Мұғалжарда теріс ағым жетегінде жүрген 270 адам бар

    Мұғалжар ауданында теріс ағым жетегінде жүрген 270 адам бар.Өткен жылы Қандыағаштан бір келіншек отбасы мен балаларын тастап Сирияға кеткен. Бұл туралы “Ақтөбе ақпарат” орталығында өткен брифингте Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтов айтты.

    Наурыз айының 15-і күні Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтов журналистермен кездесті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады. Алда атқарылуы тиіс жоспарларымен бөлісті.
    Мұғалжар-Ақтөбе облысындағы діни ахуалы күрделі аудандардың бірі. Серік Шаңғұтовтың айтуынша, ауданда теріс ағым жетегінде жүрген 270 адам бар. Былтыр олардың саны 280 адам болған. “Жұмыс күшейтіліп, бақылауға алынғасын” радикалды исламды ұстанушылар саны он адамға азайды. Былтыр мамыр айында ауданның бір тұрғыны отбасын тастап, Сирияға кетіп қалған. Күйеуінен ажырасқан ол әйелдің ата-анасы қазір Қандыағашта тұрады. Бұл отбасы құзырлы органдардың назарында.Әкім журналистерге содан кейін Сирияға кеткендер тіркелмегенін айтты.
    Мұғалжар ауданындағы “Темір-Сервис” пен “Базальт-А” ЖШС бірнеше айдан бері жұмысшылардың жалақысын бермеген. Бұл жайдан аудан әкімі де хабардар. Серік Шаңғұтов компания директорларымен кездескенін, жұмысшылардың еңбекақысы сәуір айына дейін төленетінін айтып уәде берді.

    Аудан әкімі Серік Шаңғұтов облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың берген тапсырмасы рет-ретімен орындалып жатқанын да мәлімдеді. Өңірдегі экологиялық ахуал мен жолдардың жағдайы да назардан тыс қалмаған. Өйткені, жолдың жайы да көңіл көншітпейді. Биыл Қандыағашта жеті, Ембіде үш көшеге асфальт төселеді. Жобалық-сметалық құжаты дайын. Оған 995 миллион теңге қаражат керек.
    Кезінде спортпен шұғылданып, тренер болған әкім спорт саласына ерекше көңіл бөлетінін мақтанышпен жеткізді. Осыған орай спорт кешендерін салуды қолға аламын деп отыр. Қол добынан Қандыағаш қаласының “Намыс” командасы үш жыл қатарынан ҚР 4 дүркін чемпионы атанған.
    Мұғалжар ауданын 10 жылдан бері басқарып отырған Серік Шаңғұтов қазіргі тұрып жатқан үйінің өз атында еместігін де айтып өтті. Әкімнің сөзіне қарағанда,ол 115 шаршы метрлік баспананы жалдап отыр. Үй иесі оны әкімге сатқысы келмеген.
    Мұғалжардың денсаулық саласында да проблема аз емес. Былтыр аудан орталығы Қандыағаштағы №5 мектепте бірнеше оқушы туберкулезге шалдыққан еді. Осыдан кейін қабырғасы сыз тартып тұрған ескі мектептің жайы сан мәрте көтерілді.
    - Мектеп оқушылары флюрографиядан өтті. Балаларды кезек-кезек Ақтөбедегі “Шағала” санаторийіне жіберіп жатырмыз. Былтыр №5 мектепті жартылай жөндедік. Ауыз, су жылу құбырларын ауыстырдық. Енді қалған 180 миллион теңгеге жаңа жабдықтар сатып аламыз,-деді аудан әкімі Серік Шаңғұтов.
    Мұғалжар -Ақтөбе облысындағы құрамына үш қала Қандыағаш, Ембі мен Жем кіретін ірі аудандардың бірі. Былтыр аудан экономикасына 73,0 млрд теңге инвестиция тартылған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көк мұз Мұғалжардың 5 ауылын жарықсыз қалдырды
  • Бердібек Сапарбаев әкімдерге туыстарын жұмысқа алмауды ескертті
  • Әйтеке би ауданында 32 көшенің төртеуі асфальтталған

  • Мұғалжар ауданы әкімінің үйі жарықсыз қалды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге