Ауылда тұратын отыз шақты адам кәсіпкер атанбақ

    Ақтөбеде “Ауыл кәсіпкерлігі” бағдарламасына қатысуға 26 кәсіпкер өтініш білдірді. Бүгінгі күні 14 адамның өтініші қанағаттандырылды. Бұл жөнінде “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Гүлжанат Ерғазина хабарлады.

    “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” ауыл кәсіпкерлеріне шағын несие бере бастады. Ауыл тұрғындарының кәсібіне қолдау көрсету 4 бағыт бойынша жүзеге асып жатыр. Қазіргі таңда жаңа пилоттық жоба – “Ауыл кәсіпкерлігі” бағдарламасы бойынша 26 адам шағын несие алуға өтініш білдірген.

    -Өтініш қабылдауды 1 ақпанда бастадық. Екі аптаның ішінде ауылда өз кәсібін ашқысы келген 26 адам өтініш білдірді. Оларға 116 миллион теңге қарастырылып отыр. Әсіресе, Алға, Қарғалы, Мұғалжар,Хромтау мен Мәртөк аудандарының белсенділігі жоғары. Несие 5 жылға 6 пайызбен беріледі. Бүгінгі күні 6 адам 21 миллион теңге көлемінде қаражат алды. Бір-екі күндікте тағы 8 адамның өтініші мақұлданады,-дейді Гүлжанат Қойбағарқызы.

    Бұл облыс әкімдігі, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ мен “АЛМЭКС” холдингі арасындағы үшжақты меморандум негізінде жүзеге асып отырған пилоттық жоба. Ауыл кәсіпкерлерінің ісін жандандыруға 900 миллион теңге қарастырылған. Бағдарламаға қатысушылар сауда саттықтан басқа бизнестің барлық түрімен айналыса алады. Әсіресе, ауыл шаруашылығына басымдық беріледі. Гүлжанат Ерғазинаның айтуынша, шағын несие алуға өтініш бергендердің арасында мал шаруашылығымен, картоп өсірумен айналысқысы келетіндер көп. Ауданда балабақша мен кардиология кабинетін ашуға ниет білдіргендер де бар. Жаңа бағдарлама арқылы бұрын несие алып көрмегендер 5 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Ал кәсібін кеңейткісі келгендердің 17 миллион теңгеге дейін қаражат алуға мүмкіндіктері бар.

    Бұдан өзге “Ауыл шаршылығын қаржылай қолдау қоры” арқылы “Ырыс”, “Cүт қабылдау бекеттерін ашу” және “Жұмыспен қамту 2020” бағдарламалары арқылы несиелер беріліп жатыр. Биыл “Ырыс” бағдарламасы арқылы облыста 8 сүт тауарлы шағын ферма ашу жоспарланып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шалғайдағы ауылда WIFI бар монша ашылды
  • Ауыл кәсіпкерлеріне 6 млн теңге несие берілетін болды
  • Кәсіпкерлер назарына!
  • “Егінжай” бағдарламасы бойынша қаржыландыру басталды
  • Биыл 530 мың гектарға егін егіледі
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге