2/11/2017

    Ақтөбеде шашсыз қалған оқушылар мектепке орамалсыз баратын болды

    Ақтөбеде орамалын шешпей жүрген мектеп оқушыларының шаштары биттеп кеткен. Сондықтан олар бастарын тақырлатып алып тастауға мәжбүр болыпты. Осыған дейін мектептің талабына бағынбай келген 4 қыздың әкесі енді балаларының сабаққа орамалсыз келетіндігін айтты.

    2/11/2017

    Биыл Ақтөбеде 22 әйел суицид жасаған

    Жыл санап өз-өзін ажалға қиятындар саны артып келеді. Тек биылдың өзінде 22 әйел өз жанын өзі алып, о дүниеге аттанып кетіпті. Яғни 22 отбасы анасыз, 22 ана баласыз, 22 болашақ ана жоғалды деген сөз. Бұл ресми орынның берген адам шошырлық мәліметі. Өкінішке орай, еліміз ересектердің өз-өзіне қол жұмсау статистикасы бойынша алғашқы ондықтың ішіне кіріп отыр екен. Ал балалар мен жасөспірімдер бойынша бестік ішінде. Бұл жөнінде "Bilim foundation" қоғамдық қорының басқарушы директоры Алмас Нұрбақытов мәлімдеді. “Керек.info” газетінің тілшісі жиілеп кеткен суицидтің қандай себептерден туындайтынын зерттеп көрді.

    2/11/2017

    Қош бол, бензин!

    Қазақша "понттың" дәурені өтті. Есін жиғандар енді газға ауысып жатыр. “Бензин тапшы, баға қымбат”. Қазіргі ел аузындағы төрт сөз. Қымбатшылық миллиондаған теңгенің көлігін мінгендерге де ауыр тиіп жатыр.

    26/10/2017

    Елбасы тапсырмасы орындалуда

    Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы “Қоғамдық кеңестер туралы” Заң қабылдады. Осы Заң аясында Ақтөбе қаласында былтыр Қоғамдық кеңес құрылды. Кеңестің мүшелері мен төрағасы қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысында бекітілді. Ақтөбе қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Береке-Даму» әлуеметтік экономикалық даму қорының директоры Алма Қантбаеваға ММ «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» Қоғамдық мониторинг пен жергілікті өзін –өзі басқаруды жүргізу тетіктерін түсіндіруге бағытталған семинар- тренингтер өткізу жобасы тапсырылды.

    26/10/2017

    Ақтөбеліктер жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алады

    Келер жылдан бастап ақтөбеліктерге атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәртіппен беріледі. Бұл жөнінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Ақсұлу Жұбаназарова айтты.

    26/10/2017

    Ақтөбеде мұнай ұрлығы тиылмай тұр

    Ақтөбеде мұнай ұрлығы мен оны заңсыз сатуға қатысты 17 қылмыстық іс тергелуде. Бұл қылмысқа осы саланың қызметкерлері мен күзетшілердің қатысы бар. Газ бөлуде де ашықтық жоқ. Соның нәтижесінде былтыр сұйытылған газдың 80 пайызы екі көтерме сатып алу компаниясына беріліпті.

    26/10/2017

    Ақтөбелік студенттер арасында қылмыс саны артты

    Ақтөбеде жыл сайын он мыңнан астам жас маман диплом алады. Бірақ, олардың барлығы бірдей өз мамандықтары бо-йынша қызметке тұрып кетпейді. Ақтөбедегі әр оқу орнынан жыл сайын 200-ге жуық маман жұмысқа қабілетсіз боп қалады екен.

    26/10/2017

    Ақтөбеліктер коммуналдық қызметті бір түбіртекпен төлейтін болады

    Ақтөбе тұрғындары енді бірыңғай түбіртек бойынша коммуналдық қызметтерді төлейтін болады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты мәлімдеді.

    26/10/2017

    Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өтті

    Ақтөбеде Қазақстандағы алғашқы «Халықтық кеңсе» ашылды. “Халықтық кеңсе” халыққа 600-ден аса қызмет көрсетеді.



kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған
^ Үстіге