Үздік ұстаздар марапатталды

    Үздік ұстаздар марапатталды

    3 қазан күні Ақтөбеде “Жырлаймын, ұстаз, өзіңді!” атты салтанатты шара өтті. Тахауи Ахтанов атындағы драма театрында өткен мерекелік жиынға ардагер ұстаздар мен өз саласының үздіктері шақырылды.

    Кәсіби мерекелері қарсаңында 20 мұғалімге құрмет грамотасы мен ақшалай сый табысталды. Сондай-ақ, 10 мұғалімге “Көктем” шипа-
    жайына жолдама берілді. Сыйлықтарын қала басшысы Ерхан Омаровтың қолынан алған мұғалімдердің бірі - Елена
    Тастанова. Елена Ақтөбедегі №51 гимназия мектебінің музыка пәнінің мұғалімі.

    - Алматыдағы ұстазым Абдульхамит Райымбергеновтің бағдарламасы бойынша жұмыс істейміз. Ол бағдарламада 30 оқушыдан тұратын класта домбыра тартуды нотамен емес, нүкте, сан арқылы үйретеді. Біздің “Мұрагер” атты ансамбліміз бар. Мектеп пен ата-аналар қолдауы арқасында шетелге шығып, әлемге ұлттық музыкалық өнерімізді танытып жүрміз. Былтыр жоғары топпен Италиядағы фестивальға барып қайттық. Түркияда екі рет болдық. Ал ансамбльдың кіші тобы Қазақстан бойынша конкурстарға қатысып жүр,-дейді үздік ұстаз.

    -Менің еңбегім өз шәкірттерімнің жұмысы, әрбір ісі, жемісі арқылы көрініп жатыр, сондықтан қалалық білім басқармасының атынан сый-сияпатқа бөлендім,-дейді №32 мектеп-гимназия директорының орынбасары Гүлшара Мусина.
    Гүлшара Құралқызының педагогика саласына келгеніне 22 жыл болған. Еңбек жолын Шалқар қаласындағы №1 қазақ орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған ол мұғалімдікті әлемдегі ең абыройлы мамандық деп санайды.
    Ербол Түбір,запастағы майор, №6 орта мектептегі АӘД пәнінің мұғалімі:
    - Биыл мектепте жұмыс істегеніме 30 жыл болды. Мен еңбек жолымды Бағанин ауданы Қопа орта мектебінде бастадым. Одан кейін Қарғалы қазақ орта мектебінде 7 жыл жұмыс істедім. Қазір 11 жыл бойы қаладағы үлкен мектептердің бірі – қарашаңырақ Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінде АӘД пәнінен сабақ беремін. Мұғалім – бұл қызығы мен қиыны мол мамандық. Осындай мерекелерде өз еңбегіңнің жемісін көресің. Сондай кезде қиындықтың бәрі ұмытылып, балаларды тәрбиелеуге деген ынта-жігер одан сайын артады. Балаларды Отан қорғау жолында жақсы жетістіктерге жеткізіп, шәкірттердің жарыстарда орын алып жатқаны – мұғалім үшін бұдан артық арман жоқ.
    Мерекеге орай әріптестерін құттықтаған Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева ұстазға қажетті ең басты екі қасиет деп білімділік пен төзімділікті атады. Ал қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиеваның айтуынша, мұғалімдер күніне арналған мерекелік шаралар жыл сайын ауқымды түрде өткізіледі. Жылдағыдай мұғалімдер мерекесіне қалалық білім бөлімі ғана емес, сонымен бірге мәдениет бөлімі де өз үлесін қосқан. Яғни, жергілікті әншілер, би ансамбльдері мен музыканттар өз өнерлерін көрсетіп, ұстаздардың қошеметіне ие болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Облыс әкімі ұстаздарды құттықтады
  • ҚАРТТАРҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ
  • БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ЭКС-БАСШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ
  • Мақтаулы мектептер көрсеткіші нашар
  • Мұғалім мектеп шеберханасында асылып қалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге