатыса алмайтынбыз. Көптен бері жаңа мектеп салынса екен деп армандап жүрдік. Бүгін жалғыз менің ғана емес, барлық оқушылардың арманы орындалған күн. Демалыс кездері үй жақта ойнағанда құмға қиялдап мектеп макетін сызатынбыз. Екі қабатты болса деп армандайтынбыз. Біздің ойымыздан да асып, үш қабатты болғанына өте қуаныштымыз. Енді Новый орта мектебі үздік мектептер қатарынан көрінсе деймін,-дейді Шолпан Кенженғұлова.

    Ауа райының салқындығына қарамастан мектептің ашылу салтанатына ауыл тұрғындары түгел дерлік жиналды. Барлығының жүзінен қуаныш лебі байқалады. Солардың бірі - Сағынай Құсайынов. Зейнеткер ауылда аурухана, балабақша пайдаланылуға берілгенін айтып, енді міне өзекті проблема - мектеп мәселесі де шешілгеніне қуанып тұрды.
    Жаңа үлгідегі Новый орта мектебі 30 пилоттық мектеп жобасына кірген. Бұл туралы “Керек.info”| тілшісіне мектеп директоры Ақгүл Қисықова айтты. Тәжірбиелі ұстаздың сөзіне қарағанда, биыл жаңа мектептің 1 сыныбына 184 бала қабылданған.
    Айта кететін тағы бір жайт, ата-аналардың сұранысымен 1-9 орыс сыныптары да ашылды.
    Ақгүл Мырзабекқызының айтуынша, ескі мектепті Оқушылар сарайы етіп жасақтау жоспарланып отыр. Өйткені, Новый ауылының балалары үшін қаладағы үйірмелерге қатынау әсіресе, қыс кезінде қиындық тудырады. Ескі мектеп Оқушылар сарайына айналар болса, балалардың сабақтан соң өнер үйренуіне де мол мүмкіндік туған болар еді,-дейді директор. Ол үшін ұжым атынан қалалық әкімдікке ұсыныс тасталған.

    Жаңа мектептің ашылуымен Ақтөбемен іргелес бүтін бір елді мекеннің мәселесі шешілді. Қала басшылары осылайша Ақтөбедегі үш ауысымды мектептер мәселесін түбегейлі шешпекші. Осы мақсатта қазіргі таңда “Нұр Ақтөбе” ауданында 1200 орындық, Өрлеу селосында 270 орындық мектеп салынып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жаңа оқу жылы оқулықсыз басталды
  • Үйірмеге құжат қабылданып жатыр
  • Мақтаулы мектептер көрсеткіші нашар
  • Қарғалыда спорт мектебі ашылды
  • Облыста құлағалы тұрған 4 мектеп бар
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге