Кәсіпкер ешкі сүтін ішу арқылы аллергиядан құтылған

    Алға ауданының Маржанбұлақ ауылында тұратын Алдаберген Найманов 2 жылдан бері асыл тұқымды ешкі өсірумен айналысады. Ешкі сүтінің ерекше қасиетіне өзі де куә болған шаруа алдағы уақытта cүтті пастерлеп, ірмішік шығаратын цех ашуды жоспарлап отыр.

    Кәсіпкердің ешкі ұстағанына екі жылдай уақыт болған. «Даму» қоры арқылы 3 млн теңге грант алған ол Ресейден 30 бас ешкі әкелген.
    - Ол кездері Маржанбұлақта асыл тұқымды, сүтті ешкі өсірумен бірді-екілі адам ғана айналысатын. Көбісі тек өздері сүтін ішу ғана ешкі ұстайтын. Мен “Даму” қорына мұны инновациялық жоба ретінде ұсынып, 3 млн теңге грант ұтып алдым. Бұл қаржыға Ресейдің Челябинск қаласынан 30 бас ешкі сатып алдым. Қазір мал басы 40-қа жетті. Олардың әрқайсысынан тәулігіне 1 литрге жуық сүт аламын. Негізі, заанендік ешкі - өте сүтті мал. Оның ересектері тәулігіне 1,5-2 литрге дейін сүт береді,-дейді кәсіпкер.

    Алдаберген Найманов әзірге ешкі сүтін базарларда сатып жүр. Өз өнімін өткізу үшін әлеуметтік желіде жариялап, арнайы сайт та ашқан. Ешкі сүтінің қасиетін өз көзімен көрген кәсіпкер өз өнімінің сұранысқа ие болатындығына сенімді.
    - Заанендік ешкілер ерекше сүтімен құнды. Оның сүті мың түрлі дертке дауа. Жүрек-қан тамырлары ауруына, иммунитетті көтеруге пайдасы көп. Әзірге біздің өнімдер онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың арасында сұранысқа ие. Өйткені ешкі сүті химиятерапиядан кейін адам ағзасын қалпына келтіруге көмектеседі. Емізулі баласы бар аналар да сатып алып жүр. Ешкі сүтінің арқасында өзім де 20 жылдан бері мазалап келе жатқан аллергиядан құтылдым. Жаз шығып, жерге шөп шықса, түшкіріп, көзім қызарып мүлдем жүре алмайтын едім. Күніне жарты литр сүт ішем. Қазір ауруым сап тиылды.Мүлдем дәрі қолданбаймын, -дейді ол.

    Ауыл тұрғыны ешкі бағумен қатар арпа, бидай өсірумен де айналысады. Шағын шаруасын дөңгелетіп отырған шаруа енді сүт өңдейтін цех ашуды жоспарлап отыр.
    -Қазір өз өнімімді әлеуметтік желі арқылы жарнамалап жүрмін. Арнайы сайтым да бар. “Табыс” базарына апарып, көтерме бағамен 500 теңгеге саудалаймын. Ондағы сатушылар 700 теңгеден сатады. Алайда бұл өте аз. Өйткені халық арнайы сертификаты бар өнімді тұтынғысы келеді. Сол себепті сүт өңдейтін цех ашуды жоспарлап отырмын. Жақында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 1млн 400 мың теңге несие алдым. Бұл қаржыға ешкіні қыста қамау үшін жылы сарай салдым. Өз кәсібін бастаймын деген адамға үкіметтен қолдау көп. Газ жүргізуге уәде етті. Шағын фермамда облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі болып, кәсіпкерлігімді кеңейтуге ұсыныс жасады. Ешкі сүтінің ана сүтімен 90 пайыз ана сүтімен тең екендігін айтып, өзге облыстарда сүттен 12 түрлі өнім алып отырған кәсіпкерлерді үлгі етті. Әзірге екі адамды жұмыспен қамтып отыр-мын. Цех ашсам, тағы жұмыс орындары ашылады. Ешкі сүтінен өзіміз жеу үшін үй жағдайында ірмішік жасап отырмыз. Болашақта арнайы сертификатталған өнім түрін одан әрі кеңейтсек деген жоспар бар, -дейді кәсіпкер.

    Бүгінде Ақтөбе облысында 25 шағын ферма бар. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, олар негізінен бал арасын, сүтті бағыттағы ешкілерді, бөдене мен үй қояндарын өсірумен айналысады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Облыста 132 жерге түйнемеден қырылған мал көмілген
  • Әкім тапсырмасын орындамаған басшылар сынға ұшырады
  • Облыс басшысы Мәртөкке жиі келетіндігін ескертті
  • Ауылда тұратын отыз шақты адам кәсіпкер атанбақ
  • Айт қабыл болсын!
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге