10/10/2019

    Тұрмысы тәуір-Темір

    Халық саны жыл сайын артып жатқан Темір ауданында бүгінде 37 мыңнан астам адам тұрады. Кезінде діни мәселе бойынша алғашқы орында тұрған ауданның бүгінгі жағдайы тұрақты. Халықтың негізгі кәсібі-өндіріс саласы. Сонымен қатар ауыл тұрғындары ауылшаруашылығы саласында тым белсенді. Өзге аудандарға қарағанда ілгері келеді. Ауданда бұрын соңды болмаған спорт кешені мен 320 орындық мектеп құрылысы басталып кетті.

    10/10/2019

    Ырғыздан қола дәуіріне тән екі әйелдің сүйегі табылды

    Ырғыз ауданы Шеңбертал ауылының маңындағы қорымнан қола дәуіріне жататын адамдардың сүйегі табылды. Қорымды алдымен археологтардан бұрын ауыл адамдары тапқан.

    7/10/2019

    Ернар Айдар екі айлық баланы сахнаға шығарды

    Ақтөбеде қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ернар Айдардың жеке кеші өтті. 500 теңгеге кеш берген өнер иесі көптің көңілінен шықты. Тіпті сахнаға өзінің ең жасын тыңдарманын шығарып, халықты елең еткізді. Көрермендер тойдағыдай билеп, қалағандарынша әншімен суретке түсті.

    4/10/2019

    «Жолдасыма алғысым шексіз»

    Ол – балаларын мотиватор санайтын ана. Отбасымен спорт әлемін бағындырып жүрген байсалды жан. Ол – сұлулық пен спортты қатар алып жүрген адал жар, үлгілі келін. Ол – «Асыл ана-2018» форумының жеңімпазы Алма Отарбаева.

    26/9/2019

    Қос әкім қоқыс аралады

    Облыс әкімі мен қала басшысы ақтөбеліктерді алаңдатқан бірқатар мәселелерді шешуге тырысты. Екі әкім журналистер мінген көлікке жайғасып, халықтың наразылығын тудырған қоқыс орындарын аралады. Оңдасын Оразалиннің айтуынша, барлық мәселенің шешімі болады.

    26/9/2019

    Әлеуметтік көмек алған 48 отбасы үкіметке ақшасын қайта берді

    Атаулы әлеуметтік көмек алған көп балалы аналар қарызға кірді. Облыс бюджетінде бүгінде 1900 отбасы қарыз. Оның 48-і қарыздарын қайтарған. Бұл туралы облыстық маслихаттың 38-сессиясында айтылды.

    26/9/2019

    «Адам өзін тәрбиелесе уақытты жеңе біледі»

    Ол Алланы ауызынан тастамайды. Өтірікке жаны қас. Әділдікті жаны сүйеді. Оның бүгінде 100 баласы бар. Ол әр ерекше баланы Алланың берген сый мен сынағы деп қабылдайды. Ол – 15 жыл медицина саласында қызмет жасаған маман. Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасына мүмкіндік сыйлап отыр. Ол – «Жайна» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру стационарының директоры Нұрила Жарболова.

    26/9/2019

    Ақтөбеде қараусыз қалған зираттар көбейді

    Облыста қараусыз қалған зираттар көп. Тіпті кейбір зираттар жол жиегіне дейін шығып кеткен. Осыған байланысты облыстық маслихат депутаттарының қолдауымен зираттарды күтіп ұстау қағидалары бекітілді.

    20/9/2019

    Ақтөбе әуежайында «террористер» ұсталды

    «Аспан-2019» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті. Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының аэродромында өткен шараға облыс басшысы да қатысты.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге