Бұлақтыкөлдің халқы май аралас су ішіп отырғандарын хабарлады

    Байғанин ауданындағы Бұлақтыкөлдің тұрғындары ауыз судан тапшылық көріп отыр. Халық оны 22 шақырым жердегі Абай ауылынан тасып ішуге мәжбүр. “Керек. info” тілшісіне шағымданған ауыл тұрғыны Аманжол Есенғұлов осылай дейді.

    Зейнеткердің айтуынша, ауылға осыдан екі жыл бұрын су құбыры тартылған. Алайда, оның суы ішуге жарамсыз.

    -Ауыз су жоқ. Ауылдан 22 шақырым қашықтықта орналасқан Абай кеңшарынан тасып ішіп отырмыз. Ауылда 86 түтін бар. 10 тонналық су таситын машинаның әкелгені небәрі 5 үйге жетеді. 2014 жылы Ақтөбеден су тексеретін адамдар келіп, 3 шақырым жерден құбыр тартты. Суды үйге кіргізіп қойды. Тұщы суды арнайы тексеруден өткізіп, жарамды деп тапты. Алайда, оны іше алмай отырмыз. Ыдысқа жарты сағат тұндырып қойсақ, бетіне май қалқып шығады.Шелегіміздің түбі даттанады. Бәлкім, мұнайдың майы шығар, кім білсін?! Ол суды тек мал мен ауламыздағы көкөністі суаруға ғана пайдаланап отырмыз -дейді Аманжол Есенғұлов.
    Ауыл тұрғындарының мұңын жеткізген зейнеткер бұл мәселеден аудан әкімінің де хабардар екенін айтады. Тұрғындар ішуге жарамсыз суды бөтелкеге құйып әкеліп, әкімге көрсеткен. Аманжол Есенғұловтың айтуынша, ауылдан 7 шақырым жерде тұщы судың тағы бір қоры бар. Шенеуніктер Бұлақтыкөлге ауыз суды сол жерден тартпаса, халық ауруға шалдығамыз ба деп алаңдайды.

    Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Айбек Қайырдың айтуынша,Бұлақтыкөлге су құбыры халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін “Ақ бұлақ” бағдарламасы бойынша тартылған.

    - Су құбыры 2014 жылы “Ақ бұлақ” бағдарламасы бойынша тартылды. Оған бюджеттен 102 млн 270 мың теңге бөлінді. Судан сынама алынып, жарамдылығы тексерілді. Жергілікті эпидемиологтардың берген қорытындысы бойынша, суды ішуге болады. Техникалық талап бойынша, ауыл халқы тәулігіне 114 текше метр су тұтынуы тиіс. Алайда, қазіргі тұтыну мөлшері небәрі 2,5 текше метрді құрап отыр. Мүмкін, халық көп тұтынбағандықтан, құбырдың бойындағы су ластанатын болар. Дегенмен, бізге ауыл тұрғындары тарапынан еш шағым түскен жоқ, -дейді басқарма басшысының орынбасары.

    Шенеуніктер жаңа су құбырын тартуға ешқандай қажеттілік жоқ деп санайды.Сондықтан ауыл тұрғындарына ауыз суды алыстан тасып ішуден басқа амал қалмай тұр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ақтөбе облысындағы 5 ауыл ауыз суды тасып ішіп отыр”
  • Ауыз су қымбаттайды
  • Жем қаласына ауыз су тартылды
  • Ақтөбеде жер қанша тұрады?
  • Жайсаңбай ауылы ауыз судан қиналып отыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге