Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады

    Биыл Ақтөбе облысында әр гектардан орта есеппен 13 центнер астық жиналуда. Өңір диқандары мұндай мол өнімге соңғы 25 жылда алғаш рет қол жеткізіп отыр. Қазіргі таңда шаруалар бидай мен арпа өнімдерін Иран мен Түркияға экспорттауда. Бұл жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қаржаубай Ыбрайымұлы айтты.

    Ақтөбе облысында астық жинау науқаны толықтай аяқталды. Биыл 567, 6 мың гектар жерге егін егілген. Оның ішінде 340,9 гектар дәнді дақылдар егілсе, майлы дақылдар 38,6 мың гектар, картоп 5,95 мың гектар, ал бақша 0,87 мың гектар жерді қамтиды. Ал мал азығы 177,2 мың гектарды құрайды. Былтырғы жылмен салыстырғанда жалпы егіс алқабы 6,4 мың гектарға жоғары, оның ішінде дәнді дақылдар 5,0 мың гектар, мал азығы дақылдары 1,2 мың гектар жоғары егілді.
    Диқандардың көңілі тоқ. Өйткені, биыл әр гектардан орта есеппен 13 центнерден астық жиналып жатыр. Мамандар биылғы жылдың табысты болуын қолайлы ауа райымен және жұмыстың дер кезінде жасалуымен байланыс-тырады.
    - Қазіргі таңда дәнді дақылдарды жинау жұмысы аяқталды. 340,9 мың гектар жерден бүгінгі күні 443 мың тонна астық жиналды. Әр гектарына 13 центнерден өнім алынып отыр.Бұл көптен бері болмаған жағдай. Ауа райынының қолайлы болуы мен дер кезінде жасалған жұмыстардың арқасында деп айтуға болады. Соңғы рет осындай көрсеткіш 1991 жылы болған екен. Ол кезде әр гектарынан 12,9 центнер өнім алынған. Ақтөбе облысындағы егін шаруашылығы табиғатқа тікелей байланысты. Сол себепті осындай өзгерістер болып отырады. Жалпы былтырғы жылмен салыстырғанда өнім 2,5 есе артып отыр. Былтыр әр гектарынан 5,9 центнер өнім алсақ, биыл бұл көрсеткіш 10 центнерді құрап отыр,-дейді ауыл шаруашылық басқармасының басшысы.
    Әсіресе, биыл бидай мен арпаның шығымы мол. Бұдан өзге шаруалар 1000 гектардан аса сұлы мен 5,5 гектар тары алған. Егін шаруашылығы облысымыздың Әйтеке би, Хромтау, Қарғалы, Мәртөк аудандарында жақсы дамыған. Қаржаубай Ыбырайымұлының сөзінше, бұл өңірлерде егін өнімділігі жыл сайын артып келеді. Мәселен, биыл бір ғана “Алтынсарин” ЖШС бір гектардан 17 центнерден, ал “Барыс” ЖШС 14 центнерден, ал Хромтаудағы “Ақжар АРК” ЖШС 15 центнерден өнім алған. Бұған дейін шаруалар қуаңшылыққа байланысты мемлекеттен берілген субсидияны қайтара алмай, шығынға бататын. Биыл өнімнің мол болуы шаруашылықтардың осы қордаланған қарыздарынан құтылуға да мүмкіндік беріп отыр.
    Қазір өңірде өсірілген арпа мен бидай өнімдері Иран, Түркия, Ресей мен Өзбекстанға экспортталуда.
    -Астық өнімдері қазір Иран мен Түркияға экспортталуда. Мәселен, “Агротрейд” ЖШС 17 мың тонна астықты шетелге тасымалдады. Оның 8 мың тоннасы Түркияға экспортталған. Қалғандары Өзбекстан мен Ресейге жіберілген. Әсіресе, бізде шығатын қатты бидай Ресейде ерекше сұранысқа ие. Өйткені, астықтың бұл түрі макарон өндірісінде қолданылады. Ал қатты бидай негізінен Ақтөбе облысында өседі,-дейді маман.
    Өңірде мал азығын дайындау жұмыстары да жалғасып жатыр. Былтыр 1 млн 800 тонна шөп жиналса, биыл бұл көрсеткіш 2 млн тоннадан асты. Бұл көлем қажеттіліктің 104,3% құрайды.

    -Облыста мал басын көбейту жоспарланып отыр, бұл жем-шөпке деген қажеттілікті туғызады. Былтыр 148 мың гектар жерге мал азығы егілді. Ал биыл бұл көрсеткіш 177 мың гектар жерге жетті. Оның арасында еркек шөп пен судан шөптері бар,-дейді басқарма басшысы.
    Биылдан бастап облыста суармалы жерлерді игеру де қарқынды дамып отыр. Бұған дейін өңірде 30 мың гектар суармалы жердің тек 12 мыңы ғана пайдаланған. Ал биылдан бастап оның көлемі 18 мың гектарға жетті. Алдағы уақытта суармалы жердің көлемін тағы да 10 мың гектарға көбейту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, бұған дейін игерусіз жатқан 27 мың гектар көлтабанды суармалы жерді мемлекет меншігіне беру қарастырылуда.
    Жыл сайын көктем мен күз мезгіліндегі егіс жұмыстарына жанар-жағар май бөлінеді. Биыл облыстағы шаруашылықтарға бір ғана күзгі далалық жұмыстарын жүргізуге 10900 тонна арзандатылған дизель отыны берілген. Оның құны нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен. Шаруаларға дизель отынының литрі 84 теңгеден сатылды. Бөлінген дизель отыны күзгі далалық жұмыстарын жүргізуге жеткілікті, толық қамтамасыз етеді.
    Облыста жиналған астықты сақтау қоймалары да жеткілікті. Қазір өңірде 438 мың тонна астық сақтай алатын лицензияланған 7 элеватор бар. Аталған көлем ағымдағы жылы жиналатын астықты толық көлемінде қабылдауға мүмкіншілігі бар.
    Бүгінгі күні астық қабылдау кәсіпорындарымен 65,6 мың тонна астық қабылданған, оның ішінде 42,9 мың тонна жұмсақ бидай, 5,4 мың тонна қатты бидай және 16,7 мың тонна арпа қабылданды.
    Келер жылға тұқым құю жұмыстары да жүргізілуде.Бүгінгі күні қамбаға 35 мың тонна тұқым құйылды. Жылдағыдай емес, биыл картоп пен көкөніс - бақша дақылдарының өнімділігі де артқан. Бір ғана картоп өнімінің түсімі 1,5 есе артқан.5,5 мың гектар аумақта картоп жиналды. Бұл барлық өнімнің 92 пайызы. Орташа өнімі 163,1 ц/га құрайды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Мамандар биылғы картоп өнімнің жылдағыдан мол болуын озық технологиямен және суару әдісінің нәтижесі деп біледі.

    -Ақтөбе облысының климаттық жағдайы басқа өңірлерге қарағанда қаталдау. Сол себепті біздің өнімдер кештеу шығады. Қазір картоп жиналды.Енді орамжапырақ пен сәбіз жиналады. Дегенмен, біздің өнімдер сапасы жағынан басқа өңірлердің көкөністерінен еш кем түспейді.Қазір жәрмеңкеге шығарылып жатқан көкөністердің көбі жергілікті өнімдер,-дейді Қаржаубай Ыбрайымұлы.
    Ауыл шаруашылығын қолдау үшін бөлінетін мемлекеттік субсидия көлемі де жыл сайын артып келеді. Өткен жылы егін шаруашылығының шығындарын өтеу үшін тұқымға 19,1 млн, гербицидтерге 68,9 млн, тыңайтқыштарға 29,7 млн, ал ауыл шаруашылығының басым дақылдарын өндіруге 852 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл шаруалар үшін үлкен мүмкіндік,-дейді ауыл шаруашылық басқармасының басшысы.
    Биыл да ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің шығындарын өтеуге бұдан да жоғары көлемде қаржы бөлініп жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Облыста пайдаланылмай жатқан 379 мың гектар жер бар
  • Иран кәсіпкерлері жарты жылдан бері үнсіз отыр
  • Облыс басшысы Мәртөкке жиі келетіндігін ескертті
  • Ақтөбе облысында 120 мың гектар жер бос жатыр
  • Биыл 530 мың гектарға егін егіледі
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге