Бекбол Сағын халық алдында есеп беруді бастады

    К.Нокин ауылының “Астана” аталып кеткен бөлігінің тұрғындары ауыз судан тапшылық көріп отыр. Көшедегі төрт колонка қатып қалған. Ал “Ақбұлақ” АҚ қызметкерлері болса жағдайдан хабарсыз. Бұл туралы қала әкімі Бекбол Сағынның халыққа есеп беру жиынында белгілі болды.

    25 қаңтар күні Благодар ауылдық округінде жиын өтті. Онда қала әкімі Бекбол Сағын халық алдында есеп беріп, тұрғындарды тыңдады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жұрт жиынға өте көп жиналды. Жиында Благодар ауылдық округінің әкімі Бақұзақ Дариннің де есебі тыңдалды.
    Благодар ауылдық округінің әкімі Бақұзақ Үсенұлы 2015 жылдың қорытындысы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы алдағы жоспар төңірегінде тоқталды.

    Тұрғындардың айтуынша, “Астана” ауылының халқы ауыз суды төрт колонкадан алып ішетін. Қазір соның бәрі жұмыс істемей тұр. Қатып қалған. Ал “Ақбұлақ” АҚ мамандары “төрт колонканың төртеуі де жасап тұр ” деген ақпарат берді.
    Екі тарапты мұқият тыңдаған қала әкімі Бекбол Сағын мәселені тез арада бақылауға алуды тапсырды.

    -Кеңес Нокин ауылының Астана бөлігінде тұрамыз. Біздің ауылдың тірлігі тоқсаныншы жылдарды тоқтап,сол кезеңде қалып қойған. Жылыжай комплексінде тұратын тұрғындардың жағдайы мәз емес. Жарық екі күннің бірінде сөніп қалады. Қалаға қатынайтын №29 бағыттағы автобусқа міну де азап. 40 минут жол жүріп барамыз. Сенсеңіз, кешегі боранда бір шәйнек қара суға зар болып қалдық. Ауылды қар басып салды. Қар тазалайтын тракторды келіншек күткендей тосып жүреміз. Алдынан жүгіріп шығамыз,-деді ашуға булықты Жанат Әзілханова есімді тұрғын.
    Ауылдық округ әкімінің сөзінше, жолды қардан тазарту жұмыстарымен “Дорожник” ЖШС айналысады. Әкімдіктің жауапты қызметкерлері әрдайым қадағалап отырады. Тұрғындар ешқандай қиындық көріп отырған жоқ.

    - К.Нокин ауылының “Астана” және “Жылыжай кешені” жаңа құрылыс ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету, Украинка ауылының ескі бөлігі мен Бекқұл баба ауылы жаңа құрылыс ауданының қалған бөлігін электр қуатымен жабдықтауға құжат әзірленген. Мемлекеттік сараптамадан өткен. Қаражат көзі шешілсе, құрылыстық монтаждық жұмыстары басталатын болады,-деді өз сөзінде Б.Дарин.

    Бекбол Сағынның сөзіне қарағанда, есептеп қарағанда, Благодар ауылдық округіне төрт түрлі салықтан 20 миллионға жуық теңге қаржы түсуі мүмкін.
    Әкім сол қаражатпен жергілікті қауымдастықпен келісе отырып, күрмеуі қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік ашылады.

    Наразылығын білдерген тұрғындардың бірі - Сағынғали Таналиев. Ақсақал жол қатынасы болмағандықтан жиналысқа ауыл атынан бір өзі келген. Айтуынша, Бекқұл баба ауылына ауыз су тартылмаған. Дәрігерлік амбулатория жоқ. Жол қатынасы қиын. Ұры-қары көбейген. Оған себеп те жоқ емес.

    - Көшеде жарық шамдары жоқ. Кешке қарай тас қараңғы. Бұралқы иттерді былай қойғанда, ұры-қары да көбейіп кетті. Жарықтың жоқтығы баукеспелерге жақсы болды. Ауылымызды барып, өз көзіңізбен көріңізші? Тас қараңғы. Сіз облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтан үлгі алыңыз. Елді мекендерді аралаңыз, -деді зейнеткер Сағынғали Таналиев.
    Бекқұл баба ауылын орталықтандырылған су жүйесімен жабдықтау үшін сметалық құжаттар дайындалады. Дәрігерлік амбулаторияға жер телімі бөлінген.

    Бекбол Сағын наурыз айынан бастап Ақтөбенің маңындағы 5 округ пен 22 елді мекенді аралап, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен танысатынын жеткізді.
    Ауыл ақсақалдары жекенің қолына өтіп кеткен мәдениет үйін мемлекетке қайтарып алуды сұрады.

    “Керек. info” тілшісіне Благодар ауылдық округінің әкімі мәдениет үйінің иесі Қарағанды қаласында тұратынын айтты. Сол азаматпен сөйлесіп, аталған ғимаратты нысаналы мақсатта пайдалану керектігі жөнінде ескерткен.

    Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағынның бұл халық алдындағы алғашқы есеп беруі. Осы аптада қала басшысы қалған 4 округке барып, тұрғындармен кездесуді жоспарлап отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ауыл әкімдерінің есебі: Кереғар пікірлер алаңы
  • Бердібек Сапарбаев: Қарақобда соғыс жылд­арынан кейінгі ауыл сияқты
  • Ақтөбенің іргесіндегі ауыл әкімдері халықпен кездеседі
  • Бекбол Сағын Ақтөбенің әкімі болып тағайындалды

  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге