Әріптестеріне ерегескен ауыл тұрғыны үш баласын сабаққа жібермей қойды

    Шалқар ауданының Аққайтым ауылының тұрғыны мектеп жасындағы оқушыларды бір ай бойы сабаққа жібермеген. Үш бірдей баласын мектепке жібермей қойған әке бұл әрекетін қыстық киімдерінің жоқтығымен байланыстырған. Ал мектеп директорының орынбасары болса, балалардың әкесі берген көмектен бас тартып, киімді қайтарып берді деп отыр.

    Балаларын мектепке жібермей қойған әкенің ісі сотта қаралған. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аққайтым ауылының тұрғыны үш баланы өткен жылдың қараша-желтоқсан айларының аралығында сабаққа мүлдем жібермей қойған. Бұған “оқушылардың қысқы киімінің жоқтығы” себеп болыпты. Тек желтоқсан айында әйелі жұмысқа орналасқаннан кейін ғана ер адам балаларын мектепке жіберген. Сот шешімімен ата-аналық міндетін орындамады делінген әке 15 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.

    Аққайтым ауылындағы Жаңақоныс орта мектебінің басшылығы балаларға қыстық киім берілгенін айтады. Алайда, мектеппен ерегес-кен әке бұл көмектен бас тартқан.

    -Бұл отбасының балалары 4, 5 және 10 сыныптарда оқиды. Балалардың әкесі мектепте шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. Жұмысқа уақытында келмегендіктен, оны жұмыстан шығардым. Барлығы заң жүзінде. Осыдан соң әкесі ерегесіп, балаларды мектепке мүлдем жібермей қойды. Тіпті берген киімнен де бас тартты. Балалар 15 қараша мен
    26 желтоқсан аралығында мектепке келмей қалған. Бұл іске құзырлы органдар араласты. Қазір ағайынды үшеу сабаққа келіп жүр. Желтоқсан айында балалардың анасын мектепке кіші қызметкер қылып жұмысқа алдық. Ақпан айының басында қайырымдылық акциясы өтеді. Біз бұл отбасыға тағы да жылы киім береміз,-дейді мектеп директорының орынбасары Тұрар Мұратов.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мектеп оқушысы туберкулездің жұқпалы түрімен ауырған
  • Жоғалған бала: Мектепке барғым келмейді
  • “Мектепке жол” акциясына дін қызметкерлері де ат салысты
  • Сот аш құрсақ балаларды әкесіне берді
  • Ата-ана мұғалімді сотқа берді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге