Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні тойланды

    Ақтөбеде ауыл шаруашылығы қызметкерлері төл мерекелерін атап өтті. Өз саласының үздіктері марапатталып, ұлттық ат спортынан жарыс өткізілді. Шаруалар өздері шығарған өнімді көрмеге шығарды.

    22 қазан күні қалалық ипподром маңына жиналған халық қарасы көп болды. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің төл мерекесіне арналған салтанатты шараға еңбек озаттары, ардагерлер мен түрлі кәсіпорын басшылары қатысты. Киіз үйлер тігіліп, мәдени шаралар ұйымдастырылды. Ат бәйгесі мен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Әсіресе, халық дихандар мен шаруалар өз өнімдерін сөреге шығарған көрмені қызыға тамашалады.

    Құрғақ қымыз ұнтағы шығарылмақ
    Ауыл шаруашылығы көрмесіне облыстың 12 ауданы мен Ақтөбе қаласының 50-ден астам тауар
    өндірушісі өз өнімін қойды. Сөрелерге қойылған заттардың арасында бөдененің жұмыртқасы, күркетауықтың еті, ешкінің қымызы секілді жеңсік ас түрлерімен қатар шұбат, құрт-ірмішік, бал-қаймақ пен тары секілді қазақтың ұлттық тағамдары болды. Жиналған халық әр өнімнің дәмін татып көруге мүмкіндік алды. Әсіресе, ипподромға жиналған жұрт Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылынан келген Орынбай Жолмұратовтың қымызы тұрған сөреге көп жиналды. 10 жылдан бері жылқы сауумен айналысып отырған шаруа қожалығы енді қымызды құрғақ күйінде шығармақ.
    -Қазір 100-ге жуық биені сауып, қымыз сатып отырмыз. Қазір күн салқын болғандықтан тәулігіне 200 литрдей сүт шығады. Ал жаз мезгілінде мұнан әлдеқайда көп. Биыл қымыз құю цехы іске қосылды. Жылқы сауу, өңдеу, салқындату мен құю секілді барлық процесс автоматтандырылған жүйе арқылы жүзеге асады. Ешқандай қол күші араласпайды. Біздің өнімдерімізге тек Ақтөбе облысының аумағында емес, Ресейдің Орынбор облысында да сұраныс бар. Алдағы жылы қымызды құрғақ, ұнтақ күйінде шығаруды жоспарлап отырмыз. Қымыз ұнтағы косметикалық мақсатта Франция мен Испанияда қолданылады. Ал Жапонияда құрғақ түрінен дәрі шығарылатын болып шықты. Біз қазір оның технологиясын үйрену үшін семинарларға қатысып жүрміз, -дейді “Шыңғыс” шаруа қожалығының мүшесі Қайрат Жолмұратов.
    “Шыңғыс” шаруа қожалығы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылындағы Сарықопа жайла-уында орналасқан. Қазір кәсіпкер 12 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Биылдан бастап сиыр сүтін өңдеуді де қолға алған. Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Алтынгүл Даданованың айтуынша, ауданда қазір 1300 –ге
    жуық кәсіпкерлік субъектісі бар, оның 400-ден астамы шаруа қожалығы ретінде тіркелген. Ауыл шаруашылық өнімдері облыс аумағы мен Қостанай облысына, Ресей мемлекетіне экспортталып жатыр.

    Кеңқияқтың дәруменді тұшпарасы
    Темір ауданында ешқандай қоспасы жоқ, түрлі-түсті тұшпара шығарылып жатыр. Қазір бұл өнім балабақша тәрбиеленушілері арасында ерекше сұранысқа ие. Бұл жөнінде аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Есенбол Жолдығарин айтты.
    Ауыл шаруашылығы қызметкері күнін мерекелеуге Темір ауданынан 10 кәсіпкер шақырылған. Олар көрмеге өз бақшаларындағы көкөніс пен ет өнімдерін шығарды. Солардың бірі кеңестулық Жұмамұрат Барсаев Ақтөбеге күркетауық, қаз бен тауық етін әкеліпті.
    -Биыл мамыр айында шағын құс фабрикасын аштық. Ол аудан орталығынан 7 шақырым жердегі Ақжар деген жерде орналасқан. Қазір құс фабрикасында 1000 қаз, 600 күркетауық, 800 бройлер тауығы бар. Құстардың барлығы да Ресейден әкелінген, арнайы зертханадан өткізілді. Үш адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Кәсіп ашу үшін “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша 1 млн теңге несие алдық,-дейді ол.
    Алдағы уақытта кәсіпкер құстарды өзі өсіріп, сатылымға шығаруды жоспарлап отыр. Айтуынша, ауыл тұрғындары арасында, әсіресе күркетауық етіне сұраныс жоғары.
    -Күркетауық еті – жеңсік ас. Ағзаға күш-қуат береді, басқа құстармен салыстырғанда жүрекке пайдалы. Ауданда тауық пен қаз етін сататындар көп, алайда күркетауық етін шығаратындар жоқ. Сондықтан сұраныс бар. Бір келісі 1200 теңге тұрады. Аудан әкімдігі алдағы жылы құс фермасына газ бен жарық жүргізуге көмектесуге уәде етті,-дейді кәсіпкер.
    Темір ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Есенбол Жолдығариннің айтуынша, Кеңқияқ ауылында түрлі-түсті тұшпара да шығарылады. Ауыл кәсіпкері Нұрлайым Балмағанбетова тұшпараның құрамына қызылша, сәбіз бен қырыққабаттың суын қосып, түрлі-түсті қылып шығарып отыр. Табиғи өнімнен жасалған тұшпараны кәсіпкер өз анасынан үйренген. Қазір оның өнімдері аудандағы балабақшалар арасында ерекше сұранысқа ие көрінеді.

    Әр гектардан 18 центнер өнім алған дихан
    Ақтөбе облысында биыл күзгі жиын-терім науқаны сәтті аяқталды. Әр гектардан орта есеппен 13 центнерден өнім алған дихандардың көңілі тоқ. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қаржаубай Ыбырайымұлының айтуынша, биыл егіннің мол болуы шаруалардың қарыздарынан құтылып, қаржылық жағдайларын түзеуіне мүмкіндік берді.
    -Биыл егіннен мол өнім алдық. Мұндай нәтиже өңірімізде 1991 жылдан бері болмаған еді. Мұндай үлкен жетістікке жетуіміз дихандардың арқасы, олардың еңбегі өте зор. Биылғы егінннің мол болуы жылда құрғақшылық салдарынан шығынға бататын шаруаларға қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Облыста мал шаруашылығы да жылдан-жылға дамып келе жатыр. Өткен жылы мемлекеттік субсидия ретінде 6 млрд теңге бөлінсе, биыл ол 9 млрд теңгеге жетті. Асыл тұқымды мал басы көбейіп жатыр,-дейді Қаржаубай Ыбырайымұлы.
    Қазір өңірде майлы дақылдарды жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басқарма басшысы 5 мың гектардан астам жерге егілген күнбағыстан да мол түсім болады деген сенімде. Алдағы уақытта мал шаруашылығына көбірек көңіл бөлу жоспарланып отыр.
    -Болашақта мал басын көбейту жоспары тұр. Былтыр 148 мың гектар жерге мал азығы егілді. Ал биыл бұл көрсеткіш 177 мың гектар жерге жетті. Енді оның көлемі 200 мың гектарға жетпек. Суармалы жер де көбейтілмек,-дейді басқарма басшысы.
    Биыл мол астық жинағандардың көшін Әйтеке би ауданындағы “Алтынсарин” ЖШС бастап тұр. Кәсіпорын басшысы Борис Князевтің айтуынша, биыл 25 мың гектар жерге астық егілді. Әр гектарынан 18 центнерден өнім жиналды. Өнімнің сапасы да жоғары. Дегенмен қиындықтар да жоқ емес.

    -Жыл табысты аяқталды. Қиындықтар да болды. Қыркүйек айы жаңбырлы болғандықтан, егін жинау жұмыстары ұзаққа созылып кетті. Астықты кептіруге тура келді. Алайда мұның бәрі адамның қолымен жасалатын жұмыстар. Мен барлығына ризамын. Мемлекеттен қолдау көрсетіледі. Салық төлеуде, жанар-жағар май мен гербицидтер алуда жеңілдіктер бар. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте барлығы 700 адам жұмыс істейді. Оның 60 адамы Әйтеке би ауданында егін егумен айналысады. Бұдан бөлек 5000 бас мүйізді ірі қара өсіреміз. Биыл жыл соңына дейін бір адамның жалақысын 125 мың теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз,-дейді серіктестік басшысы.

    Ойылдың тарысы енді Оңтүстік кореялықтарға таныстырылмақ
    Ақтөбе облысының тарысы ұлттық брендке айналды. Таяуда тары өсірумен айналысатын ойылдық кәсіпкер Жақып Жұмабай Италиядағы көрмеге қатысып қайтты. Енді ол келер жылы Оңтүстік Кореяға жол тартпақ.
    -Биыл 10 гектар жерге суармалы әдіспен тары ектім. Әр гектардан 21 центнерден өнім алдым. Өте жақсы өнім жиналды. Тарының ағзаға пайдалы екендігін медицина дәлелдеді. Құрамында минералды заттар мен фосфор бар. Тарының өз сертификаты бар. Қазір тары, жарманы Астанадағы ана мен бала денсаулығын қадағалайтын емханаларға жіберіп жатырмыз. Шикілей Атырау облысына шығарып жатырмыз. Ақтөбедегі “Ваниль” ЖШС талқаннан жентті шоколад жасап шығарып жатыр. Италияда өткен халықаралық көрмеге әлемнің 160 елінен өкілдер қатысты. Ойылдың тарысы Алматының апорты мен Шымкенттің жүзімімен бірге көрмеге қойылды. Тары мен жарманың 200 грамын италяндықтарға 1 евродан, жентті 6 евродан саттық,- дейді кәсіпкер. “Жақып” шаруа қожалығы тары егумен 2000 жылдан бері айналысады. Италия халқын тәнті еткен кәсіпкер енді келер жылы Оңтүстік Кореядағы халықаралық көрмеге қатысуды жоспарлап отыр.

    Мүмкіндігі шектеулі жас кәсіпкердің тұшпара цехы
    Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай өткізілген көрмеге байғаниндік жас кәсіпкер Есет Абдуллаевтың еттен жасаған өнімдері де қойылды. 24 жастағы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер қан ауруына шалдыққан. Екінші топ мүгедегі. Алайда соған қарамастан, ол қазір шағын отбасылық кәсіпті дөңгелетіп отыр.
    -Ет сатумен 1998 жылдан бас-тап айналысамыз. Алайда қазір әркімнің өз малы бар, бәсекелестік көп. Сол себепті етті өңдеп, одан әр түрлі өнім шығарумен айналысып жатырмыз.Етті жергілікті халықтан сатып аламыз. Құйрық май, тоң май, шұжық, сорпа жинағы, фарш секілді 17 түрлі өнім шығарамыз. Балам өткен жылы 2 млн теңге грант ұтып алды. Енді тұшпара шығаратын цех ашпақпыз. Бір жағынан дүкен ашып, өз өнімдерімізді сатылымға шығармақпыз. Өзіміздің тұрақты тапсырыс берушілеріміз бар, -дейді көрмеге өнімдерін әкелген анасы Мира Лекерова.

    Ақтөбеде алғаш рет зоотехник мамандар даярлануда
    Ақтөбедегі ауыл шаруашылығы колледжін биыл зоотехник мамандығы бойынша алғаш рет 14 адам тәмамдайды. Бұл жөнінде оқу орнының оқытушысы Серікқали Жақыпов айтты. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы колледжінде 765 студент оқып жатыр. Оқу орны дуальді білім беру жүйесі арқылы 13 мамандық бойынша маман даярлайды.
    - Бүгінгі көрмеге оқушыларға дәріс кезінде оқу құралы ретінде қолданылатын құстар мен үй жануарларын алып келдік. Олардың арасында тауыс, қырғауыл, мысыр тауығы, брама тауығы, қаз, күркетауықтар бар. Ақ алып қоян мен шиншила тұқымды қояндарды да әкелдік. Бұдан басқа колледжде ақбас сиырлар, абердин-ангус сиыры, меринос, еділбай тұқымды қойлар бар. Жан-жануарларға студенттердің өздері күтім көрсетеді, жем-шөптерін өздері даярлайды. Жақында, тіпті, студенттердің бір тобы оқытушылардың басшылығымен зоб ауруына шалдыққан қоянның мойнына ота жасады. Кадрларға сұраныс жоғары. Дуальді білім жүйесі болғандықтан, оқу орны мен ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар арасында келісімшарт бар. Мәселен, “Райымқұл” шаруа қожалығымен,”Айс”, “Анди” сүт-тауарлы фермаларымен, Алғадағы “Актеп” жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен және т. б кәсіпорындармен байланыс орнаған. Студенттер бұл жерлерде өндірістік тәжірибеден өтіп, кейін жұмысқа шақырту алады,-дейді ол.
    Ауыл шаруашылығы колледжінде оқып жатқан маңғыстаулық Нұрсұлтан Тағыбергенов қазір Қарғалы ауданындағы “Степной” ЖШС өндірістік тәжірибеден өтіп жүр. Болашақ мал дәрігері асыл тұқымды сиырды көбейтудің жолдарын практика жүзінде үйренуде.
    -Елімізде қазір ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Алайда мал дәрігерлері жетіспейді. Сол себепті ауыл шаруашылығы колледжіне түсуге шешім қабылдадым. Әрі нағашыларым да мал дәрігері болған. Олар бұл саланың келешегі бар екенін айтып, іздерін қууға кеңес берді. Қазір колледждің 4-курсында мемлекеттік тапсырыс негізінде тегін оқып жүрмін. Сондықтан, оқу процесінің 70 пайызы практикаға, ал 30 пайызы теорияға негізделген. Қазір асыл тұқымды сиырларды қолдан ұрықтандыру, будандастыру, көбейту жолдарын үйреніп жатырмыз,-дейді Нұрсұлтан Тағыбергенов.
    Оқу орнын бітіргеннен кейін болашақ мал дәрігері өзінің туған жері Маңғыстау облысына барып еңбек етпек.

    Мал бағатын адамдар тапшы
    Мал бағатын шопан мен жылқышы жетіспейді. Бұл төрт түлік бағып, кәсібін дөңгелетіп отырған шаруалардың қай-қайсысының да қазіргі мәселесі. Мұғалжар тұқымымен айналысатын «Құмжарған» ЖШС жылқы зауытының бас зоотехнигі Рүстембек Қалмағанбетов осылай дейді.
    -Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің күніне арналған көрмеге 6 жастағы бие мен 8 жасар айғыр алып келдік. Мұғалжар тұқымының бір ерекшелігі қысқа өте төзімді. Жайылымда аяғымен теуіп өздері шөп жей береді. Сондықтан, қазір біздің жылқыларды Өскемен, Қостанай, Алматы, Қарағанды облыстары мен Атырау, Ақтау қалаларынан сатып алып кетіп жатыр. Жыл сайын 50-60 бас сатамыз. Жылқы зауытында қазір 700-дей жылқы бар. Қазір оларды ауысыммен 4 жылқышы бағып жүр. Алайда олардың көбі зейнет жасына жақындап қалған адамдар. Малшы табылмайды. Жастардың мал бағуға құлқы жоқ,-дейді Рүстембек Қалмағанбетов.
    Жылқы зауыты Ембі қаласынан 35 шақырым жерде орналасқан. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бұдан бөлек цегай тұқымды қой түрін өсірумен де айналысады.

    Үздіктер ұлықталған күн
    Салтанатты шара кезінде бірқатар алдыңғы қатарлы қызметкерлер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан “Еңбек Ардагері” наградасымен марапатталды. Оны облыс әкімі Бердібек Сапарбаев табыстады. Марапатталғандардың арасында “Шыңғыс” шаруа қожалығының төрағасы Орынбай Жолмұратов, “Ардағым” шаруа қожалығының басшысы Қали Исмайлов, “Парижская комунна ХХI” ЖШС директоры Гаик Тертерян бар. Сондай-ақ, өз қызметінде жетістікке жеткен кәсіпорын басшылары мен жұмысшыларына облыс әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді. Құрметке ие болғандардың қатарында “Айс” сүт тауарлы фермасының комбайншысы Сергей Реддер де болды. Облыс әкімі жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, ауыл шаруашылығына сіңірген еңбектері үшін алғыс айтты.
    -Биыл ауыл шаруашылығы саласына 18 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 миллиард теңгеге артық. Биыл астықтан да мол өнім алдық. 437 мың астық жиналды. Бұл облыс халқын қамтамасыз ету үшін толық жеткілікті деп ойлаймын, -деді облыс әкімі.
    Мерекелік шара кезінде ұлттық спорттық ойындар да өткізілді. Аламан бәйгеде 12 жастағы шабандоз мінген сәйгүлік топ жарды. Алға ауданынан келген Марлен Баймағанбетовке жеңіл автокөлік сыйға тартылды. Одан кейінгі жүлделі орындар Әйтеке би ауданы мен Қызылорда облысынан келген шабандоздарға бұйырды. Бұдан бөлек жамбы ату, теңге ілу, көкпар, аламан және тоқ бәйге секілді ұлттық спорт түрлері ұйымдастырылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кәсіпкер ешкі сүтін ішу арқылы аллергиядан құтылған
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Облыс басшысы Мәртөкке жиі келетіндігін ескертті
  • Ойылдың тарысы Италияға шығарылады
  • Биыл 530 мың гектарға егін егіледі
  • Пікір

    ^ Үстіге