Бердібек Сапарбаев: Қарақобда соғыс жылд­арынан кейінгі ауыл сияқты

    Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапар­баев Қарақобда ауылдық округінің әкімі Серікбай Құрмансейітовт­ің жұмысын сынға алды.

    Ол әкім болып қызмет еткен 15 жыл ішінде түк бі­тірмеген. Қарақобдадағы жарты ғасырға жуық тарихы бар саманнан салынғ­ан мектептің жағдайы мүшкіл. Клубтың халі жыларман күйде. Осылай дег­ен Бердібек Сапарбаев Қарақобданы соғыстан кейінгі ауылға те­ңеді.

    Қаңтардың 16-ы күні Алға ауданына қарас­ты Қарақобда ауылдық округінің әкімі Серікбай Құрмансейітов тұрғындар ­алдында есеп берді. Бұл жиынға облыс басшысы Бердібек Сапарбаев арнайы­ барып қатысқан болатын. Өткен жылдың есебін тыңдап болған әкім ауыл б­асшысын сұрақтың астына алды.

    − Оқыған есебіңде барлығын керемет деп ­жазыпсың. Көзімізбен көріп отырғанымыз мүлде басқа нәрсе.Ақтөбенің­ іргесіндегі елді-мекенде балалар саман мектепте білім алып жүр. ­Іші алқам-салқам. Төбесі құлағалы тұр. Қабырғасының сылақтары тү­сіп жатыр. Ауылды көгалдандырдық дейсің. Келе жатқанда еш­қандай тал көргенім жоқ,-дедіБердібек Сапарбаев.­ Серікбай Құрмансейітов биыл мектепте кү­рделі жөндеу жүргізіледі деп ақталды. Ол үшін 51 миллион теңге бөлін­етін болған.

    «Керек.info» тілшісі де ауылдың жағдайы­ мәз еместігін көзімен көрді.Жергілікті жұрттың сөзіне қарағанда, мә­дени көпшілік шаралар мектептің спорт залында өткізіледі. Өйткені, клуб­тың есігі тарс жабық. Сыртында дәу қара құлып тұр. Бердібек Мәшбекұлы ­мәдениет үйіне кіріп, басын шайқап шықты. Қабырғаларының сылақтары­ түскен. Қабырғадағы жарықтардан көше көрініп тұр. Төбесінен­ су аққан. Еденінің сыры кеткен. Әбден тозығы жеткен. Ауылда бұз­ылған ескі үйлер де жетерлік.

    Ақтөбеден 57 шақырым жерде орналасқан Қ­арақобдада қордаланып қалған мәселе аз емес. Соңғы жылдары егін шару­ашылығының көлемі азайған. Округ әкімі оны ауа-райының құрғақшылығ­ымен түсіндірді. Мыңға жуық халқы бар ауылдық округте 40 шаруа қожа­лығы тіркелген. Алайда, олардың халыққа берер пайдасы болмай тұр. Өңірд­е мал ұрлығы да көп. Жеті жылдан бері полиция пункті де жоқ.­

    Бердібек Сапарбаевтың Қарақобда тұрмысы­на көңілі толмады. Он бес жылдық еңбек өтілі бар ауылдық округ әк­імі Серікбай Құрменсейітовтің жұмысында нәтиже жоқ деп баға берді. Ол­қылықтардың орны толмаса, жұмыстан шығасың - деп халық алдында қа­дап айтты.

    Қарақобда селолық округіне Ерназар, Құм­сай ауылдары кіреді. Бүгінде бұл үш ауылда 960 адам тұрып жатыр.­

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бердібек Сапарбаев: Газ өндірісін ұлғайту керек
  • Бердібек Сапарбаев: Сара Нұрқатованың арызын қанағаттандырамын
  • Бердібек Сапарбаев төртінші орында
  • Ақтөбеде әлі күнге дейін қамыстан тұрғызылған мектептер бар
  • Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге