Қарғалыда құс фермасы ашылады

    Қарғалыда құс фермасы ашылады

    Қарғалыда құны 3,5 млрд теңге болатын құс фермасы ашылады. Жаңа ферма Ақтөбе облысында өндірілген етті Ресейге шығаруға мүмкіндік береді. Тағы бір жаңалық- биыл Қосестек ауылы мен Кемпірсай бекеті газдандырылады. Бұл жөнінде Қарғалы ауданының әкімі Рахат Сыдықовтың журналистермен кездесуі кезінде белгілі болды.

    Жаңа кәсіпорындар
    Қарғалыда жылына 5 мың тонна өнім шығаратын құс фермасы ашылмақ. Онда өндірілген бройлер еті көршілес Ресейге шығарылады. Бұл жөнінде баспасөз конференциясы барысында аудан әкімі Рахат Сыдықов айтты.

    Жоба құны 3,5 млрд теңгені құрайды. Оның ауқымды бөлігін, шамамен 2,5 млрд теңгесін “Қазагроқаржы” акционерлік қоғамы бөледі. Ал қалған 1 миллиард теңгесі жекенің қаражаты.Әкімнің айтуынша, жаңа құс фабрикасында 100 адам жұмыс істейді.
    - Құс фабрикасы өнімді нарыққа 2017 жылы шығарады. Келесі жылдан бастап қуаттылығы жылына 5 мың тонна өнім болады деп жоспарланып отыр. Жаңа құс фабрикасы 100 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етпек. Бройлер еті тек ішкі нарыққа емес, көршілес Ресейге де шығарылады,-деді әкім.

    Бұдан өзге биыл Қарғалы ауданында 100 бас ірі қара малға есептелген сүт-тауарлы ферма іске қосылмақ. Онда жаңа 20 жұмыс орны ашылады. Қазір ферманың меншік иелері мал басы санын арттыру мақсатында шетел қаражатын тартуды қарастырып жатыр.

    Балабақша кезегі
    Бадамша ауылында 74 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Бұл мәселе тек келесі жылы ғана шешімін табады. Қарғалы ауданының әкімі Рахат Сыдықовтың айтуынша, қазіргі таңда аудан балаларының 82 пайызы балабақшаға барып жүр.
    - Аудан орталығы Бадамшадан басқа жерде балабақша кезегі жоқ. Биыл біз 75 орындық балабақшаны жобалаймыз. Келер жылы мемлекеттік-жеке серіктестік аясында құрылыс жұмыстары басталады. Бұл аудандағы балабақшамен қамту үлесін 100 пайызға жеткізеді,-деді ол.

    Ауданның даму қарқыны
    Биыл Қарғалы ауданының Қосестек ауылы мен Кемпірсай бекеті газдандырылады. Ал Жосалы ауылының тұрғындарына көгілдір отын келесі жылы тартылмақ. Алдағы уақытта бұл ауылдарға клуб салынып, су да тартылады.

    Бұған дейін “болашағы жоқ” делінген Ақкөл ауылы да биылдан бастап дами түспек. Бұған қытайлықтар мен “Көктас-Ақтөбе” АҚ салып жатқан цемент зауыты себеп. 2018 жылы іске қосылуы тиіс кәсіпорында 300 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Қазір бұл ауылдағы 2 қабатты мектепте бар болғаны 12 бала оқиды. Жабылудың аз-ақ алдында тұр. Ауылда небәрі 34 үй бар. Елді-мекенде су тапшылығы жоқ. Алайда, әкім цемент зауыты ашылысымен өзге ауылдан көшіп келушілердің саны да көбейеді деп отыр.

    Рахат Сыдықовтың айтуынша, ауданның даму қарқыны жоғары. Мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Қосестек ауылында жеміс-жидек бау-бақшасын өсіру жөнінде пилоттық жоба жүзеге асырылмақ. Өткен жылы 3,5 гектар алқапқа жеміс-жидек ағаштары мен таңқурай отырғызылды. Болашақта 10 гектар алқапқа алма, алмұрт ағаштары мен құлпынай, таңқурай, сонымен бірге өзге де жеміс-жидек түрлері отырғызылады деп күтілуде. Сондықтан болашақта ауданда сүт кластерін құрып, балық шаруашылығы мен туризмді дамытуға мүмкіндік бар.

    -Қарғалы су қоймасы 250 млн текше метр суды сақтауға мүмкіндігі бар. Қазір онда 230 млн текше метр су бар. Кезінде бұл су қоймасын кәсіпкерлердің бірі 5 жылға басқаруға алған. Қазір оның жұмысы бізді қанағаттандырмай отыр. Онда балықтың бірнеше түрін өсіруге болады. Сондықтан биыл тендер өткізіп, балық шаруашылығын дамытуды қолға алмақпыз,-деді ол.
    Әкімнің сөзінше, Қосестек ауылына алдағы су тасқынынан қауіп жоқ. Соңғы үш жылдан бері су арнасы тазартылып, инертті материалдардың қоры құрылды.

    Биыл Қарғалы ауданының құрылғанына 95 жыл болады. Осыған орай жергілікті тұрғын Арман Бисекенов есімді азамат “Жылдар мен адамдар” атты кітап жазып шығарған. Оған автордың 20 жыл бойы Қарғалыда туып-өскен азаматтар, ұлттар туралы жинаған естеліктері, ауданның табиғаты мен тарихы туралы суреттері енген. Жиын соңында аудан әкімі Рахат Сыдықов журналистерге жаңа кітапты таныстырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ырғызда балық өндейтін зауыт ашылады
  • Алға ауданын газбен қамту 88 пайызға жетеді
  • Ақтөбеде цемент зауыты салынады
  • Тәртіптік кеңесті тыңдамаған әкім
  • Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге