Жастар СПИД-ке қарсы!

    Жастар СПИД-ке қарсы!

    Осы кезге дейін ЖИТС (СПИД) індеті 39 милионнан астам адамның өмірін алып кетті. Бұл аурудың алдын алуда ең тиімді жолы мен қолжетімді тәсілі – халықты ақпараттандыру. Осыған орай, 23 қараша күні Ақтөбенің теміржол вокзалында “Жастар ЖИТС-ке қарсы!” акциясы өтті.

    Акцияны облыстық жас-тар ресурстық орталығы және облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық ұйымдастырды. Шараны өткізуге 200 адам тартылған. Атап айтқанда, қаланың ескі бөлігіндегі оқу орындардың студенттері шақырылған. Нақтырақ айтқанда, теміржол, кооперативтік, музыкалық және медициналық колледждердің студенттері жұмылдырылды.

    - Халық ең көп жиналатын қоғамдық орын болғандықтан теміржол вокзалы маңын таңдадық. Сол жерден базарға дейінгі аралықты қамтыдық. Жастар ЖИТС-ке қатысты түрлі ақпараттық құралдар, соның ішінде үнпарақтар, дертті алдын алу жөніндегі буклеттер, кітапшалар таратты. Бұл ауру және оның таралу жолдары туралы сауаттылықты анықтау үшін 100 тұрғыннан сауалнама алынды. Бұл шараның басты мақсаты – Қазақстандағы АИТВ (ВИЧ) жұқтырушылар санының артуы мәселесіне назар аудару, аталған аурудың алдын алуы және тәуекел топты, яғни жастарды ақпараттандыру,-дейді облыстық жастар ресурстық орталығының бас маманы Айгүл Есетова.

    ЖИТС-ке қарсы күрес күні 1997 жылдан бері желтоқсанның 1-і күні атап өтіледі. Жастардың мұндай мәселеге назар аударуы өте орынды. Өйткені, мамандардың айтуынша, Ақтөбе облысында соңғы кезде өспелі түрде 258 АИТВ жұқтыру дерегі тіркелген. Оның 28-і ЖИТС-пен ауыратындар, 17-сі қайтыс болып кетті.

    Бұл дертке көбіне 20-29 жас аралығындағы азаматтар шалдығады. Алаңдататыны, қазіргі жастар АИТВ-ны есірткі пайдалану арқылы емес, жыныстық жолмен жұқтырады. Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, ауру жұқтырғандардың 46,5%-н есірткіні инъекциялық жолмен пайдаланушылар, қалған 50,8%-ы ауруды жыныстық жолмен жұқтырған.

    Марат Жұмашев, жастар іс-тәжірибесінің қатысушысы:
    - Жалпы бұл акция жас-тар үшін өте маңызды. СПИД қазіргі таңда талқыға ең көп түсетін тақырыптардың бірі. Сондықтан жастар бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарады. Әр колледжден студенттер өз еріктерімен келді. Мен бұл жерде жастар тәжірибесінен өтіп жүрмін. Келгеніме төрт ай болды. Тәжірибе болмағасын, жұмыс табу өте қиын. Мемлекеттің мен сияқты жастарды назардан тыс қалдырмағанына ризамын. Осы алты ай тәжірибеден өткеннен кейін жұмыс өтілімін еңбек кітапшасына жазып береді. Бұл жерде программист ретінде де, ұйымдастырушы ретінде де жастармен жұмыс істеймін.

    - Айта кету керек, облыстық жастар саясаты басқармасы немесе облыстық жастар ресурстық орталығы ғана белсенді жұмыс атқарып, қалғандары қол қусырып отырмау қажет. Елдің сенімді болашағы үшін жалпы қоғам болып жан-жақтан қолдау жасап, жұмысты оңтайлы әрі тиімді жүргізсек, қоғамдағы көптеген дерттің алдын алуы мүмкін деп есептеймін,-дейді Айгүл Есетова.

    Жастар ресурстық орталығы бұл шарамен шектеліп қалмайтындығын айтты. Алда келе жатқан Тұңғыш Президент күніне орай 27 қарашада Ақтөбемен қоса облыстың түгел
    12 ауданы үлкен флешмобке қатысады деп күтілуде. Акцияда жастар “KZ”, “Отан”, “Қазақстан”, “Елбасы” деген сөздерді би арқылы құрастырып, өздерінің патриоттық сезімдерін бүкіл Қазақстанға жария етпекші.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Автобустағы акция
  • Ақтөбеде патриот жастар байқауы өтті
  • ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
  • 100 НАҚТЫ ҚАДАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР
  • Ерікті жастар ардагерлерге қол ұшын берді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге