Шалғайдағы жұрттың жанына жалау мекеме

    Шалғайдағы  жұрттың жанына жалау мекеме

    Ырғыз аудандық орталық ауруханасы жанындағы емхана тәулігіне 300 адамға қызмет көрсете алады. Аурухана заманауи талаптарға сай жабдықталған. Ғимараттың ауласына кіші қызметкерлердің өз қолымен жасаған мүсіндер қойылған.

    “Керек. info” тілшісі Ырғыз аудандық орталық аурухананың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Аула іші тап-таза. Кіші қызметкерлердің қолымен жасаған аңдардың мүсіні де алыстан көз тартады. Жанына ем іздеп келген науқастың жүрегіне жылылық ұялататындай.

    Ғимарат екі қабатты.Бірінші қабатта жедел жәрдем бекеті орналасқан. Екінші қабатта науқастар ем қабылдайды. Қазіргі заман талабына сай медициналық құрылғылармен жабдықталған. Аурухана 49 төсекке лайықталған. Емхана тәулігіне 300 адамға қызмет көрсете алады. Бөлмелері кең әрі жарық.

    “Керек. info” тілшісі босану бөлімшесінде жатқан аналармен де сөйлесті. Гүлбану Болшина Нұра ауылынан келген. 37жастағы Гүлбану кесер тілігімен төртінші баласын дүниеге әкелді. Ота сәтті өткен. Өзін және сәбиін ажалдан арашалап қалған дәрігерлерге деген алғысы шексіз. Ол осындағы дәрігер, медбикелердің жылы көзқарас, ерекше ілтипатына дән риза.

    Шалғайдағы  жұрттың жанына жалау мекеме

    - Мен мұнда түнгі мезгілде түстім. Қатты қиналып жатқанда олар менің жанымнан табылды. Тыным таппай науқас жанның шипагері болды. Ырғыз аудандық орталық ауруханасы қызметкерлерінің еңбегі адал, қызметтері қадірлі. Аурухананың күнделікті күйбең тірлігі болса да, әр науқасқа таза пейілдерімен, кіршіксіз көңілдерімен қарайды,-дейді нұралық Гүлбану Болшина.

    Өткен жылы “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша келген жас маман Ырғыздың ауруханасына педиатр болып орналасқан. Әйгерім Сүйіндікова - М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің үздік диплом иегері. Темір ауданының тумасы. Дипломмен Ырғызға келген ол баспана мен көтерме жәрдемақы да алған. Жас маман “Ырғыз аудандық ауруханасындағы медицина қызметкерлерінен үйренгенім көп” дейді.

    - Ырғызға тамыз айында келдім. Үй алдым. Қазір ана мен бала кабинетінде жұмыс істеймін.Бүгінгі таңдағы ең өзекті проблема- әйелдер босанғаннан кейін нәрестені емізуге құлықсыздық танытады. Бұл кабинетте жүктілікті жоспарлай білу, баланы емізудің артықшылығы, балалардың дамуы мен күтімі жайлы кеңес береміз. Ауру баланы күтуді үйретеміз. Қазір әйелдер өз ықтиярларымен келе бастады. Тәжірибем болмағасын басында қиналғаным рас. Ұжымым жақсы. Көмектесті, білгендерін үйретті,-дейді Әйгерім Сүйіндікова.

    Мемлекет ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөліп келеді. Ана мен бала кабинетінде жүкті әйелдер мен нәрестенің психологиялық, физиологиялық дамуына ықпал ететін құрылғылар бар.

    Ауданда телемедицинада жолға қойылған. Орталық ауруханада аудан тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оның бір кепілі- халық телекөпір арқылы кеңес ала алады. Телемедицина кабинетінде ай сайын он науқасқа көмек көрсетіледі.

    Бүгінгі таңда Ырғыз ауруханасында 32 дәрігер, 119 медбике қызмет атқарып жүр. Тек хирург маман жетіспейді. Аудандық аурухананың бас дәрігері Жасқайрат Сүлейменов бұл олқылықтың орны биыл толатынын да жеткізді. Білікті басшы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін биыл тәмамдайтын студенттерді жұмысқа алуға ниет білдіріп отыр.

    Жыл сайын өткізілетін скринингтік тексеру де оң нәтиже беріп келеді. Тексерудің алғашқы кезеңін аурухана шеңберінде анықтайды. Егер науқаста аурудың түрі байқалса, облыс орталығына жолдама беріледі. Жағдайы ауыр науқастарды облыс орталығына жедел жәрдем көлігімен жеткізеді.

    Ұжым тәрбие мәселесін де алдыңғы орынға қояды. Ауруға ем іздеп келгендерге, жылы сөйлеп, адамгершілік қасиет таныту- дәрігерлер мен мейірбике, санитарлардың да басты міндеті. Басшылық жыл сайын медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында “Үздік дәрігер”, “Үздік мейірбике”, “Үздік санитар” конкурсын өткізіп тұрады. Кәсіподақ ұйымы - ұжымның күнделікті қызметіндегі ауызбіршіліктің ұйытқысына айналған. Қызметкерлер адал еңбектеріне қарай еленіп, марапатталып отырады.

    Өткен жылы ауданда 344 сәби дүниеге келген. Ана өлімі тіркелмеген. Тұрғындардың өмір сүру көрсеткіші артқан. Мұны бас дәрігер Жасқайрат Досқалиұлы соңғы жылдардағы скринингтік тексерудің беріп жатқан мүмкіндігімен байланыс-
    тырды. Осыған орай, тұрғындар да өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамай, көңіл бөле бастағандығын аңғартады.

    Ырғыз аудандық орталық аурухана ғимаратының іргетасы қаланып, пайдалануға 1976 жылы берілген. Оған дейін Ырғыз өңірінде тұрғындарға арналған он төсектік аурухана 1887 жылы ашылған. Ауруханаға қарасты 5 дәрігерлік амбулатория мен 14 медициналық пункт халыққа тиісті дәрежеде медициналық көмек көрсетіп келеді. Тұрғындарды қатерлі ісіктен алдын алу мақсатында акция, шаралар ұйымдастырылады.

    Соңғы жеті жылдың ішінде Аманкөл мен Қызылжар елді-мекеніне дәрігерлік амбулатория, Шеңбертал, Жайсаңбай, Қалыбай, Ақши елді-мекендеріне жаңадан медициналық пункттер салынған. 128 жылдық тарихы бар аурухананың шалғайдағы жұрттың денсаулығын сақтауға қосып отырған үлесі қомақты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысына 100-ге жуық дәрігер қажет
  • EURO DENT кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек көрсетуге дайын
  • Ауылға барған жас маман пәтер жағалап жүр
  • Ырғызда 4 баланы ит қауып алды
  • Елбасы жаңа облыстық ауруханаға барды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге