“Ел тұтқасы – Елбасы”

    “Ел тұтқасы –  Елбасы”

    1 желтоқсан күні – ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай қаламызда көптеген мерекелік шаралар жасалды. Осындай ұлық мерекеден Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымы да тыс қалмады.

    Мейрамға орай Ақтөбе облыстық филармонияның әртістері қала тұрғындары мен қала қонақтары үшін “Ел тұтқасы – Елбасы” атты концерттік бағдарлама әзірледі.
    Шоу бағдарламада “Арайлы Ақтөбе” фольклорлық ансамблі ұлттық нақыштағы киімдермен сахнаға шығып, жыр-термелерді орындады. “Тамсан” тобы “Шырқа, елім”, “Күндер-ай” әндерімен ғана емес, өз сұлулықтарымен де тамсандырып қойды. Сонымен қатар патриоттық сарында Арман Төлесінов, Гүлхан Бөрібасова, Еркебұлан Құмаров, Жәнібек Бекбосынов, Айбат Мақашев, Әділет Күзенбаев, Алма Айдаханова, Сәбит Беклан өлең айтып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

    -Мерекенің иісін сезінсін деп сағат 11-де қарттар үйіне де жолықтық. Қазақ халқы ежелден ақсақалдарды құрметтеген. “Табыс” коммуналдық базарында әр ауданнан келген сатушылардың жәрмеңкесі өткенін жақсы білесіздер. Сонда филармония әртістері өз өнерлерін паш етті. Тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл болып қалды. Қазір өскелең ұрпаққа, ағаларымызға тәуелсіздігіміздің тұғырын әлі де бекітіп, ұлттық өнерімізді, әнімізді дәріптеуді алдымызға мақсат етіп отырмыз. Сондықтан Президент күніне орай бұл концертке ешқандай баға қойылмай, көрермендер үшін тегін ұйымдастырдық,-дейді Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармонияның директоры Елубай Кенжалиев.

    Қаламқас Әйтегенқызы, қала тұрғыны:
    - Біріншіден, Президент күнімен барша қазақстандықтарды құттықтаймын! Мен бүгін немеремді ертіп келіп
    отырмын. Ол да әнге жақын, би билейді. Соған тәрбие болсын деп концертке алып келдім. Еліміз дағдарыстан аман-есен өтіп, елімізде татулық, береке болсын. Қазақстандағы бүкіл ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүрсін. Концерт өте қатты ұнады. Кәдімгідей демалып қалдық.

    Жанар, қала тұрғыны:
    - Президент күнімен барша халықты құттықтаймын! Бақыт, зор денсаулық, байлық тілеймін. Мұндай шараларды жиі ұйымдастырып тұрса деген ұсынысым бар. Өзімнің мүгедек балама қарап жүрген әлеуметтік қамқоршыдан осы концерт туралы естігенмін. Сөйтіп, баламды ертіп алып, мерекелік шараны тамашалауға келдім. Концерт маған қатты ұнады.
    Концерттен бөлек филармонияның ғимаратында арнайы Тұңғыш Президентінің күніне орай С.Жиенбаев атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері кітап көрмесін ұсынды.
    “Кітап көрмесінде еліміз тәуелсіздік алғаннан бері шыққан Елбасының барлық кітаптарын тізіп қойдық. Мұнда келушілер назарына 30-дан астам кітап ұсынылған”, -дейді С.Жиенбаев атындағы кітапхана директорының орынбасары Ұлжан Құрманқызы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жас өнерпаздардың Президент күніне тартуы
  • ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ 4000 АДАМ ҚОЙЫЛЫМ КӨРСЕТТІ
  • Ақтөбеліктер Астана күнін тойлады
  • Ақтөбеліктер Астана күнін тойлайды
  • Ақтөбеліктер Жеңістің 70 жылдығын мерекелейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге