Жол торабына байланысты дау “СНПС-АқтөбеМұнайГаз” АҚ пайдасына шешілді

    “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” акционерлік қоғамы “Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті” ММ-нің іс-әрекеті заңсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінген. Арыз қанағаттандырылды.

    Дау “Қазақойл Ақтөбе” ЖШС-нің шағымынан басталды. “Қазақойл” СНПС-Ақтөбемұнайгаздың базасына жақын орналасқандықтан, Мұғалжар ауданындағы СНПС-ге тиесілі “Жем-Жаңажол” темір жол торабын пайдалануға рұқсат сұраған болатын. Бұған “Ақтөбемұнайгаз” келіскен жоқ.
    - “Біз табиғи монополияның субъектісі болмағандықтан, үшінші тұлғаларға жолды пайдалануға рұқсат бере алмаймыз”,-деп түсін-дірді себебін “СНПС-Ақтөбемұнайгаз”. Сонда “Қазақойл-Ақтөбе” ЖШС табиғи монополияны реттеу бойынша департаментке шағымданды,-дейді осы істі жүргізген судья Ердос Байманов.

    Департаменттің сараптамалық жұмысы нәтижесінде “Жем-Жаңажол” жолын СНПС-ден басқа “Жаңажол ГТЭС” ЖШС, “CASPIAN OILTECH CERVICES” ЖШС және “Ақтөбе мұнай маш комплект” ЖШС, яғни үшінші тұлғалар пайдаланғаны белгілі болды. Осыған орай Табиғи монополияны реттеу департаменті “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ кірме жолдар бойынша қызмет көрсететін табиғи монополияның субъектісі етіп, мемлекеттік тіркеудің жергілікті бөліміне кіргізіп қойды. Нақ осы шешімге CНПС қарсы шықты.

    - Сот зерттеуі анықта-ғандай, СНПС “Жем-Жаңажол” теміржолын тек өз пайдасына ғана жаратады екен. Жоғарыда аталған үшінші тұлғалар “СНПС-Ақтөбемұнагазға” қажетті тауар тасымалдау үшін ғана жолды пайдаланғаны белгілі болды. Департамент басқа дәлелдемелер келтіруге шамалары жетпеді. Яғни, СНПС өзінің кіреберіс жолын басқа компаниялармен келісімшарт жасасып, салық алып отыр деген шағымды дәлелдей алмады. Сондықтан сот шешімі бойынша оның мұнай компаниясына қатысты бұйрығы заңсыз деп танылды,-деп экономикалық соттың судьясы Алғабек Жүсіпов түсіндірді.
    Шешім заңды күшіне енді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қандығаштық жүргізуші жол апатына кінәсіздігін дәлелдей алмай жүр
  • Мұнайшылар эвакуация туралы құтқарушыларға хабарламаған
  • Қырылып қалған аққу-қаз үшін 22 млн теңге төленетін болды
  • Мұнай компаниясының жұмысшылары уланып қалды
  • Сот “СНПС-АқтөбеМұнайГаздың” өкілін ақтап шықты
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге