Жаңа әкім – жаңа міндет

    Жаңа әкім – жаңа міндет

    Ақтөбе – мұнайлы өңір. Сондықтан облыс тұрғындарының тұрмысы да, жалақысы да Қазақстанның өзге өңірлерімен салыстырғанда анағұрлым жақсы болуы тиіс! 27 қазан күні қала активінің алдында сөйлеген сөзінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді.

    Өңірдің экономикасы әрбір кәсіпорынның жетістігімен тікелей байланысты. Бердібек Сапарбаев қала активіне осыны қадап айтты. Сөзінің сыңайына қарағанда, әкімді өңірдің экономикалық ахуалы қанағаттандырмайды.
    -Ақтөбе – мұнайлы өңір. Сондықтан облыс тұрғындарының тұрмысы да, жалақысы да Қазақстанның өзге өңірлерімен салыстырғанда анағұрлым жақсы болуы тиіс,-дейді ол. Сонымен қатар ол дағдарысты сылтауратып, жұмыс орындарын қысқартпауды да тапсырды.

    -Бұл Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басты тапсырмасы. Жұмыс орындарын сақтауымыз қажет. Кем дегенде жалақының 50 пайызын сақтау керек. Жуырда “Ұлы Қабырға” мекемесінде қысқарту болған. Жұмыстан шығып қалған 2000 адам қайда барады? Олар да адам. Олар да тамақ ішкісі келеді. Біз мәселенің мән-жайын әлі де анықтайтын боламыз. Мейлі шетелдік болсын, мейлі қазақстандық компания болсын бәрі бірдей. Бәрі қазақстандық заңнаманың талаптарын сақтауы тиіс.

    Ақтөбеде балаларға арналған спорт алаңдары жоқ. Аулалар автотұраққа айналып кеткен. Облыс басшысы бұл мәселелерді де сынға алды. Және қаланың жаңа басшысына әлеуметтік маңызы бар
    33 тауардың бағасын назарда ұстауды тапсырды. Әкімнің айтуынша, Қазақстанда жылдың соңына дейін дәрі-дәрмек бағасы қымбаттамауы керек. Өйткені, девальвацияға дейін сатып алынған қор бар. Арнайы комиссиялар жасақталып, бақылаушы органдар жұмыстарын жандандырар болса, бағаны бақылап отыруға әбден болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бекбол Сағын Ақтөбенің әкімі болып тағайындалды
  • Ақтөбеде әлі күнге дейін қамыстан тұрғызылған мектептер бар
  • Бердібек САПАРБАЕВ: Дағдарысты сылтау қылмаңдар!
  • Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласымен танысты
  • БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге