26/4/2018

    Ақтөбелік әйел дәрігерлерді сотқа берді

    Ақтөбе қаласының тұрғыны Эльмира Кульманова 10 айлық баласының сал болып қалуына дәрігерлерді кінәлап отыр. Ол сау баласын мүгедек еткен медицина қызметкерлерінің үстінен сотқа шағым түсірді.

    26/4/2018

    Мектеп оқушысы жүрегі тоқтап қайтыс болды

    10 сәуір күні №38 мектептің 5 сынып оқушысы Дилназ Әбішова сабақ үстінде қайтыс болды. Анасы жедел жәрдемді 18 рет шақырып, келтіре алмағанын айтады. Ал Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

    26/4/2018

    “Халықтың алдында ұяттымыз!”

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбев Ақтөбені қоқыс полигонына айналдырған кінәлілерді атап, халықтан ұят болғанын айтты.

    26/4/2018

    Адам санасының құлдырауы сахналанды

    Облысымызда драма театрлар арасында өткізілген «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалінің басты мақсаты Тахауи Ахтановтың 95 жылдығымен қатар «Рухани жаңғыру» жобасы аясында бағыт алды.

    26/4/2018

    Экологиялық таза өнім шығаратын шаруа

    Жылыжайда өсірілген қияр мен қызанақтар тікелей Ақтөбе дүкендері мен базарларына жол тартады. Тұрғындарды экологиялық таза өніммен «Жаңақоныс» шаруа қожалығы қамтып отыр. Қазіргі таңда қияр пісуінің бірінші кезеңі жүріп жатыр. Өнімді өткізу үшін жаңа бағыттарды игеруге Өңірлік кәсіпкерлер палатасы көмектеспек.

    26/4/2018

    Жұмыссыз жастарға қайтарымсыз ақша беріледі

    Ақтөбе облысында кәсіп ашқысы келетін жастар 1 млн теңгеге дейін грант ала алады. Қайтарымсыз ақша жұмыс істемейтін, оқымайтын қыз-жігіттерге берілмек. Алайда бұл үшін арнайы конкурстық іріктеуден өту қажет.

    19/4/2018

    Ақтөбеде екпе алмаған балалар жұқпалы ауруға шалдығып жатыр

    Ақтөбе облысында 2600 балаға екпе жасалмаған. Дәрігерлер жұқпалы аурулардың жаппай көбеюіне алаңдап отыр. Сол себепті үй-үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр.

    19/4/2018

    Ақтөбеде Нокиндер әулетінің өкілі мемлекетке 400 мың теңге қарыз болып шықты

    «ANN CONSTRACTION» ЖШС-нің басшысы Әсет Нокин көлік салығын төлемеген. Ақтөбе қаласының әкімдігі өзінің ресми сайтында көлік салығынан жалтарып жүрген ақтөбеліктердің тізімін жариялады. Тізімнің 122-ші жолында ақтөбеліктерге таныс Нокин тегі тұр. Әкесінің аты — Патрис те өте әйгілі.

    19/4/2018

    Ақтөбеде шетелдің дәрігерлері бас қосады

    Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті «Үздіксіз медициналық-кәсіптік білім беруді интернационалдандыру», «Болашаққа көзқарас» тақырыбында халықаралық ғылыми-білім беру конференциясын өткізеді. Бұл туралы Қазақстанның ірі университетінің проректоры Талғар Абилов мәлімдеді.

    19/4/2018

    Ескі көпір халықтың үрейін ұшырып отыр

    Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қарабұтақ ауылы маңында жөнделгенімен тұрғындардың үрейін ұшырып отырған көпір бар. Ауыл мен аудан орталығына қатынау үшін жергілікті халық тәуекелге барып жүр.



kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған
^ Үстіге