Әйтеке би ауданында 32 көшенің төртеуі асфальтталған

    Әйтеке би ауданының орталығында 32 көше бар. Соның төртеуі ғана асфальтталған. Бұл туралы Әйтеке би ауданының әкімі Аманғали Бердалин баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    Ақтөбеде ақпарат орталығы ашылғанына көп бола қойған жоқ. Өткен аптада бірінші болып, Алға ауданының әкімі есеп берді. 10 ақпан күні Әйтеке би ауданының әкімі журналистермен сұқбаттасты. Аудан әкімі Аманғали Бердалин өңірдің даму қарқынымен таныстырды.

    Әйтеке би ауданында 26 мыңнан астам халық тұрады. 28 елді мекен бар. Соның 10-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Аралтөбе, Жабасақ, Басқұдық және Комсомол ауылдарына су құбырын жүргізуге құжаттар әзірленген. Құзырлы органдарға жолданған. Аудан халқының 59 пайызы көгілдір отын игілігін көріп отыр. Газ жүйесін тарту кезең-кезеңімен орындалатын болады.
    Ауданда өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көрсеткіші төмендеп кеткен. 2015 жылы 1293 миллион теңгенің өнімі ғана шығарылған. 2014 жылы бұл көрсеткіш 4713 миллион болған. Аудан әкімі мұны әлемдік дағдарыспен байланыстырды. Айтуынша, валюта бағамы өндіріске де әсерін тигізді. Өндірістік қажеттілікті өтеуге айналым қаржысы болмай отыр.

    Журналистер өңірдегі діни ахуалға қатысты сұрақтар қойды. Аманғали Бердалин ауданда төрт мешіттің жұмыс жасап жатқанын айтты.
    - Бүгінгі таңда жұмыс жасап жатқан төрт имам да жергілікті жерден. Сауаттарын арттыру мақсатында курстардан өтіп тұрады. Дәстүрлі емес дін жолында 16 адам тіркеуде тұр. Олар біздің басты назарымызда,-деді Аманғали Бердалин.

    Сонымен қатар жол мәселесі де назардан тыс қалмады. Аудан орталығында барлығы 32 көше бар. Соңғы екі жылда соның төртеу асфальтталған. Жеті көшені жөндеу жөнінде сметалық құжаттары дайын-далып, мемлекеттік сараптамадан өткен.

    Әйтеке би ауданында “Агробизнес-2020” бағдарламасы бойынша үш инвестициялық жоба жүзеге асқан. Оның ішінде автоматтандырылған бие сауу кешені, тұшпара цехы, мал сою алаңы мен өңдейтін цех ашылмақшы. Үшеуі де биыл жұмыс жасай бастайды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Темір ауданының 455 тұрғыны дәстүрлі емес дін жолын ұстанады
  • Мұғалжар ауданы әкімінің үйі жарықсыз қалды
  • Алға ауданын газбен қамту 88 пайызға жетеді
  • Аудан әкімі: Жол жиегінде киік өлекселері жоқ
  • Әйтеке би ауданында да киік қырыла бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге