7/6/2018

    Димаш Құдайберген шетелдік фанаттарымен кездесті

    Ақтөбеге Димаштың шетелдік фанклубтары келді. «Бақытты бала» жобасы аясында әлемнің әр түкпірінен фантоп жетекшілері Ақтөбеге келіп, өнер иесінің отбасымен кездесті.

    7/6/2018

    Мемлекеттік рәміздер күні тойланды

    4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. Мереке Тұңғыш Президент атындағы Орталық саябақта атап өтілді. Мемлекеттік қызметке қабылданған жас мамандар ел алдында ант қабылдады.

    7/6/2018

    Ақтөбеде өткен шеруге 43 мыңға жуық адам қатысты

    Ақтөбе облысында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ауқымды іс-шаралар өткізілді. Ақтөбе облысында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған балалар мен жасөспірімдердің орындау шығармашылығын қолдау және дамыту мақсатында рухани, адамгершілік, эстетикалық тәрбие факторы ретінде балалар мен жастардың музыкалық оркестрі және ансамблінің шеруі өтті.

    7/6/2018

    Қобданың мақтанышы

    Өткен сенбіде Қобда ауданының орталығында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. ДШСК-нің ашылу салтанатына ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

    31/5/2018

    Қара суыққа қарамастан ақтөбеліктер марафонға шықты

    Ақтөбеде қаланың 149 жылдық мерейтойына арналған жеңіл атлетикадан жыл сайынғы «CNPC-Aktobe Marathon» жартылай марафоны өтті. Апта бойы 30 градус ыстықтан көз ашпаған қаланың ауа-райы аяқ астынан бұзылып, күрт суып кетсе де, ақтөбеліктерге бұл кедергі бола қойған жоқ. Таңғы салқынмен жылы киініп орталық даңғылға шыққан тұрғындардың арасында жастар да, ересектер мен егде жастағы адамдар да кездесті.

    31/5/2018

    Аймақтық фестивальде оралдықтар жеңіске жетті

    Ақтөбеде алғаш рет қала күнінің 149 жылдығына «Құтты мекен-Ақтөбе» атты вокалды аспаптық ансамбльдердің 1-ші аймақтық фестивалі өтті.

    31/5/2018

    Мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

    Ақтөбеде мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Жұбановтар әлемі» мәдениет орталығында «Бәрі сіздер үшін...» атты салтанатты шара өтті. Кәсіби мерекеге орай өнер саласының 8 қызметкері облыс әкімінің 100 мың теңгелік сертификатын иеленді.

    31/5/2018

    Ақтөбелік қария туристік фирмадан зардап шекті

    Бірнеше жылдар жаз маусымында Турция еліне баруды әдетке айналдырған Әділгерей Төлеубайұлы «Сити-тур» туристік агенттігінен жолдама алып отырған. Өз қаражатына сатып алатын жолдаманың құны жыл сайын өскен. Шығынға батқан қария артылған қаражатын қайтарып алғысы келгенімен қалалық соттан жеңіліс тапты. Қарияның арыз-шағымы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан осы уақытқа дейін жауап ала алмаған.

    31/5/2018

    Кәсіби даярлаудан өткен 33 түлек куәлік алды

    Ақтөбеде кәсіпорын жанынан ашылған оқу орталығын 33 түлек бітіріп шықты. Бүгінде «Азайа» тігін шеберханасы жанынан ашылған оқу орталығында кәсіби қайта даярлаудан өткен түлектерге куәлік тапсырылды. Олар оқу базасынан қазіргі таңда сұранысқа ие «тігінші», «пішуші» мамандығын игерген.

    24/5/2018

    Ақтөбеде Орынбор облысының күндері өтті

    Ақтөбе қаласында Орынбор облысының күндері аталып өтті. Қоғамдық-саяси маңызы бар шара Қазақстан мен Ресейдің екі облысы аралығындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыра түспек.



kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған
^ Үстіге