Темір ауданында қылмыс көбейген

    Темір ауданында қылмыс көбейген

    Темір ауданында ауыр қылмыс көбейген. Әсіресе, нашақорлық өршіп тұр. Бұл туралы Темір аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Мұрат Бекетаев хабарлады.

    Темір ауданында есірткі тасымалдаудың 9 фактісі тіркелген. Көпшілігі марихуана пайдаланады. Бұл туралы 2 ақпан күні өткен жиында белгілі болды. Ауданға іс сапармен барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аталған жағдайға алаңдаушылық білдірді. Мұның бәрі тәрбиенің жоқтығынан деп баса айтты.

    Ауыл шаруашылығын қолдайтын “Ырыс”, “Сыбаға” бағдарламасы да дұрыс орнындалмай келеді. Соның салдарынан малдың басы көбеймеген. Бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендердің құжаттары облыс орталығына әлі жіберілмегені белгілі болды. Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниевтің жұмысына Бердібек Мәшбекұлы қанағаттанбады. “Жалқаусыңдар, ұйықтап жүресіңдер деп” дүрсе қоя берді. Облыс басшысы аудандағы дүкендердегі азық-түлік бағасын да қарауға адам жіберген. Алайда, әкімнің есеп бергенде айтқан бағасы мен оның көргенінде сәйкестік жоқ болып шықты.

    Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентіндегі де жағдай көңіл көншітерлік емес. Қар тау болып үйіліп жатыр, тазартылмаған. Көшеде асфальт та тротуар да жоқ. Шұбарқұдықтың әкімі Әділет Қалмағанбетовтің аяқ астынан жолы болып кетті. Тұрғындарға берген есебіне облыс әкімі қатыса алмады.

    - Сенің жолың болды. Мына жолдың қиындығына байланысты сенің есебіңе қатыса алмадым. Барғанымда әңгіме басқаша болатын еді. Аудан тұрғындарының саған қандай арыз-шағымдары бар екенін білгім келді. Жас әкімсің. Жұмысың нашар. Жас әкімдер ұйықтамау керек. Күндіз-түні жұмыс істеу керек,-деді Бердібек Машбекұлы.

    Облыстан келген басшыға сұрақ қойғандар көп болды. Жемқорлық мәселесі де көтерілді..
    - Сіз келгенде шамдардың бәрі жарқырап тұрды. Қазір сіз кеткенде бәрі қайтадан сөнеді (жұрт қол шапалақтай бастады). Көпқабатты үйдің кіре беріс жарығын электриктер қиып тастады. Өзім мүгедек-пін. Кіре беріс қап-қараңғы, жолымызды көрмейміз. Түсінбеймін, жарыққа кеткен қаржыны шенеуніктер өз қалтасына төлемейді ғой,- деді Самат Қарасаев.

    Жиын соңында Бердібек Сапарбаев Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниевті “уәдесінде тұрмады”, Шұбарқұдық кентінің әкімі Әділет Қалмағанбетовті “жалқау” деген қорытынды шығарды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бердібек Сапарбаев: Бұл – түгі жоқ Ырғыз, Шалқар емес, бұл – Хромтау!
  • Темірдің 455 тұрғыны дәстүрлі емес дін жолын ұстанады
  • Ақтөбе облысында екі әкім қызметінен қуылды
  • Шұбарқұдықта діни экстремизммен күресетін орталық ашылды
  • Бердібек Сапарбаев: Аудан әкімдері жұмыс істемейді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге