2005 жылы кезекке тұрғандарға жер учаскелері беріледі

    Ақтөбеде 2005 жылы жер кезегінде тұрған азаматтарға жер учаскелерін бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларға “Ақшат-2”, “Красносельское-2”, “Шилісай-2” тұрғын массивтерінен жер беріледі. Бұл туралы қала әкімі Бекбол Сағынның халық алдындағы қорытынды есеп беруінде белгілі болды.

    Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағын 5 ақпан күні халық алдындағы қорытынды есебін берді. Кезекті кездесуге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысты.
    Жиын басталардан бір сағат бұрын тұрғындарға қалалық мемлекеттік мекеме басшыларымен кездесуге мүмкіндік берілді. Олар басшыларға көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Арыз-шағымдарын айтты. Әсіресе, қалалық жер қатынастар бөлімінің басшысы Ұшқын Мыңбаевтың алдына келушілер көп болды. Тұрғындар жер телімі қашан берілетінін білгілері келетінін жеткізді.Ұшқын Мыңбаев наурыз айынан бастап 2005 жылы кезекте тұратындарға жер учаскелері бөлініп жатқанын айтты.
    - 2005 жылы жер кезегінде тұрған 2500-ден астам адам бар. Оларға жер телімдері наурыз
    айында беріле бастайды. Тұрғын үй құрылысы үшін Ақшат-2, Шилісай-2, Красносельское-2 тұрғын массивтерінен беру жос-парланып отыр,-дейді қалалық жер қатынастар бөлімінің басшысы Ұшқын Мыңбаев.
    2003 жылдың бастап 100 156 азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұр.

    Ақтөбе қаласының әкімдігі жер қатынастарын реттеу жөнінде нақты жұмыстар атқарып жатыр. Өткен жылы өз бетінше иеленген 1,8 га жер пайдаланушы заңбұзушылыққа жол берген. Бау-бақша ұжымдарында мақсатсыз пайдаланған 848 жер учаскесі анықталған. Әкімшілік шара қолдану үшін материалдар жер инспекциясына жіберілген.
    Бұл туралы Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағын баяндамасында атап өтті. Болашақта қайтарылған жерлер конкурсқа шығарылады. 2016 жылы жалпы ауданы 3000 га жер учаскелері нысаналы мақсатқа пайдалануы тиіс.

    Әлеуметтік маңызы бар 33 түрлі азық-түліктің отызының бағасы қымбаттап кеткен
    Әлеуметтік маңызы бар 33 түрлі азық-түлік бар. Ақтөбеде соңғы айда отызының бағасы қымбаттаған. Кейбір дүкендерде нан 105 теңгеден, 1 литр сүт 255 теңгеден сатылып жатыр. Картопты 60 теңгеден зорға өткізіп жатырмыз. Осылай деген Бердібек Сапарбаев бақылаудың жоқтығына наразылық білдірді.
    - Мемлекеттік бағдарламалар орындалмаса, өндіріс пен ауыл шаруашылығы саласы дамымаса, жалпы экономика қайдан дамиды? Тұрақтандыру қорында 500 тонна картоп бар. Сөйте тұра, неге картоп 70 теңге болуы керек? Қала әкімшілігі таңның атысы, күннің батысы жұмыс жасау керек,-деді Бердібек Сапарбаев.

    200 жаңа жұмыс орны ашылады
    Ақтөбеде биыл Индустрияландыру картасы бойынша төрт инвестициялық жоба жоспарланған. Құны - 6,1 млрд теңге. Қала әкімі Бекбол Сағынның айтуынша, нәтижесінде 200 жаңа жұмыс орны ашылады. Өткен жылы
    5 жаңа өнеркәсіп нысаны пайдалануға берілген. Төрт жүзден астам адам жұмысқа орналасқан.

    Жыл басынан бері 100 мың тонна қар шығарылған
    Ақтөбеде қыс басталғалы 100 мыңнан астам тонна қар шығарылған. Қала аумағында бір қар полигоны жұмыс істейді. Ол тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында орналасқан. Жеткіліксіз болғандықтан, қосымша екі полигон ұйымдастырылған. Олар Ақжар-2 мен Жаңа Әлжан диірмен комбинаты қасында. Қазіргі таңда қар шығару жұмыстары жалғасып жатыр. Басты назар су басу қаупі бар аймақтарға бөлінеді.

    Автомобиль жолдарының 40 пайызы қанағаттанарлықсыз
    Қала аумағында автомобиль жолдарының желісі 621 шақырымнан тұрады. Оның 266 шақырымында ғана асфальт-бетон жамылғысы бар. Яғни, 40 пайызы қанағаттанарлықсыз.
    - Қазіргі уақытта жолдардың 59 пайызы жақсы. Қалғаны нашар. Ағымдағы жылы Шымкент-Самара тас жолының ұзындығы 723 шақырымнан Сәңкібай батыр даңғылына дейін ұзындығы бір шақырым автомобиль жолы күрделі жөндеуден өтеді. Ұзындығы 6 шақырым Қонаев, Иманов көшелері мен Әбілқайыр хан даңғылы да жөнделеді,-дейді Бекбол Сағын.
    Сонымен қатар, “Нұр-Ақтөбе” ауданына автомобиль жолы салынады. Сазды ауылына қарасты “Бауырластар-1,2” тұрғын массивтеріне жол салу жұмыстары басталады.
    Бекбол Сағын білім, денсаулық, әлеуметтік сала бойынша да кеңінен тоқталды. Атқарылып жатқан істер мен алдағы міндеттерді атады.
    Қала әкімінің есебін тыңдауға келгендерде шек жоқ. Сұрақ қою үшін кезекке тұрғандардың санын да ауызбен айту мүмкін емес. Ішінде арызын облыс әкіміне арнайы табыстағандар да болды. Әсіресе, ауыз су, жарық, жер, қоғамдық көлік қатынасы жайлы сұрақтар қойылды. Сөз соңында қала әкімі Бекбол Сағын қойылған сұрақтар жауапсыз қалмайтынын ескертті. Орындалуы тиіс шараларға нақты тапсырмалар берілді.
    Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында 449 мың адам тұрып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бекбол Сағын халық алдында есеп беруді бастады
  • Бекбол Сағын: Елбасының Жолдауы елдің дамуына серпіліс береді
  • Бекбол Сағын Ақтөбенің әкімі болып тағайындалды

  • 400 жер учаскесі берілді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге