Мәртөкке биыл 31,5 млрд теңгенің инвестициясы тартылады

    Мәртөктегі 129 үйге биыл газ беріледі.Тағы бір жаңалық- мүмкіндігі мол өңірге биыл 31,5 млрд теңгенің инвестициясы тартылмақ. Бұл жөнінде аудан әкімі Нұржауған Қалауов “Ақтөбе ақпарат” орталығында өткен жиын барысында айтты.

    Мәртөкке инвестиция тартылмақ
    Мәртөк ауданында ауыл шаруашылығы дамыған. Бірақ әлеуеті мол өңір әлі күнге дейін өзін-өзі қаржыландыра алмай отыр. Алдағы жылы бұл мәселе шешімін табуы мүмкін. Өйткені, биыл Мәртөкке 31,5 млрд теңгенің инвестициясы тартылады. Бұл жөнінде Мәртөк ауданының әкімі Нұржауған Қалауов айтты.
    -Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс пен инвестицияның көрсеткіші төмен. Ауданда 11 кәсіпорын жұмыс істейді. Шағын кәсіпорындар болғанына қарамастан, олар тек Ақтөбе облысын ғана емес, еліміздің басқа аймақтарын да қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылы өндірісте 2 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Биыл “Ақжан” компаниясы қиыршық тас құм қоспасын өндірмек. Мәртөкте печенье де пісіріледі. Мал азығы өндіріледі. Сондай-ақ, биыл “Шоқаш” титан-церконий кенінде комбинат құрылысы басталады. Вахталық елді мекен салынбақ. Бұл құрылыс іске қосылысымен, жаңадан 300 жұмыс орны ашылады,-деді әкім.
    Ауданда қазір Батыс Қазақстанда теңдесі жоқ тері илеу цехы жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын өнімі қазір Италия мен Испанияға тасымалданып жатыр. Сиыр терісінен жасалған етік кейін елімізде сатылады.
    Жиын барысында бірер жыл бұрын “вагон шығарамыз” деп жарнамасы жер жарған өндірістің жайы да сөз болды. Зауыт құрылысы басталмай жатып, аяқсыз қалған. Қазір Құмсай ауылында 20 үй қаңырап бос тұр. Бұл болашақ жұмысшыларға салынған баспана болатын. Жергілікті әкімдік алдағы уақытта бұл үйлерді оралмандар мен жас отбасыларға беруді жоспарлап отыр.

    Газ бен судың “жыры”
    Мәртөк ауылындағы 129 үй үш жылдан бері көгілдір отынның қызығын көре алмай отыр. Биыл аудан орталығында тұратын халыққа газ беріледі.
    Аудан әкімі Нұржауған Қалауовтың айтуынша, бүгінде 34 елді мекеннің тек алтауында ғана газ бар. Алдағы уақытта көгілдір отынның қызығын Сарыжар, Жайсаң мен Қазан ауылдарының халқы да көрмек. Әзірге газ құбырларын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалған. Әкімдік қаржыландыруды күтіп отыр.
    Қазіргі таңда Мәртөк ауданындағы 64 елдімекеннің 21-і орталықтандырған су жүйесімен қамтылған. Бұл аудан халқының 89 пайызын құрайды.

    Мәртөкте қазақ тілінің хәлі мүшкіл
    Мәртөкте қазақ мектептері аз. Ауданда 33 мектеп болса, оның небәрі төртеуі ғана таза қазақ тілінде сабақ береді. Оның екеуі 11 жылдық, өзгесі аралас және орыс мектептері. Бұл жөнінде аудан әкімі Нұржауған Қалауов айтты.
    Оған себеп, Мәртөкте өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған. Аудан халқының алпыс пайыздан астамы ғана қазақ. Соңғы жылдары ғана қазақ тілінде білім алғысы келетін балалардың саны көбейе бастады. Бұған жол бойындағы бес ауылға өзге аудандардан қазақ отбасылары мен оралмандардың көшіп келуі себеп.

    Қазіргі кезде Сарыжар, Қараторғай, Тәңірберген орта мектептерінде 5-6 өзге ұлт өкілі ғана қалған. Әкім болашақта бұл мектептерді түгелдей қазақ тілінде білім беруге көшіретіндігін айтып, уәде етті. Жиынға келген журналистер Мәртөктегі №1 орыс мектебінің қабырғасына жазылған Лениннің “Оқы, оқы және оқы” деген сөзін ауыстыруды ұсынды. “Сынды ескеріп, мектеп қабырғасына Нұрсұлтан Назарбаевтың қанатты сөзін жазамыз ”,- деп сендірді әкім.

    Балабақша мәселесі
    Мәртөк ауданында 600-ден астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Бұл өзге аудандармен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Аудан әкімінің сөзінше, балабақша жасындағы балалардың 96 пайызы мектепке дейінгі дайындықпен қамтылған.
    -Мәртөкте шамамен 400, Хлебодаровкада 200, Жайсаңда 50 бала балабақша кезегін күтуде. Осыдан екі жыл бұрын 280 орындық балабақшаның құрылысын салғымыз келген. Қаржылық дағдарысқа байланысты бұл мүмкін болмай тұр. Қазіргі таңда Мәртөк ауданында жеке кәсіпкер 300 орындық балабақша ашқалы жатыр. Хлебодаровка ауылында да 2 кәсіпкер 50-70 орындық мектепке дейінгі мекеме ашуға ниет білдіруде. Бұл біраз мәселені шешеді деген ойдамын,-дейді әкім.

    Ескірген жолдардың жайы
    Мәртөк ауданы «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автокөлік жолының бойында тұр. Биыл бұл жерде 25 кэмпинг пен 5 жанар-жағар май бекеті ашылмақ. Бұл жол бойындағы бизнесті дамытуға мүмкіндік ашады. Десе де өңірде шұрық-тесік жолдар көп. Кей ауылдардағы автокөлік жолдары өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынған. Аудан орталығындағы жолдарға 3-4 жыл бұрын жөндеу жүргізіліпті. Алайда, оның өзі де ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Мәртөктің Қызылжар, Байтұрасай ауылдарына баратын жолдар әбден ескірген. Бір ғана жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 12 млн теңге қажет. Дотациялы аудан болғандықтан, Мәртөкте мұндай қаражат жоқ. Қазір жөндеу жұмыстарына қаржы іздестіріліп жатыр. Әзірге әкімдік жолды өз күштерімен жамап-жасқауға мәжбүр.

    Нұржауған Қалауов Мәртөк ауданының әкімі болып былтыр тағайындалған болатын. Оған дейін діни ахуалы өте күрделі Темір ауданында аудан әкімінің орынбасары болды. Атышулы Шұбарши оқиғасының бел ортасында жүрді. Темірліктердің арасында беделі де зор. Ал Мәртөктегі діни ахуал бірқалыпты. Бірақ ауданда 40 шақты өте өзекті мәселе бар. Шенеунік бұл мәселелерді 2020 жылға дейін шешуді өзіне міндет етіп отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мұғалжарда теріс ағым жетегінде жүрген 270 адам бар
  • Қарғалыда құс фермасы ашылады
  • Әйтеке би ауданында 32 көшенің төртеуі асфальтталған
  • Алға ауданын газбен қамту 88 пайызға жетеді
  • Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге