Бауыржан Қаниев: Темір ауданының проблемасы бір жылда шешілмейді

    Темір ауданы өндірісі мен мал шаруашылығы қатар жүрген аудан. Ауданның жалпы экономикалық, әлеуметтік мәселелері де аз емес. Бұл туралы 25 наурыз күні “Ақтөбе ақпарат” орталығында Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниев мәлімдеді.

    Темір өңірі Ақтөбе облысының діни экстремизмі өршіп тұрған аудандарының бірі. Бұл туралы БАҚ жиі жазады. Одан бөлек мал ұрлығы жағынан да Темір ауданы суырылып алға шықты.

    Ардақ Құбашева, Кеңкияқ кентінің тұрғыны:
    - Ауданда 48 000 ірі қара, 150 000 қой ешкі, 8 000 жылқы, 350 түйе бар. Осыған қарамай мал өнімдерін өңдейтін бірде бір орын жоқ. Бұрын совет үкіметі кезінде аудан орталығында сүт өнімдерін өңдейтін зауыт болды. Колбаса дайындайтын, лимонад жасайтын цехтар болды. Темір қаласында май зауыты болды. Қазір аудан көлемінде мал өнімдерін өңдейтін бірде бір қожалық, не жеке кәсіпкер жоқ. Инвестиция тарту атымен жоқ. Егіспен айналысу құрыды. Темір, Ойыл, Шилі өзендері мен оның сулы салалары жеткілікті. Неге суармалы егіс, бау бақша егуді дамытпасқа? Бұрын Шығырлы, Ақсай ауылдарында ауданды қамтуға жетіп артылатын капуста, жуа, картоп, қауын, қарбыз еккен топырағы құнарлы жерлер бос жатыр.
    Ауданда мал ұрлығы өршіп тұр. Биыл барымташылар 150 бас ірі малды жайылымнан атып әкеткен. Халық арасында ұрлап жүргендердің кімдер екенін ашып, аты – жөніне дейін айтып жүр. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесуде де бұл мәселе көтерілген болатын-дейді Кеңқияқтың тұрғыны. Ауданда малдың жиі қолды болатынын әкімнің өзі де мойындап отыр.

    - Мал ұрлығы көп екенін жасырмаймын. Тұрғындар ортақ өріске малдарын қоспайды. 500 теңгесін аяйды. Содан кейін қараусыз жүрген мал қолды болмағанда не істейді? Егер ортақ өрісте жоғалса, бақташы жауап берер еді. Жоғалған малын 4-5 ай бойы іздемей, облыс әкімі келгенде үлкен мәселе қылып айтып отыр,- деп Темір ауданының әкімі тұрғындарға кінә жапты.

    Темір ауданының экологиялық ахуалы да мәз емес. Мұны аудан басшысының өзі де мойындайды.
    - Мұнай тартып жатқан аудан болған соң, экологиялық жағдайдың басқа өңірлерге қарағанда қиындау екені рас. Бірақ, адамдардың денсаулығына мән беріп, уақытылы ем-домын алуға жағдай жасауға тырысып келеміз-дейді әкім.
    2015 жылы ауданда 198 қылмыс жасалған, оның 14-і ауыр қылмыс. Кәмелетке толмаған 205 жасөспірім ұсталды. Жыл басынан бері үш айда 59 қылмыс тіркелген. Жастар арасында қылмыстың көптігіне әкім “ата – ана жауапты” дейді.

    - Жақсы оқып, спортсмен болса, баласымен мақтанады. Ал қылмыс жасаса, билік кінәлі деп шығады. Үйдегі тәртіп пен тәрбиені қадағалаңдар деп ата аналарға қашан да айтып жүремін, -деді Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниев.

    Аудандағы діни ахуалдың тым күрделі екенін әкім мұнай өндірісімен байланыстырды.
    - Өздеріңізге белгілі, мұнайлы өлкеміз. Жан-жақтан қызығушылық танытатындар көп. Бірақ дін жолын ұстанып, былтыр Египетке кеткен 10 адамның бесеуі қайтып келді. Олар өз қатесін түсінген болуы керек,- деді Бауыржан Қаниев.
    Бауыржан Қаниевтің айтуынша, 2015 жылы аудан бюджетіне 3 млрд 20 млн теңге түсім түскен. 19 млрд 487 мың теңге инвестиция тартылған. Өндіріс өнімінің көлемі 100 млрд 778 млн теңгені құраған.

    - Ауыл шаруашылығы саласында 11 млрд 797 млн теңгенің өнімі өндірілді. Бұл ойыншық па? “Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық” бағдарламалары бойынша барлығы 187,3 млн теңгеге 1590 бас мал алынды. Қазір адамдар мал сатып алудың пайдасын түсініп келеді. Жұмыс істегісі келмейтін адамға ақша аспаннан жаумайды. Еңбек етем дейтін жастар болса, ауданымызда құшақ жая қарсы алуға дайын отырмыз,- деді Бауыржан Қаниев.

    Әкім сондай-ақ, 2016 жылдың жоспарында Кеңкияқ-Жаңажол тас жолы бойында 1 кемпинг пен 25 адамдық шағын мейманхана, шұбатхана, 2 газ құю бекетінің құрылысы бар екенін жасырмады.
    Жергілікті жастарды мұнай компанияларына жұмысқа алмайтыны рас па?-деген журналистердің сұрағына Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниев екіұшты жауап берді. Аудан әкімінің айтуынша, жастардың өздері ауылда қалып жұмыс жасауға құлықсыз.

    Кеңқияқ кентінің ортасымен өтетін “Ақтөбе-Атырау” тас жолының бойын жарықтандыру үшін жергілікті кәсіпкер құны 13 млн тұратын күн батареясын орнатқан. Бірақ сол құрылғы әлі күнге жұмыс істемей тұр. Баспасөз маслихатында журналистер бұл мәселеге де соқпай өтпеді.
    - Рас, күннен қуат алатын жарық құрылғысының салынғаны шындық. Бірақ ол құрылғыны кәсіпкер өз қаражатына салды да, кейін тас-тап кетті. Бюджеттен бір тиын да бөлінген жоқ. Кәсіпкер бастаған ісін ары қарай жалғастырамын десе, қазір қабылдауға дайынмын,- деді Бауыржан Қаниев.

    Әкім тұрғын үй құрылысы мен коммуникациясын өз қаражатына тарттырамын деуші азаматтарға жерді кезектен тыс беремін -деді.
    - Әкім жерді кезектен тыс таратып жатыр деп халық шуламасын. Салатын үйіне коммуникация желілерін өз қалтасынан ақша шығарып тартатын адам болса, жер беріледі. Және сөз соңында айтарым, Темір ауданының қордаланған мәселесі бір жылда шешілмейді. Оған уақыт керек,- деді Бауыржан Қаниев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бауыржан Қаниев: Египетке кеткен 10 адамның бесеуі қайтып келді
  • Бердібек Сапарбаев әкімдерге туыстарын жұмысқа алмауды ескертті

  • Темір ауданында қылмыс көбейген
  • Жарылыстан екі адам қаза тапты
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге