Ырғызда бір апта бойы көшедегі колонкалардан су ақпаған

    Ырғыз ауданында бір апта бойы көшедегі колонкалардан су жөнді ақпаған. Тұрғындар судан қиындық көрген. Аудандық коммуналдық су шаруашылығы кәсіпорнының директоры Амангелді Бақтыбаев қолайсыздықтың болғанын растады. Айтуынша, оған себеп – скважендердің жанып кетуі.

    Ырғыз ауданының орталығында бір апта бойы көшедегі колонкалар жұмыс істемей қалған. Су жөнді ақпаған. Соның салдарынан бәк сүйреген тұрғындар ұзын сонар кезек күтуге мәжбүр болған. “Керек. info” редакциясына осы мәселені айтып бірнеше тұрғын хабарласты. Солардың бірі-Таланды Мұқанқызы. Сәрсенбаев көшесінің тұрғыны Таланды Мұқанқызы ауыз судан тапшылық көргенін айтады. Ас дайындап, кір жууға бір тамшы су таба алмай қалған.

    - Бір апта бойы көшедегі колонкалардан су сыздықтап қана ағып тұрды. Тұрғындар бәкті суға толтыра алмай бос сүйретіп кетіп бара жатты. Қатты қиналдық,-дейді тұрғын Таланды Мұқанқызы.

    Ырғыз аудандық коммуналдық су шаруашылығы кәсіпорнының директоры Амангелді Бақтыбаев бір апта бойы болған қолайсыздықты жоққа шығармады. Тұрғындар қиындық көргенін растады. Айтуынша, оған себеп- скважиндердің жанып кетуі.

    - Скважиндер жанып кетті. Себебі де анықталып болмады. Жылдың басқа үш мезгіліне қарағанда, жазда судың жұмсалу мөлшері үш есеге дейін көбейеді. Нақтырақ айтсақ, бау-бақша, құрылыс жұмыстары дегендей. Айырқызыл су көзінде барлығы 6 скважина бар. Соның бір мезгілде шығарып тұрған су мөлшері толық қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Сондықтан, аудандық әкімшілік тарапынан тағы да үш скважина қазу жұмыстарын жүргізу қарастырылып жатыр. Бұл мәселе аудандық мәслихат сессиясында да көтерілді,-дейді кәсіпорын директоры Амангелді Бақтыбаев.

    Кәсіпорын басшысы қазір жағдай қалыпқа келді деп сендірді. Амангелді Бақтыбаевтың хабарлауынша, аудан орталығында оншақты ғана колонка бар. Халықтың 60-70 пайызы орталықтандырылған ауыз су игілігін көріп отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бұлақтыкөлдің халқы май аралас су ішіп отырғандарын хабарлады
  • Бекбол Сағын халық алдында есеп беруді бастады
  • “Ақтөбе облысындағы 5 ауыл ауыз суды тасып ішіп отыр”
  • Жайсаңбайдың балабақшасына түсірілген көмір жанып кетті
  • Жайсаңбай ауылы ауыз судан қиналып отыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге