3/5/2018

    Ақтөбеде жоғалған азамат бір жылға жуық құлдықта болғанын айтты

    Ақтөбе қаласының тұрғыны Жанкелді Мыржақыпов шаруа қожалығында «еркінен тыс жұмыс істеген». Бір жылға жуық құлдықта болған ол өзін ұрып-соғып, қабырғасын сындырғанын айтады. Алайда бұл айыптауды кәсіпкер жоққа шығарып отыр.

    3/5/2018

    “Өлеміз” деп жылайды...

    “Керек.info” газетінің редакциясына хабарласқан келіншек аты-жөнін көрсетпеуді өтінді. Қ. А. – Ақтөбе қаласының тұрғыны. Бұрын жеке кәсібіне байланысты бірнеше рет онлайн несие алып, соңғысын денсаулығына байланысты төлей алмайды. Барлығы осыдан басталған. Оның бастамасымен ашылған ватцап желісіндегі 300 адамнан тұратын топқа өзі сияқты онлайн несие алып, төлей алмай, басар тауы, барар жері қалмаған қарыз алушылар жиналған. Олардың барлығы онлайн несие рәсімдеп, өте жоғары пайызынан қарыздары бірнеше есеге өсіп кеткендер.

    3/5/2018

    Он мың ақтөбелік шеруге шықты

    Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған салтанатты шеруге 10 мыңнан астам ақтөбелік қатысты. Ақтөбе облысы Қазақстан халқының бірлігі күнін кеңінен атап өтті. Мерекелік іс-шаралар таңертеңмен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, еңбек ұжымдары мен оқу орындары, облыстың және қаланың құрметті азаматтарының, партиялардың, қоғамдық бірлестік өкілдерінің «Бірлігіміз жарасқан» салтанатты шеруімен басталды.

    26/4/2018

    Ақтөбелік әйел дәрігерлерді сотқа берді

    Ақтөбе қаласының тұрғыны Эльмира Кульманова 10 айлық баласының сал болып қалуына дәрігерлерді кінәлап отыр. Ол сау баласын мүгедек еткен медицина қызметкерлерінің үстінен сотқа шағым түсірді.

    26/4/2018

    Мектеп оқушысы жүрегі тоқтап қайтыс болды

    10 сәуір күні №38 мектептің 5 сынып оқушысы Дилназ Әбішова сабақ үстінде қайтыс болды. Анасы жедел жәрдемді 18 рет шақырып, келтіре алмағанын айтады. Ал Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

    26/4/2018

    “Халықтың алдында ұяттымыз!”

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбев Ақтөбені қоқыс полигонына айналдырған кінәлілерді атап, халықтан ұят болғанын айтты.

    26/4/2018

    Адам санасының құлдырауы сахналанды

    Облысымызда драма театрлар арасында өткізілген «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалінің басты мақсаты Тахауи Ахтановтың 95 жылдығымен қатар «Рухани жаңғыру» жобасы аясында бағыт алды.

    26/4/2018

    Экологиялық таза өнім шығаратын шаруа

    Жылыжайда өсірілген қияр мен қызанақтар тікелей Ақтөбе дүкендері мен базарларына жол тартады. Тұрғындарды экологиялық таза өніммен «Жаңақоныс» шаруа қожалығы қамтып отыр. Қазіргі таңда қияр пісуінің бірінші кезеңі жүріп жатыр. Өнімді өткізу үшін жаңа бағыттарды игеруге Өңірлік кәсіпкерлер палатасы көмектеспек.

    26/4/2018

    Жұмыссыз жастарға қайтарымсыз ақша беріледі

    Ақтөбе облысында кәсіп ашқысы келетін жастар 1 млн теңгеге дейін грант ала алады. Қайтарымсыз ақша жұмыс істемейтін, оқымайтын қыз-жігіттерге берілмек. Алайда бұл үшін арнайы конкурстық іріктеуден өту қажет.

    19/4/2018

    Ақтөбеде екпе алмаған балалар жұқпалы ауруға шалдығып жатыр

    Ақтөбе облысында 2600 балаға екпе жасалмаған. Дәрігерлер жұқпалы аурулардың жаппай көбеюіне алаңдап отыр. Сол себепті үй-үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр.



kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған
^ Үстіге