Ырғызда балық өндейтін зауыт ашылады

    Ырғызда балық өндейтін зауыт ашылады

    Ырғыз ауданында балықтың сегіз түрі кездеседі. Ақтөбе облысындағы балық қорының 60-80 пайызы осы ауданда. Биыл аудан орталығынан балық өңдейтін зауыт ашылмақшы. Бұл туралы Ырғыз ауданының әкімі Мейірхан Дуанбеков баспасөз конференциясында мәлімдеді.

    Ақтөбе ақпарат орталығына 23 ақпан күні Ырғыз ауданының әкімі Мейірхан Дуанбеков келді. Ауданның 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы айтты. Алда шешімін табуы тиіс мәселелерге де тоқталды. Солардың бірі- балық шаруашылығының жайы. Ырғызда балықтың 8 түрі кездеседі. Биыл “Береке балық” ЖШС балық өндейтін зауыт салуды қолға алып отыр. Ол үшін жер телімі бөлінген. Көктемде құрылыс жұмыстарын бастайды.

    Саман, қамыс, ағаштан салынған 10 мектеп бар
    Дуанбековтің сөзіне қарағанда, Ырғызда құлағалы тұрған мектептер жоқ. Алайда, саман мен қамыстан салынған төрт, ағаштан салынған екі, пешпен жылытылатын сегіз мектеп бар.Бұл мектептердің жайын аудан әкімі облыстық білім басқармасы басшысы алдында көтерген.

    -Бұл мәселе аудан басшысының да, облыстық басқарманың да құзырында емес. Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа байланысты,-дейді Дуанбеков.

    Ал, пешпен жылытылатын мектептер алдағы оқу жылынан бастап көмір түсіріп, от жағудан құтылуы тиіс. Ырғыз ауданының әкімі Мейірхан Дуанбеков “Туған жерге тағзым” акциясы аясында аталған сегіз білім ордасын электр энергиясымен жылыту қолға алынбақшы болғанын айтты. Яғни, Ырғыздың мектептерінде білім алып, қазір кәсіпкерлікпен айналысып жүрген азаматтар ауылдастарына қаржылай қолдау көрсетпек.

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев былтыр бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында мемлекеттік мекеме көліктерін газбен жүргізу керектігін ескерткен болатын. Ырғыз аудандық әкімдігі өз көліктерін газбен жабдықтауды бастап кетіпті.Мейірхан Дуанбековтің сөзінше, ақпан айының соңында әкімдікке қарасты барлық автокөліктер газбен жүретін болады.

    Ауыз су мәселесі
    Ауданға 19 елді мекен кіреді. Соның тоғызына орталықтандырылған ауыз су желісі тартылған. Биыл Нұра-Мамыр, Белшер ауылдарына су құбырын жүргізу үшін құжаттар дайындалып, тиісті орындарға тапсырылған. Яғни, 2016 жылдың республикалық бюджет өтініміне енгізілген. Аудан әкімі Мейірхан Дуан-беков 2020 жылға қарай ырғыздықтар 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етіледі деді. Сонымен қатар, ырғыздықтар биыл көгілдір отын игілігін көретін болады.

    “Көкөніспен 100 пайыз қамтамасыз етеміз”
    Журналистермен кездесуінде Ырғыз ауданының әкімі осылай деді. Жермен жұмыс жасауды соңғы кездері ұмытып бара жатқандарын да жасырмады.

    - Соңғы уақытта жермен жұмыс істеуді ұмытқанымыз рас. Елдегі экономикалық дағдарыс оңайға соғып жатқан жоқ. Әсіресе, ауылдағылар өзін-өзі асырауы керек. Биыл аудан тұрғындарын 100 пайыз бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз етеміз,-деді өз сөзінде Мейірхан Дуанбеков.

    Ырғыз ауданында 616 гектар суармалы жер бар. Көктемде соның 239 гектарына бау-бақша өнімдері егіледі. Қалғанына мал азығына қажет дақылдар егуді жоспарлаған.

    Ырғыз ауданы Қытайға ет экспорттамақ
    Ырғыз ауданы ет және сүт өнімдерімен 100 пайыз қамтамасыз етіп отыр. “Сыбаға”, “Құлан” және “Алтын асық” бағдарламалары аясында шамамен 1300 бас ірі қара сатып алынған. Өткен жылы 14 тонна ет Ресейге экспортталды, 2016 жылы көлемін арттырмақшы.

    - “Агробизнес-2020” бағдарламасы аясында 2015 жылдың желтоқсан айында “Наурыз-СИМ” серіктестігі қуаттылығы 3000 бас ірі қара малға есептелген бордақылау алаңын қолданысқа берді. Құны 122 миллион теңге болатын жоба 15 адамды еңбекпен қамтуға және ет экспорттауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, қазіргі таңда Қытайға ет экспорттау жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті Мейірхан Дуанбеков.

    Сонымен бірге, азық-түлік нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін осы жылы қуаттылығы 200 тонна болатын тұрақтандыру қоры құрылады.

    Киіктердің қырылуының негізі себебі анықталмаған
    Өткен жылдың мамыр-маусым айларында Ырғызда сегіз мыңнан астам киік қырылған еді. Киіктердің жаппай қырылуының негізгі себебі әлі де анықталмаған. Бұл туралы Мейірхан Дуанбеков Ақтөбедегі брифинг кезінде хабарлады. Бірақ әкім өткен көктемде қырылған 23 бас малдың киік өлімімен еш байланысы жоқтығына сенімді.

    - Өлген киіктерді 11 жерге көміп, залалсыздандырдық. Көктемде неден қырылғандығы жайлы ең негізгі себебі анықталған жоқ. Екінші себебі деп пастереллез диагнозы қойылды. Бірақ, пастереллезді қозғаушы күштің не екенін ешкім айтпады. Мамандармен, ауылдағы ақсақалдармен ақылдастық. Айтуларынша, былтыр ылғал мол түсіп, соның салдарынан көптен бой көрсетпеген өсімдік көктеген. Қыстан әрең шыққан әлсіз малдар, әлгі шөпті жеп, уланып қалған. Біздің пайымымыз соған келді,-дейді Мейірхан Қайырханұлы.

    Биылғы көктемде осындай жағдайлар қайталанбас үшін Ырғыз-Торғай резерваты алдын алу шараларын жүргізбек. Киіктердің жайылатын жолдарын анықтап, алдын ала залалсыздандырғалы жатыр.

    Ырғыз-Торғай табиғи резерваты 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Ақтөбе облысындағы ерекше қорғауға алынған аумақ. Резерват ашылған уақыттан бері Бетпақдала таралымындағы киік саны 22 мыңнан 216 мыңға, яғни, он есе көбейген. Биыл резерват аумағында 7-10 мың бас киік қыстап шықты.

    Ырғыз ауданы облыс орталығына 480 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер көлемі 41,5 мың шаршы шақырым. Ауданда он бес мыңнан астам адам тұрады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жетім лақтар қолға көнбеді
  • Ырғызда дала қояндары қырыла бастады
  • Киіктің лақтары жетім қалып жатыр
  • Ырғызда қырылған киік саны 3 мыңға таяп қалды
  • Ырғызда киік қырылып жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге