Ойылда 37 үй тұруға жарамсыз болып қалған

    Ойыл ауданында жаңбыр жауып, 37 үй тұруға жарамсыз болып қалған. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Шоқан Тлеумағанбетов бұған тұрғындардың өзі кінәлі деп отыр. Айтуынша, 20-30 жыл бұрын салынған ескі үйлерге жөндеу жүргізілмеген.

    Ойыл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Шоқан Тлеумағанбетов 19 сәуір күні “Ақтөбе ақпарат ” орталығына келді. Ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады. Биыл атқарылуы тиіс істерге тоқталды.

    Шоқан Тлеумағанбетовтің айтуынша, көктемде жаңбыр жауып, 37 үй тұруға жарамсыз болып қалған. Қазір зардап шеккендер туыстарының үйі мен коммуналдық пәтерлерде тұрып жатыр. Шенеунік бұған тұрғындардың өзі кінәлі екенін айтты.

    - Көктемде 37 үй жарамсыз болып қалды.Оның 18-не материалдық көмек керек. Он бір үйдің мүлде құжаты жоқ болып шықты. Олардың бәрі осыдан 20-30 жыл бұрын салынған үйлер. Содан бері ешқандай жөндеу жүргізілмеген. Төтенше жағдай болған жоқ. Жауған жаңбырдың салдарынан ескі үйлердің төбесі құлаған. Тұрғындарды бос тұрған коммуналдық үйлерге орналастырдық. Кейбіреулері өздерінің қолхаттарымен туыстарының үйін паналап жүр.Тұрғындар жалқау. Мен Көптоғай ауылдық округіне қарасты Амангелді елді мекеніне он күннен кейін барғанымда,тұрғындар баспанасын әлі жөндеуге асығар емес. Қол қусырып отыр. Олардың ішінде жап-жас, мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер де бар, -дейді Шоқан Қабиболлаұлы.

    Арнайы комиссия құрылған. Әр үйге кеткен шығынды анықтаған.
    Шоқан Қабиболлаұлы тұрғындар көлемі сегізде он етіп үй салатынын жеткізді. Айтуынша, жергілікті әкімдік үй іргетасын қалауға цемент, төбесінің шатыры мен ағаштарын алып береді. Яғни, әр үйдің құнына қарай қаражат бөлінеді.

    Ойыл ауданы тұрғындары үшін ең өзекті мәселе – көгілдір отын. Баспасөз конференциясында биыл ауданға газ берілетіні белгілі болды. Сметалық құны 3 163 937, 0 мың теңге болатын табиғи газ құбыры өткен жылы аудан орталығы шекарасына келген. 2016 жылы сәуір-қазан аралығында газ құбыры жүргізіледі.

    Ойыл ауданы облыс орталығынан 295 шақырым қашықтықта орналасқан. Бүгінде 19 050 халық тұрып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде сегіз отбасы баспанасыз қалды
  • Қобда ауданы болашақта туризм кластеріне айналады
  • Ырғызда балық өндейтін зауыт ашылады
  • Ақтөбеде екі отбасы баспанасыз қалды
  • Қираған жатақхананың тұруға жарамсыздығы 5 жыл бұрын айтылған
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге