21/11/2019

    Бау-бақша егіп, береке тапқан

    Еңбек ете білген адамға – бәрі кәсіп. Ақтөбені бау-бақша өнімдерімен қамту бағытындағы шаруашылық жұмыстарының нәтижесі жаман емес. Шаруаның қыр-сырын меңгерген Ғабидолла Бекбусинов бүгінде бақша егіп, мал бағып отырған жайы бар. Ол ауылдың таза өнімдеріне аудан ішінде сұраныс жоғары екенін айтты.

    7/11/2019

    «Арадан мотивация аламын»

    Сәуір айынан бастап, қарашаға дейін еңбек ететіндердің бірі – омарташылар. Олар табиғат сыйлаған бар мүмкіндікті пайдаланып, ара балын жинайды. Бүгінде кәсіптің тілін тауып, бал арасын сатып отырғандар аз емес. «Тәттіні» өндіріп, оны облыс бойынша сатылымға шығарып отырған Дания Рыскулова “отандық балға сұраныс жоғары” дейді.

    10/10/2019

    Тұрмысы тәуір-Темір

    Халық саны жыл сайын артып жатқан Темір ауданында бүгінде 37 мыңнан астам адам тұрады. Кезінде діни мәселе бойынша алғашқы орында тұрған ауданның бүгінгі жағдайы тұрақты. Халықтың негізгі кәсібі-өндіріс саласы. Сонымен қатар ауыл тұрғындары ауылшаруашылығы саласында тым белсенді. Өзге аудандарға қарағанда ілгері келеді. Ауданда бұрын соңды болмаған спорт кешені мен 320 орындық мектеп құрылысы басталып кетті.

    4/10/2019

    Жаңа жыл қарсаңында 90 отбасы баспаналы болады

    Мұғалжар ауданы – Ақтөбе облысындағы ірі аудандардың бірі. Оның аумағында Қандыағаш, Жем және Ембі үш бірдей шағын қала орналасқан. 36 ауыл бар және 67 мыңдай тұрғын тіркелген. Бүгінде аудан орталығында 90 пәтерлі тұрғын үйге реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    26/9/2019

    Қос шаруашылықтағы кәсіп

    Екі бірдей ауданнан шаруа қожалықтарын ашқан Сәкен Нұртайұлы еңбекті бағалайтындардың қатарынан. Ол Ырғыз ауданында мал өсірумен айналысса, Алға ауданында жылқы бордақылап, нарыққа шығарады. Тіпті қол астындағы жұмысшыларының еңбегі көңілінен шықса, оларға үй алып беруді әдетке айналдырған.

    25/9/2019

    300 жұмыс орны ашылады

    █ Қарғалы ауданы бойынша ауыл шаруашылығы саласында 22 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 14 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі және 178 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. 16 мыңнан астам халқы бар ауданда бүгінде 17-ден астам ұлт өкілдері тұрады.

    1/8/2019

    Қымыз ішкен қазақпыз

    Емге шипа болар қымыздың пайдасын қазақ бабам бағзы заманнан-ақ білген. Әйтеке би ауданындағы «Шыңғыс» ШҚ бүгінде осы ұлттық сусынды өндіріп отыр. Ата кәсібін жалғастырып келе жатқан Орынбай Жолмұратов жылқы шаруашылығынан береке тапқан жандардың бірі десек болады.

    30/7/2019

    Берекелі істің берері мол

    Ауылдан шыққан өнім қашан да өзінің дәмімен ерекшеленеді. Сүт-қаймақты өндіріп, адал еңбекпен табыс табу – нағыз шаруаның жұмысы. Өзінің негізгі мамандығы мұнайшы болғанымен, Серік Базаров ауыл шаруашылығына ден қойған. Бүгінде ол басқарып отырған «Әлім» шаруа қожалығы алдыңғы қатарда еңбек етіп келеді.

    18/7/2019

    Ақтөбеде жасымық дақылы өсіріледі

    Мартөк ауданында «Егістік күні» атап өтілді. Ауқымы кең шарада ауылшаруашылық техникалары таныстырылды. Осы салаға қатысты мәселелерді талқылауға арналған жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге