Бердібек Сапарбаев: Бұл – түгі жоқ Ырғыз, Шалқар емес, бұл – Хромтау!

    Хромтауда егіннің түсімі нашар. Нан бағасы 100 теңге. Осылай деген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудан әкімі Аязбай Османғалиевті сынға алды.

    1 ақпан күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Хромтау ауданына барды. Аудан әкімі Аязбай Османғалиевтің есебін тыңдады. Мұқият тыңдап алып, әкімді сұрақтың астына алды. Алдымен, өңірдегі азық-түлік бағасының неліктен қымбат екендігін сұрады.

    - Есебіңде ешқандай мін жоқ. Барлығы тамаша. Ал, іс жүзінде бәрі басқаша. Бәрі орындалып жатса, неге тамақтың бағасы қымбат? Нан неге 100 теңге тұрады,-деді Бердібек Мәшбекұлы.
    Аязбай мырза болса сасып қалып, сенбілік жәрмеңкені есіне түсірді. Сосын нан 100 теңге емес, 60 теңге деп дәлелдеп бақты. Ауданда былтыр нан бағасы 50 теңге болған. Биыл 80 теңгеге көтерілген.
    Аудан әкімі бұның бәрін маусымдық уақыттан көріп, қыста өнім азаяды деп түсіндірді.

    Хромтаудағы мал басының өсімі мен егінге дайындық жұмыстары да облыс әкімінің көңілінен шықпады. Ірі қара мал басы, үш мыңға, қой-ешкі небәрі екі мыңға көбейген. Суы, шөбі, жайылымы бар аудан үшін бұл төмен көрсеткіш.
    Көктемгі егіске алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілмейді. Уақыт жақындағанда, тұқым іздей бастайды. Соңында үшінші-төртінші репродукция егіледі. Соның кесірінен бар болғаны 5-7 ц өнім ғана алынады. Бұл Бердібек Сапарбаевтың Аязбай Османғалиевке айтқан сөзі.
    Жиынға қатысқан ауыл тұрғындары да қалыс қалған жоқ. Көкейде жүрген сұрақтарын қойды.
    - Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты мешіт, кейін үй, соңында кеңсе болды. Оқушылар мектеп пен колледждердің спорт залында жаттығуға мәжбүр. Басқа амалымыз жоқ,-деді БЖСМ директоры Нұрланбек Сауанов.

    Бердібек Мәшбекұлы аудан әкіміне осы уақытқа дейін жобасын жасап, облысқа ұсыныс тастамағанына наразылық білдірді.
    - Бұл жер саған шалғайда жатқан, өндіріс орны жоқ Ырғыз, Шалқар емес. Бұл – Хромтау!,-деді Бердібек Сапарбаев Аязбай Османғалиевке қарата айтқан сөзінде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Темір ауданында қылмыс көбейген
  • Бердібек Сапарбаев: Қарақобда соғыс жылд­арынан кейінгі ауыл сияқты
  • Бердібек Сапарбаев: Газ өндірісін ұлғайту керек
  • Бердібек Сапарбаев төртінші орында
  • Бердібек Сапарбаев: Аудан әкімдері жұмыс істемейді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге