Алға ауданын газбен қамту 88 пайызға жетеді

    Алғалықтар жақын арада жағымсыз иістен құтылады. Қазір жарамсыз кәріз жүйелерін ауыстыруға 580 миллион теңге қарастырылуда. Үшқұдыққа газ тартылып, бесқоспалықтар сапалы суға қарық болады. Бұл туралы Алға ауданының әкімі Мавр Абдулиннің журналистермен кездесуі барысында белгілі болды.

    Алдағы жоспарлар мен міндеттер
    2 ақпан күні облыс әкімдігіндегі “Ақтөбе ақпарат орталығында” Алға ауданының әкімі Мавр Абдуллин баспасөз мәслихатын өткізді. Тағайындалғанына екі ай болған шенеунік өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Мавр Ерғалиұлының айтуынша, Алға ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары. Ауданда мал басының өскендігі байқалады. Қазір аудандағы 32 елді мекеннің 15-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Биыл Бесқоспа ауылының да ауыз су мәселесі шешіледі. Үшқұдық елді мекеніне газ тартылады. Бұл аудан халқының көгілдір отынмен қамтылу көрсеткішін 87,9 пайызға жеткізбек.
    -Бұған қоса биыл ауданда
    8 пәтерлік тұрғын үй салынбақ. Бұл үшін 51,2 млн теңге қарастырылып отыр. Қазір Алға қаласы бойынша 1373 адам үй алу үшін кезекте тұр,-дейді әкім.
    Қазіргі таңда Алға қаласы бойынша 242 бала балабақша кезегінде тұр. Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету 83,3 пайызды құрайды. Биылғы жылы бұл үшін жергілікті бюджеттен 30 млн. теңге қарастырылып отыр. Сондай-ақ Қарақұдық ауылына 100 орындық орта мектеп салынады. Ал Қарақобда негізгі мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін 51 млн теңге қарастырылыпты.

    “Болашағы жоқ” Ақсазды ауылы
    25 түтіні бар Ақсаздыны көшіруге бюджет тарапынан қаржы бөлінбейді. “Болашағы жоқ” ауылға тек көршілес Нұрбұлақтан тегін жер беріледі. Алайда үй салуға қаржы қарастырылмаған.
    -Ауылға көгілдір отын тарту қиын. Небәрі 25 үй ғана бар. Қазіргі таңда үлкен аудандарды газдандырудың өзі қиынға соғып отыр. Жол мәселесіне келсек, бұл ауылда қар тазартылып тұрады. Бұл мәселемен айналысатын кәсіпкер бар. Бораннан кейін жиналған қарды трактормен тазартып отырады. Жақын арада бұл ауылға барып, халықпен кездесуді жоспарлап отырмын,-деді әкім.

    Интернетте жұлдыз болған орынбасары туралы
    Әлеуметтік желіде әдепсіз сөзімен танымал болған шенеунік – “беделді әрі абыройлы азамат”. Журналистермен кездесу кезінде Алға ауданының әкімі өз орынбасары Бақберген Жұмабаев туралы осындай пікір білдірді.
    Оның айтуынша, Бақберген Жұмабаев бұл қызметке 2014 жылы келген. Ал бейнеролик ол әкім аппаратының басшысы болған кезде түсіріліпті.
    - Бұл видео 2013 жылы түсірілген. Мен оны көріп, таныстым. Отырыс-та оның мәселесін қарап, қатаң сөгіс бердік. Әрине, мемлекеттік қызметкердің бұлай сөйлегені дұрыс емес. Бірақ ол беделді, абыройлы азамат,-деді әкім.
    Шенеуніктің өз қабылдауына келген тұрғынмен әңгімесі әлеуметтік желіге осыдан бірер ай бұрын салынған. Әңгіме кезінде оның әлдекімді былапыт сөзбен сыбап отырғаны анық естіледі.

    Жаңа жұмыс орындары ашылуда
    Алға ауданында ешкі бағу қолға алынып жатыр. Кәсіпкерлер шағын сүт тауары фермаларын ашып, құс өсіруге де ниетті. Бұл аудан халқын 100 пайыз азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
    Мавр Абдуллиннің айтуынша, аудан халқын жұмыспен қамтуда қиындық жоқ.
    - Биылдың өзінде 580 жаңа жұмыс орны ашылды. “Молочные истории ЖШС” ет өңдеу кешенінде 88 адамды жұмыспен қамтыдық. Қазір шағын мал бордақылау, сүт тауарлы фермаларын ашу, ешкі бағып, құс өсіру бойынша пилоттық жоба енгізіліп жатыр. Өтініш білдірген жеті адамға 30 млн теңге алу үшін құжаттар тапсырылды. Осы жобалардың негізінде тағы 220 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етпекпіз. Яғни, келер жылы аудан халқы өзін-өзі 100 пайыз азық-түлікпен қамтамасыз етеді, -дейді аудан әкімі.

    Алғадағы жағымсыз иіс
    Алғалықтар кәріз құбырының кесірінен жағымсыз иіске тұншығып отыр. Алайда бұл мәселе жақын күндері шешіледі. Жарамсыз кәріз жүйелерін ауыстыруға 580 миллион теңге қажет. Қазір қажетті қаржы республикалық бюджеттен сұратылып жатыр.
    Аудан әкімімен кездесу барысында журналистер Алғадағы химия зауытының қазіргі жағдайын да сұрады.
    - Алға ауданындағы ескі мәселелердің бірі – химия зауыты. Қазір бұл жерде құрылысқа рұқсат беріліп жатқан көрінеді. Бұл қаншалықты заңды? Мүмкін, химиялық заттар бар шығар,-деді журналистердің бірі.
    Әкімнің айтуынша, жағымсыз иіске химия зауытының еш қатысы жоқ. Бұған кәріз желілерінен ағаттын лас сулар себеп.
    -Қазір жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Республикалық бюджеттен 580 миллион теңге бөлінуі қажет. Қаржы қалай бөлінсе, солай жоба жүзеге асады. Зауыт маңында үй салуға рұқсат беріліп отырған жоқ. Жер берілсе де, бас жоспарға негізделіп отыр. Зауыт тарағаннан кейін ол жер жеке адамдарға берілген. Оларға төңірегін тазалау туралы тапсырма берілді. Егер орындамаса, шара қолданамыз,-дейді Мавр Ерғалиұлы.

    “Жұмыстан қуылған” кітапханашы туралы
    Басшыларға дастархан жаймағаны үшін кітапханашыны қызметінен қуған меңгеруші жазаланды. Сол оқиғадан соң кітапхана директоры қызметінен төмендетілді. Аудан әкімінің сөзінше, жас маман өз еркімен жұмыстан шыққан. Әкімдік жалғызбасты ананы қайтадан қызметке алмақ болған. Алайда ол бұл ұсыныстан бас тартыпты.

    Естеріңізге сала кетелік, бұл оқиға өткен жылы болған. Маржанбұлақ ауылының кітапханашысы Айгүл Қабақбаева БАҚ-на “бастығыма жақпағаным үшін жұмыстан қуылдым” деп шағымданған еді. Айтуынша, тексеруге келген директор мен әріптестерін дастархан жайып қарсы алмаған. Басшысы ілік іздегендіктен, ақыры жұмыстан кетуге мәжбүр болыпты. Ал директор бұған жас маманның салғырттығы себеп деп айыптаған еді.
    Алға ауданы облыс орталығынан 45 шақырым жерде орналасқан. Қазір мұнда 40 мыңнан астам халық тұрып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ауыл әкімдерінің есебі: Кереғар пікірлер алаңы
  • Ақтөбе облысында екі әкім қызметінен қуылды
  • Мавр Абдуллин Алға ауданының әкімі болып тағайындалды
  • Қандыағаштағы әрбір үшінші үйдің жертөлесінде кәріз құбыры жоқ
  • Ауыл әкімі 1350 теңге үшін жұмыстан қуылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге