Облыс басшысы Мәртөкке жиі келетіндігін ескертті

    Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мәртөк ауданына іс- сапармен барып, ондағы егін жұмыстарының қалай жүріп жатқанын бақылады.

    Аудан егіс жұмыстарын уақытылы аяқтауға әзір
    Облыс әкімі жергілікті шаруа қожалықтарының басшыларымен танысып, олардан егіс жұмыстарының қалай жүріп жатқанын сұрады. Мәртөктің диқандары бірауыздан егіс жұмыстарын 5 маусымға дейін аяқтау керектігін айтқан. Осыған байланысты қазіргі таңда аудандағы егіс алқаптарының кемінде 60 пайызына тұқым себілген.
    67 мыңнан аса га жері бар “Родники” ЖШС-інің директоры Василий Бондарев егіс жұмыстарын 2-ші маусымда аяқтайтындығына уәде етті.
    - Биыл жоспар бойынша “Родники” ЖШС 19 мың жерге егін екті. Олардың ішінде арпа, судандық шөп, бидай егілді. Арпа мен судандық шөпті толығымен егіп болдық, ендігі ретте бидайды егіп жатырмыз. Тәулігіне 120-140 га жер өңдейтін 4 трактор жұмыс істеуде. Егілмеген 6600 га жер қалды. Биыл жер өте ылғалды. Бұл жұмыстың өнімділігіне кері ықпал етеді. Егіс жұмыстарын 1 маусымға дейін аяқтаймыз деп жоспарлаған едік, алайда жұмысты 2 маусымда аяқтауға мәжбүрміз,-дейді ол.

    Бос жатқан жерлер көп
    Бердібек Машбекұлы Мәртөк ауданының құнарлы жерге бай екендігін тілге тиек етіп, суармалы егіндерді көбейту жөнінде тапсырма берді.
    - Мәртөк ауданындағы елді мекендердің құнарлылығы 40-45 балл бонитетті құрайды. Оның үстіне жаңбыр көп жауып, жер қатты көктеген. Қазір Мәртөк ауданында суармалы жердің аумағы бар болғаны 2600 га ғана. Ал ол көрсеткіш кемінде 5000 га-дан асу керек,-деді ол.
    Еске сала кетейік, 2015 жылы Ақтөбе облысында суармалы жердің тек жартысы ғана пайдаланылды. Биыл суармалы жердің ауданы ұлғаймақ.
    Облыс әкімі егін шаруашылығы үшін облыстағы 3 су қоймасы мен 30 шақты өзендердің тиімді пайдаланбай жүргендігіне қайран қалды.
    - Елек өзені бойын араладым. Сол жерде бос жатқан жерлер өте көп. “Қайсар” ЖШС өз меншігіне алған, ал ол оны мүлде пайдаланбайды. Бұлай істеуге болмайды. Бұл жер инспекциясы мен облыстық ауыл шаруашылық басқармасының нашар жұмыс істегенінен деп ойлаймын. Оның барлығын біз қалпына келтіреміз. Аудан өзінің мүмкіндігін толығымен пайдалану керек. Аудан, бірінші кезекте, облыс орталығының халқын арзан, сапалы тамақпен қамтамасыз ету керек,-деп Бердібек Сапарбаев шет елдерден азық-түлік өнімдерін тасымалдауды доғару керектігін айтты.
    Әкімшлікке құжаттар тапсырып, шабындық жер ала алмай жүрген шаруалар да кездесті. Мәселен, өз ауылында жалғыз өзі ғана егіншілікпен айналысып жүрген Бауыржан Жантілеуов екен. Ауыл тұрғындарының қалғандары жұмыссыз отыр.
    - 220 га егістік, 220 га жайылым жер бар. Бірақ шабындық жерім жоқ. Былтыр әкімшілктен жер сұрасам, жер берілмейді деген жауап қатты. Қарасұр жердің барлығы әр түрлі ЖШС-інің меншігінде жатыр. Ауыл тұрғындарының көбісі жұмыс жоқтықтан вахтаға кетіп қалып жүр,-дейді ол.

    Ауданда мал жоқтың қасы
    Суармалы егін түгіл Мәртөк ауданында мал шаруашылығы да ақсап тұрғандығын әкім алға тартты. Бұдан бөлек аудан тұрғындары “Ырыс”, “Құлан”, “Алтын асық”, “Сыбаға” сияқты ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған бағдаламаларды некен-саяқ пайдаланады екен.

    - Тек қана егіншілікпен емес, сонымен бірге мал шаруашылығымен айналысатын адамдарға да жеңілдіктер беру қажет. Әйтпесе, қызығушылық болмайды. Ауыл тұрғындары қыстыгүні немен айналысады? Олар да жұмыс істеу керек, оларға да отбасын тамақтандыру керек,-деді Бердібек Сапарбаев.
    Сонымен қатар, облыс әкімі ауданда жылқы, сиыр, қой өсіруден бөлек қаз, үйрек, ешкіні де көбейту керектігін жеткізді. Оның ойынша, қазір облыс тұрғындары өз денсаулықтарына зор көңіл бөлуде. Осыған орай, дәрумендерге бай ешкі сүтін кең көлемде өндіру өзекті міндеттердің бірі болып табылады.

    Бұл ретте облыс әкімі “Ақбар” шаруа қожалығының басшысы Серік Жақсыбаевты бірнеше рет мақтады. Ол қазаққа тән емес шаруашылық – қаз өсіруді қолға алыпты және ақ қайыңдарды егіп қойған.

    - 2000 жылдан бері егінмен егумен айналысамын. Бүгінгі таңда 5-6 мың га жерде егін шаруашылығына арнадым. 1500 бас жылқы, 1300 бас ірі қара мал бар. Соның ішінде 600 бас асыл тұқымды, 507 бас етті бағытында өсірілген малдар. Тағы 200 бас асыл тұқымды мал әкелеміз деп жоспралап отырмыз. Башқұртстаннан 5000 бас қаз келе жатыр, соның 1000 басы асыл тұқымды. Мемлекет тарапынан өте көп қолдаулар көрсетіледі. Былтыр “Ырыс” бағдарламасымен 60 млн теңгеге 100 бас қашар алдық. 104 га суармалы жерге картоп, жүгері егеміз,-дейді Серік Жақсыбаев.

    Айта кетейік, биыл Ақтөбе облысында бес жүз мыңнан астам гектар жерге егін егіледі деп жоспарланған. Былтырғы жылмен салыстырғанда егіс алқаптары ұлғайған. Астық үшін үш жүз мыңнан аса га жер берілсе, мал азығы үшін жүз мыңнан аса гектар жерлер бөлінген. Сонымен қатар, көкөніс пен дақылдар егу үшін де жер бөлінген.

    Аудан орталығында интернат ашылмақ
    Кездесу соңында Бердібек Сапарбаев аудандағы бала тәрбиесі жөнінде де сөз қозғады. Оның айтуынша, мектеп директорлары әр баланың демалуға қайда кеткендігі туралы білу қажет. Өйткені, құқық бұзушылықтар жаздыгүні болады екен. Сонымен қатар, облыс әкімі бір мұғалімнің бірнеше пәннен сабақ беру дағдыларын сынға алды.

    - Елдің болашағы – балалардың біліміне қауіп төндіруге болмайды. Оларға сапалы білім қажет. Одан да аудан орталығында интернат ашайық. Сол жерде балаларды оқытамыз,-деді ол.
    Жиынның соңында облыс басшысы Мәртөк ауданы Ақтөбе қаласына жақын болғандықтан, тапсырманың орындалуын тексеру үшін Мәртөкке жиі келіп тұратындығын ескертті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында 120 мың гектар жер бос жатыр
  • Бауыржан Қаниев: Египетке кеткен 10 адамның бесеуі қайтып келді
  • Бердібек Сапарбаев әкімдерге туыстарын жұмысқа алмауды ескертті
  • Бердібек Сапарбаев: Бұл – түгі жоқ Ырғыз, Шалқар емес, бұл – Хромтау!
  • Биыл 530 мың гектарға егін егіледі
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге