Владимир Авраменко: Өмірде екі зат қана маңызды – денсаулық пен ар-ұят

    Ол медицинада 10 жыл жүріп, КСРО денсаулық сақтау саласының үздігі атанды. Қазір ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі. “Шапағат” медалінің иегері. Ақтөбе облысының құрметті азаматы. Бірақ оның тұрмысы тым қарапайым. Ол “мейірімсіз адам дәрігер бола алмайды” деп санайды. Оның бұл салаға келгеніне 36 жыл болған. Ол – Владимир Авраменко.

    Гинекологияға қалай келдіңіз?
    Бұл бір қызық оқиға. Жұртқа ерекше сүйсініп айтамын. 1967 жылы мектепті бітірдім. Мединституттың үлкен байқауынан өте алмай қалдым. Содан РФ Пермь облысының медицина училищесіне түстім. Ол Совет одағының кезі. Қай жердің оқуына түссең де бәрібір болатын. Пермь қаласына репрессияға ұшыраған халықтар тығыз қоныстанған еді. Сондай халықтардың бірі - 1953 жылы үкіметтің қаһарына іліккен еврейлер болды. Солар бізге дәріс оқыды. Медучилищеде қарапайым мұғалімдер емес, нағыз профессорлар сабақ берді. Шетінен мықты болатын. Мен әлі күнге дейін өзімнің оқытушымның есімін білемін.
    Эльвира Давыденко – акушер-гинеколог, медицина ғылымдарының докторы, перзентхана үйінің меңгерушісі еді. Мені акушерлікке баулыған сол кісі.
    Қазіргі жүйемен салыстырғанда сол кезеңнің білім беру жүйесі мүлдем басқа. Біздер жанымызды салып оқитынбыз. Босануға қатысып, ота жасағанда хирургке көмектестік. Яғни, тәжірибеге көп көңіл бөлінді. Медучилищедегі оқу маған қатты ұнады. Содан кейін әскерге кеттім. Екі жыл Шұбаркөлде әскери міндетімді атқарып, Ақтөбеге оралдым. Медучилищенің фельдшер мамандығы бойынша қызыл дипломымен 1979 жылы мединститутқа түстім. Үйленіп те үлгердім. Осылай 7 жыл бойы оқи жүріп, жұмыс істедім. Мединститутты қызыл дипломмен бітірдім. Тек сот медицинасы бойынша жалғыз ғана төртім болды. Мен үшін институтта білім алу аса қиын болған жоқ. Өйткені, өз мамандығымды о бастан қатты ұнаттым.

    Акушерлік – жауапкершілігі мол жұмыс. Тек ананың емес, баланың да өмірі сізге тәуелді. Бұл жұмыс физиологиялық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да ауыр болар?
    Акушерлікте 5 минут бәрін шешеді. Бізде көп уақыт жоқ.
    5 минуттың ішінде әйел қан жоғалтып, ағзада кері процестер басталуы мүмкін. Бұл жерде табанды, бірақ көкірек емес, батыл болу қажет. Маман өзіне сенімді болғаны жөн.
    Маған әр жылдары әртүрлі мансаптарды ұсынған. Қаласам, баяғыда-ақ бас дәрігер болып кете алатын едім. Бірақ менің жаным қағазбастылыққа жақын емес. Қазір жасым 65-те, зейнеткермін. Құдай маған денсаулық беріп тұрғанда, неге жұмыс істемеуім керек? Кабинетте отырғанша, бір науқасқа шарапатым тисін де.
    Дәрігер болып 36 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Соның тең жартысы ұйқысыз түндермен өтті. 1974 жылы тұңғыш балам дүниеге келді. Содан бері жұмысқа шығып, оқуды қатар алып жүріп, жедел жәрдемде 10-12 кезекшілік атқардым. “Біздер сені мүлдем көрмей өстік”,-дейді балаларым. Мен де адаммын, мен де айқайлаймын, ұйқысыз түндер шаршатты деп кіжінемін. Бірақ ана мен нәрестенің жүзін көргенде бәрін ұмытамын. Жаңадан дүниеге келген балаға қарап қуанасың. Олар кішкентай болғанымен бәрін сезеді. Бала ананың жатырында жатқанның өзінде бәрін сезеді. Психологиялық, саналық тұрғыдан болсын, баламен ана жатырында жатқанда айналысуы керек. Егер отбасында жайсыздық орнаса, бала соның бәрін қабылдайды. Содан ауру бала дүниеге келуі мүмкін.
    Санап қарасам, тек биыл 1050 әйелді босандырған екенмін. Бұл көп пе, әлде аз ба? Ол жағын білмеймін. Білетінім – өмірімде мән мен мағына бар. Жұрт мені аса дәулетті адам деп есептейді екен. Бірақ олай емес. Өте қарапайым адаммын. Қарапайым пәтерде тұрамын. Курстастарым баяғыда миллионер болып кеткен. Ал меніңше, байлық деген ақша емес. Балаларым бар. Бәрі шетінен білімді. Өмірден өз орындарын тапты. Солармен мақтанамын. Өмірде екі зат қана маңызды – денсаулық пен ар-ұят. Осы екеуін ешбір миллионға сатып ала алмайсыз. Қызметті, мансапты, машинаны және тағы да басқаны ақшаға сатып аларсыз, ал денсаулық пен ар-ұятты салып алу мүмкін емес.

    Кешіріңіз... Сіздің тәжірбиеңізде сәтсіз ота-лар болды ма?
    Болды... Медицинада ондай жайттар жиі кездеседі. Сәтсіз ота жасатқан әйелдердің фамилияларын жатқа білемін. Біздің мамандықта ешқандай асқынуды болдыртпай жұмыс істеу мүмкін емес. Бірақ немқұрайлылық пен селқостық болмауы қажет. Егер дәрігер ешқандай асқынусыз ота жасаттым десе, онда ол мүлдем жұмыс істемеген.
    Бір жолы ауру бала дүниеге келгенде, мен оның анасына “Өмір бойы азап шегіп, мені кінәлағанша, баланың өлгені артық”,-деп ашық айттым. Біздің кәсіпте бәрі де кездеседі. Сосын жұмыстың бәрі тек маған емес, бүкіл ұжымға байланыс-ты. Мен жалғыз өзім ештеңе істей алмаймын. Сені түсінетін команда қажет. Қасымдағы қыздардың
    80 пайызымен 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатырмын. Олар менің қас-қабағыма қарап, айтпай-ақ бәрін түсінеді. Егер де мен артық айтып қалып жатсам да, түсіністікпен қарайды. Адам аса ауыр халде жатса, оның қасында тек жүру емес, жүгіру қажет. Қандай да ұлы хирург болсаң да, сен жалғыз өзің ештеңе де істей алмайсың. Біз үлкен механизм секілдіміз. Егер бір бөлшегі істен шықса, бұзылып, тұрып қаламыз. Тіпті санитарканың өзіне не баланың, не ананың өмірі тәуелді болуы мүмкін.

    Дегенмен сізді мақтап, алғысын білдіріп жатқандарды жиі байқаймыз...
    Жиі емес... Біз де адамбыз. Үйімізде қандай да болсын нюанс-тар боп жатады. Денсаулығымыз да әлсірейді. Көңіл-күйіміз де нашар болуы мүмкін. Жүкті әйелдің денсаулығында да түрлі асқынулар болады. Бірақ ең бастысы – қолыңнан не келетінін мойындап, науқасқа шындықты айту керек. Тезірек оңалып кетуі үшін оған жанашырлық білдіріп, көмектескен жөн. “Мен кінәлі емеспін” деп науқасты ысырып тастау қазір жиі кездеседі. Мәселе кімнің кінәлі екендігінде емес. Оны бір Құдай ғана шешеді. Дәрменсіз минуттардың өзінде науқасқа жылы сөйлеп, онымен қалжыңдасуға болады. Әйелдерге тіл табысып, сырласқан қатты ұнайды. Олардың өз күйеулеріне айта алмағандарын маған айтатын кездері көп.

    Жаңа аурухана ашылғанда сізге орын табылмаған. Содан өз еркіңізбен жұмыстан шығып кетті деп естідік. Енді қайтадан өз орныңызға оралыпсыз...
    Иә, бұрынғы аурухана ескі еді. Мынау жаңасы. Мемлекет тарапынан бәрі дұрыс жасалды. Дегенмен аурухана ашылып жатқанда “Сіз дұрыс істеген жоқсыз. Ескі аурухананың командасын жаңа ауруханаға толығымен көшіру керек”,-деп денсаулық сақтау бөлімінің бастығына айттым. Өйткені, команданы құру өте қиын. Оны құру үшін көп жылдар кетеді. Мұнымен Қалиев келісіп, бұйрыққа да қол қойды. Бірақ менің қызметім бұл жерде бос емес екен. “Олай болса, сау болыңдар” деп жеке клиникаға кетіп қалдым. Сөйтіп, 5 ай бойы жеке құрылымда жұмыс істедім. Бірақ адамдар маған келіп, кеңес алып жатты. Жаңа аурухананың жұмысы оңалмаса керек. Ондағылар менен кешірім сұрап, қайтадан шақырды. Содан өз қызметіме оралдым.

    Қазақстанда, соның ішінде Ақтөбе облысында акушерлік қаншалықты жақсы дамыған? Әлде проблемалар бар ма?
    Кез келген саланың өз проблемасы болады. Мемлекет аппаратура сатып алуға, мамандардың білім деңгейін көтеруге жеткілікті қаражат бөліп жатыр. Бірақ кадр мәселесі шешілмей тұр. Ақтөбеде кадр аз емес. Бірақ сапасыз. Кадр даярлау мәселесіне көңілім толмайды.
    Дәрігерлік - аса мәртебелі мамандық. Бірақ саған көп ақша бере алмайды. Сен не көп ақшаны, не адамдарға қызмет етуді таңдайсың. Мен үнемі бір мысал келтіре беремін. Балам 1991 жылы мектепті бітірді. Яғни, мамандық таңдау сәті келді. Ол кезде Ақтөбеде тек екі-ақ оқу орны болды. Не мединститут, не пединститут. Совет Одағы құлдырап жатқанда, басқа қалаға оқуға жіберу өте қауіпті еді. Мен оны 10 класынан дәрігерлікке бағыттап көрдім. Үйірмеге де жазылды. Алғашында ұнаған сияқты болып көрінген. Бір күні үйге келсем, балам шалқасынан түсіп жатыр. "Ертең саған емтихан болады ғой. Дайындалмайсың ба?",-деп сұрадым одан. Сонда ол: “Әке, ренжіме. Бірақ мен жаман дәрігер болғым келмейді. Өзімді басқа кәсіптен табамын”,-деп айтты. Шынымен де тапты. Қазір ол өте керемет механик. Жеке ісі бар. Жұмысын сүйіспеншілікпен істейді. Егер мен өзге мамандыққа мәжбүрлегенде, ол да, мен де қиналып жүретін едік.
    Біздің денсаулық сақтау саласында кадрдан бөлек тағы бір проблема бар. Шетелде сақтандыру полисімен емделетінін өзіңіз де білесіз. Егер адамның дерті өз денсаулығына салғырт қарағаннан пайда болды деп анықталса, онда науқас өз есебіне емделеді. Ал бізде адамдар денсаулығына қалай болса, солай қарап, үйреніп қалған. Сөйте тұра сау бала дүниеге әкелгілері келеді. Денсаулық сақтау жүйесіндегі жауапкершілік дәрігер мен пациентте бірдей деңгейде болуы керек.

    Сізге адамдар қандай проблемамен жиі келеді?
    Жүктілікке дейін пайда болған аурулармен жиі келеді. Егер әйел сау болса, онда ол сау баланы дүниеге әкеледі. Ал бізде әдетте “дәрігер жүктілікті сақтай алған жоқ” деп наразы боп жатады. Жүктілікті сақтауға болмайды. Бәрі табиғи жолмен өтуі керек. Түсік болса, бола берсін. Өйткені, бұл – ауру тұқым. Табиғатта ақпараттың бәрі бар. Ол қажет емес материалды лақтырып тастайды. Егер адам сау болса, ол жүкті бола отырып, дене еңбегімен де айналыса алады. Еден де жуа алады, балаларға да қарай алады. Егер сау ағза болса, онда ешқандай түсік те болмайтын еді. Әйел мұның алдында әр түрлі сырқаттармен ауырған болса, асқыну да болады. Оған жүрек-қан тамырлары, бүйрек және тағы да басқа аурулар жатады. Бірақ ең басты кесапат бұл – инфекция. Қазір жастар жыныстық қатынасқа тым ерте түседі. Біздер үйленген кезде, сүйісуден басқа ештеңені білмейтін едік. Мен гинеколог болып қаншама жылдар істеп келе жатырмын. Бірақ қыздығы сақталған бойжеткенді соңғы рет қашан көргенімді ұмытып қалдым.

    Өмірде бәріне қол жеткіздіңіз деп ойлайсыз ба, әлде орындалмаған армандарыңыз бар ма?
    Отбасы, балалар, олардың аяққа тұрып, өмірде орын тапқаны – адам үшін басты құндылық. Соған жеттім. Қуанамын. Мағыналы өмір сүрдім бе деп жиі ойланамын. Ол жағын білмеймін. Өз бойымда жағымсыз қасиеттер де жоқ емес. Адам өмір сүріп, қателеспедім деп те айта алмайды.
    Бір жолы мен кішкентай қызыммен дүкен аралап жүргенде, сатушы менен ақша алмаған еді. Сол кезде “Әке, сенен неге ақша алған жоқ?”,-деп сұрады. Мен оған: “Құрметтегесін алмады”,-деп жауап бердім. Бір білетінім, сені адамдар қадірлейтіндей етіп өмір сүрген жөн. Науқасты аман-сау сақтап қалайық деп ақшаны өз қалтамыздан шығарған қиын-қыстау кезіміз де болды. Сен дәрігер болсаң, онда бұл жұмысқа жан-тәніңмен берілуге міндеттісің. Қолыңнан келмей жатса да, науқасты ажалдан сақтап қалу үшін соңына дейін күрес. Мейірімсіз адам дәрігер бола алмайды.
    Сұқбатыңызға рақмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Марат КӨПБЕРГЕНОВ: Бизнесіңе ғашық болмасаң, өзіңді бақытсыз сезінесің
  • Әкімгерей КӨШЕРБАЕВ: Дәрігердің баласы аурушаң, мұғалімнің баласы тентек болады
  • Серік АҚШОЛАҚОВ: Мен науқас пен дәрігердің бір одақ болғанын қалар едім
  • Балаш ТҮСІПҚАЛИЕВ: Дәрігер болмағанымда, жақсы қойшы болар едім
  • Самат Данияров: Адамдарды жақсы көремін
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге