15/2/2018

    Көп балалы аналар салық төлеуден босатылады

    2018 жылдың қаңтарынан бастап салық кодексіне біраз өзгеріс енді. Тұрғындардың бақытына орай ма екен, біраз жеңілдіктер қарастырылыпты. Өзгерген салық кодексі туралы “Керек.info” газетінің тілшісі мән-жайға қанықты.

    8/2/2018

    Қазақ қыздары хиджап киген бе?

    Білім алушылардың мектеп формасын сақтауы туралы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы мектеп пен діндар ата-аналар арасында дау туғызды. Мамандар мұндай мәселенің туындауына қазақтың ұлттық киімдерінің жеткілікті дәрежеде насихатталмай отырғаны себеп болып отыр дейді. Сарапшылар хиджабтың саяси мәселенің біріне айналып кеткенін айтады. Оны шешудің жолы – ұлттық киімді қайта қалпына келтіру дейді.

    1/2/2018

    Ақтөбедегі «Аналар үйінің» тұрғыны баласынан бас тартуы мүмкін

    Ақтөбедегі "Аналар үйінің" тұрғыны баласынан бас тартып отыр. Қостанайдан келген келіншектің аяғы ауыр. Құжаттары жоқ. "Аналар үйінің" үйлестірушісі Таңсұлу Лакова әйелдің жағдайына алаңдайды. Ол "жақсылық жасаймын деп жаман талқыға түстім" деп отыр. Ол өзін әбігерге салған жаңа тұрғынға наразы.

    1/2/2018

    Басшылар “нашар” жұмысы үшін Сапарбаевтан сөз естіді

    Ақтөбелік жұмысшылардың жалақысы биыл 10 пайызға көтерілуі тиіс. Өңірдегі ауыл шаруашылығы техникаларының 89 пайызы ескірген. Аудандарда мәдениет саласының мамандары тапшы. Бұл жөнінде облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыс кезінде айтылды.

    1/2/2018

    "Ол бізді алдаған жоқ"

    Ақтөбеде сандық платформа дайындаған жігіт жарты жылдан бері қамауда отыр. "Unnnity CORPORATION" ЖШС-ның құрылтайшысы Қуаныш Жақсыбаевқа "қаржылық пирамида құрды және оған басшылық етті" деген айып тағылған. Қамауға алынған жас бастамашының босатылуын сұрап, президентке үндеу жазылды.

    1/2/2018

    Жетім балаларға пәтерлердің кілттері табыс етілді

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Алға ауданында жетім балаларға пәтер кілтін табыс етті. Жаңа қоныс иелері "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғызылған көппəтерлі тұрғын үйден жаңа пәтерлерге ие болды.

    25/1/2018

    Ақтөбеде “орамал дауына” қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті

    Ақтөбе қалалық сотында қала тұрғыны Қайрат Жармағанбеттің №10 мектеп басшылығына қарсы шағымы бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Белгілі болғандай, мектеп директоры Гүлайым Иманова мектептің ішкі жарғысы мен Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сүйеніп, шағымданушының жоғары сыныпта оқитын қыздарын сабаққа кіргізбей отыр.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге