Тәуелсіздік күні қарсаңында туған сәбилерге құжат берілді

    Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері Тәуелсіздік күні қарсаңында дүниеге келген сәбилерге керемет сый жасады. Олар желтоқсанның 15-і күні перзентханада туу туралы куәлікті салтанатты түрде табыстады.

    “Біз осы іспеттес акцияны бұған дейін кейбір қалаларда өткізген болатынбыз. Алайда, бүгінгі іс-шара айтарлықтай кең ауқымға ие болып отыр. Оған халыққа қызмет көрсету орталықтарының 114 бөлімі қатысты. Біз Қазақстан бойынша перзентханаларда 284 құжат табыс еттік”, - дейді ХҚКО бас директоры Әсемгүл Балташева .
    Баланың дүниеге келуін тіркеу жергілікті атқарушы органдар мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы рәсімделеді. Оны алу үшін ата-ананың жеке куәлігі, неке қию туралы куәлігі, туу туралы медициналық куәлік немесе туу туралы фактіні анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі талап етіледі. Қызмет 2 күн ішінде тегін көрсетіледі.

    Әдетте, туу туралы куәлікке тапсырыс беру үшін ата-ананың бірі Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінеді. Мереке аясында ХҚКО өтініштерді өздері қабылдап, құжаттарды дәл перзентханадан шығатын кезде жеткізіп берген.
    Айта кетейік, жылдың басынан 327 мыңнан астам балаға туу туралы куәлік берілді. Ал Ақтөбе облысында жыл басынан бері
    18 441 куәлік беріліп, 14 желтоқсан күні аймақтағы 8 бөлімшеде 14 балаға туу туралы куәліктері тапсырылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 1100 теңгенің әуре-сарсаңы
  • Ақтөбеде 428 бала қамқорлыққа алынған
  • Конституция мейрамы қарсаңында 15 жұп шаңырақ көтерді
  • Ақтөбеде жаңа ХҚКО ашылады
  • ХҚКО мобильді тобы Көктауға барды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге