Жастар жемқорлыққа қарсы

    Жастар жемқорлыққа қарсы

    Қазанның 27 күні Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар коллледжінде жастар үшін пайдалы жиын өтті. Шараның барысында студенттерге “100 нақты қадам – Ұлттық жоспарының” жүзеге асырылуы, жемқорлықтың, құқық бұзушылықтың, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу әрекеттері туралы толық мағлұмат берілді.

    “Жемқорлық дегеніміз не?” Бұл кездесу барысында студенттерге қойылған басты сауал болды. Оған біреулері “пара алу”, енді бірі “бөлінген ақшаны жеп қою” деп жауап беріп жатты. Осыдан-ақ студенттерде жемқорлық туралы қандай да болсын түсінік бар екені белгілі болды.
    -Сіздер алып жатқан білімдеріңіздің сапасы мемлекет экономикасының өсуіне тікелей байланысты. Білім саласына келгенде жемқорлыққа түбегейлі батпай, сапалы білім алуға тырысыңыздар.Өйткені, келешекте темір жол жұмыстары, ондағы адамдардың өмір қауіпсіздігі тікелей сіздерге байланысты болады,–деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент консультанты Жәнібек Ормаханов.

    Содан кейін студенттерге жемқорлыққа қарсы бағытталған стратегия туралы мәлімет берілді.
    - Жемқорлыққа қарсы жалғыз ғана мемлекет емес, сонымен бірге қоғам мүшелері де белсенді қызмет атқаруы тиіс. Яғни, мемлекеттік органдар бар деп құр сеніп отырмау керек. Біздің департамент тарапынан көп жұмыс жүргізіліп жатыр. Дегенмен қоғам мүшесі ретінде жастар ат салыспаса, жемқорлықты жеңу оңайға соқпас,–деп ол жастарды белсенді болуға шақырды.

    Жиын барысында “Жасыл ел”, “Серпін”, “Дипломмен ауылға”, “Жастар тәжірибесі” бағдарлама-лары туралы мағлұмат берілді.
    - “Жасыл ел” бағдарламасының мақсаты – жазғы уақытта жастардың жұмыссыздық мәселесін шешу. Ол тек студенттерді ғана емес, ауыл-аудандардағы жұмыссыз жастарды да қамтып отыр. Ал “Дипломмен ауылға” бағдарламасының негізгі мақсаты – ауылдағы жұмыссыздық мәселесін шешу. Сіздер оқу бітіріп, жұмысқа орналасайын деп жатқанда алдымен диплом мен жұмыс өтілін сұрайды. Мұндайда “Жас-тар тәжірибесі” деген бағдарлама көмекке келеді. Сіз жұмыспен қамту орталығына барасыз. Ондағылар сізді 6 айлық жұмыс тәжірибесіне жібереді,–деп облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ізбасаров Данияр түсіндірді.

    Биханым Онанова, 1 курс студенті:
    Осы жиынның арқасында мемлекеттік қызметтер, құқық қорғау органдары, жемқорлыққа қарсы шаралар туралы көп мағлұмат алдық. Мысалы, Ақтөбедегі сенім телефондарын білмейтін едік. Енді білетін боламыз. Сонымен қатар бұған дейін “Дипломмен ауылға”, “Серпін” бағдарламасы туралы да толық білмейтін едік.

    Райымбек Тынышбай, 2 курс студенті:
    - Жалпы жемқорлық туралы бұрыннан естіп жүрміз. Мектеп кезінде де әр түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрды. Теледидардан сол жемқор адамдарды көпшілікке көрсетіп, аттарын атамаса да қандай органда жұмыс істейтіндігін көрсету керек деп ойлаймын. Достарымның айтуынша, басқа оқу орындарда жемқорлық фактілері кездескен.
    Соңғы жылдары мектепке дейінгі, орта мектеп, арнайы және жоғары оқу орындарда жемқорлыққа қарсы арнайы пәндер енгізілген. Сонымен қатар жоғары оқу орындарында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері” тақырыбы дипломдық жұмыстар тізіміне қосылған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сара Нұрқатова: Ұлым лауазымды қызметке адал еңбегімен келді
  • “Нұр Отан” Сара Нұрқатоваға қызметінен кетуді ұсынды
  • 100 НАҚТЫ ҚАДАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР
  • Білім саласын жемқорлық жайлап барады
  • Білім саласын жемқорлық жайлап барады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге