Жас балықшы: Өз ортамның ыңғайына қарай кәсіп қылып жүрмін

    Ақтөбе облысындағы балық қорының 80 пайызы Ырғыз ауданында. Соған қарамастан Ырғыздағы балық бағасы облыс орталығымен қарайлас. Мұны жергілікті балықшылар қыста балық аулаудың қиындығымен байланыстырып отыр.

    Ырғыздық балықшы Самғат Ерікұлын “Керек.info” тілшісі Сабындыкөлден кездестірді. Самғат ертемен көл басына келіп, үкі жасап кеткен. Өйткені, күннің көзі шықпай тұрып мұз қатты болады. Яғни, үкі жасауға өте ыңғайлы.

    -Кәнігі балықшылар қыстыгүні балық жиналатын орынды еш қиындықсыз таба алады. Оны “балық қазаны” деп те атаймыз. Қыста балық аулау оңай емес. Міне, бүгін құрған ауыма негізінен сазандар түсіпті. Жазда бұдан екі-үш есе көп түседі. Бұйырғаны болар- деді Самғат ауға түскен сазандарды жинап жатып.

    Айтуынша, Самғат ес білгелі балық аулайды. Осыдан екі жыл бұрын ағасы Мәулен Сабындыкөлді жалға алған. Содан бері Самғат әкесі Ерік екеуі күн құрғатпай көл басында.
    Қыстыгүні балық аулаудың қиындықтары мен құпиясы аз емес. Балықтарға оттегі жіберу үшін мұзды оятындары өз алдына Сабындыкөлдің тазалығы да жалға алушылардың мойнында.

    Балық аулау- Самғаттың ес білгелі таныс сүйікті кәсібі ғана емес, отбасы күнкөрісінің негізгі көзі де. Сабындыкөлден ауланған балық негізінен Ырғыздың базарларында сатылады. Ырғызда сазанның бір келісі 500 теңгеден. Тап осындай бағаға Ақтөбеден де сазан сатып алуға болады. Сондықтан ырғыздық балықшылар үшін Ақтөбеге балық тасымалдау аса тиімді емес.

    Ал мұз еріп, күн жылыған кезде балықшылардың бейнеті азая түседі. Өйткені, үкі жасап, ау салмаса қыста балық қармақты қаппайды. 19 жастағы балықшы өзінің азды-кемді тәжірбиесіне сүйене отыра қыстыгүні таңертең және түсте мол балық аулауға болатынын айтады. Түс ауып кеткеннен соң көл басына бару-бос әурешілік.

    -Қай істің де өз қиындығы болатыны анық. Балықшылықтың да бейнеті мен зейнеті бар. Мысалы, мен мамандығым бойынша дәнекерлеушімін. Бірақ бұл мамандық бойынша Ырғыздан жұмыс таппадым. Дипломым бойынша жұмыс керек-деп жер тепсінгенімнен кімге не пайда? Одан да өзім өскен ортаның ыңғайына қарай кәсіп қылып, нан таппаймын ба? –дейді Самғат.

    Ақтөбе облысындағы балық қорының 60-80 пайызы Ырғыз ауданында. Биыл аудан орталығынан балық өңдейтін зауыт ашылмақшы. Бұл туралы Ырғыз ауданының әкімі Мейірхан Дуанбеков 23 ақпан күнгі баспасөз конференциясында Ақтөбе ақпарат орталығында айтты.

    Бұл өлкеде Ырғыз, Торғай өзендерінен басқа: Өлкейек, Телқара, Қарақай, Ащысай, Сарыөзек, Шоңқай, Талдысай аталатын ұзынды–қысқалы өзен мен отыздан астам аумақты көл бар. Ырғызда балықтың 8 түрі кездеседі. Биыл жергілікті “Береке балық” ЖШС балық өндейтін зауыт салуды қолға алғалы отыр. Ол үшін жер телімі бөлінген. Көктемде серіктестік құрылыс жұмыстарын бастайды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ырғызда балық өндейтін зауыт ашылады
  • Бәрі біздің қолда!
  • Балықшы бір аптадан бері табылмай жатыр
  • Ырғыз өзені тасып жатыр
  • Шалқар көлінде балық қырылды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге