Ырғызда 15 жасар оқушы суға батып кетті

    Ырғызда 15 жасар оқушы суға батып кетті

    Ырғызда 2000 жылы туған оқушы суға батып кеткен. Құтқарушылар жасөспірімнің денесін 2 метр тереңдіктен алып шықты. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

    15 маусым күні 10 сағат 51 минутта құтқарушыларға 2000 жылы туған баланың Ырғыз өзеніне суға кетіп қалғаны жайлы хабар түседі. Іздестіруге полицейлермен қатар ауыл тұрғындары да жұмылдырылған. 12:05-те баланың денесін 2 метр тереңдіктен алып шыққан. ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 жасар жасөспірім тыйым салынған жерге суға түскен.
    Қайтыс болған бала аудан орталығындағы №1 қазақ орта мектебінің 10 сыныбын бітірген. “Керек.info ”тілшісі мәселенің мән-жайын білмек болып мектеп директорына хабарласқан болатын. Бахраман Аманжоловтың айтуынша, оқушылар табиғат аясына серуенге шыққан. Сынып жетекшісіне ескертпей, өздері жасырын ұйымдасқан.

    - Қазір демалыс уақыты ғой. Бірнеше рет сынып жетекшілеріне, оқушыларға рұқсатсыз табиғат аясына серуенге шықпау жайлы ескертілді. Соған қарамастан екі сынып бірігіп, ауыл шетіне демалуға шыққан. 15 маусым күні таңертең 9-да жұмысқа келген сынып жетекшілері оқушыларының тығылып, шығып кеткенін естіп, соңдарынан қуып барған. Барса, әлі жайғасып үлгермеген.Ер балалар суда жүрген. Дереу жиналып, қайтуларын сұрапты. Небәрі жарты сағаттың ішінде Нұрболат суға батып кеткен. Былай қарағанда, адам суға кететіндей жер емес еді. Аяқ астынан болып отыр, -дейді №1 қазақ орта мектебінің директоры Бахраман Аманжолов.

    Ауыл шетіндегі Ырғыз өзеніне суға батып кеткен оқушының отбасында үш бала бар. Нұрболат- үйдің үлкені. Марқұмның денесі 17 маусым күні жер қойнына тапсырылмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 22 жастағы жігіт мас күйінде суға батып кетті
  • Маусымда 14 адам суға кетіп қалды
  • Шалқарлық бала Елекке батып кетті
  • 33 жастағы азамат суға кетіп қалды
  • Осы аптада 2 бала суға кетіп қалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге