Хоббиін кәсіпке айналдырған азамат

    Хоббиін кәсіпке айналдырған азамат

    Алға ауданының Есет батыр ауылында тұратын Таңат Қонысбаев онға жуық құс түрін өсірумен айналысады. Асыранды құстарды қолда өсіріп, табыс көзіне айналдырған кәсіпкер бұған бала күнінен әуес болғанын айтады.

    48 жастағы кәсіпкер Ақтөбе өңірінде жиі кездесетін қаз, үйрек секілді құстардан бөлек тауыс пен күркетауықты да өсіреді.
    -Жаз мезгілінде ауламда үш жарым мыңға жуық құс болды. Арасында үйрек-қаздан бөлек тауыс, күркетауық, брама, мысыр тауықтары, бөдене мен көгершіндер болды. Салқын түскеннен бері, құстың санын азайтып жатырмын. Қазір алты жүздей құс қалды. Үйрек пен қазды семіртіп, Ақтөбеге әкеліп сатып жатқан жайым бар. Үйректерді 2-3 мың теңгеден саудаласам, қаздар 5 мың теңгеге сатылып жатыр, -дейді Таңат Қонысбаев.

    Отбасылық кәсібін дөңгелетіп отырған ауыл тұрғыны құс өсіруге бала күннен әуес болғандығын айтады. Хоббиін табыс көзіне айналдыруды көздеген ол биыл “Жұмыспен қамту-2020” бағдарламасы арқылы 2 млн 300 мың теңге несие алған. Бұл қаражатқа Башқұртстаннан екі мыңнан астам құс сатып алған.
    -Әр құстың өзіндік ерекшелігі бар. Ілімін білмесе, оны босқа өлтіріп алуың мүмкін. Бала кезімнен құс өсіремін. Одан қалды жүйрік тазы мен жылқы ұстауға да әуеспін. Сондықтан әр құстың күтімін, қажетін білемін. Барлығы өмірлік тәжірибемен келеді. Мәселен, тауыс құсы ерекше күтімді қажет етеді. Қазір бұл құстың менде екеуі бар. Қалғандары “Нұрдәулет” сауда үйінің алдында тұр.
    Тауыс байлардың құсы деп атайды. Жеміс-жидек жегенді, еркелеткенді жақсы көреді. Жеміс жидек берсең, би де билейді, -дейді Таңат Қонысбаев.

    Қазір кәсіпкер алты адамға жұмыс беріп отыр. Олар құстарды күтіп-бағуға, тазалық жұмыстарына көмектеседі. Құстарға да барлық жағдайын жасап қойған. Үйі өзен жағасына жақын орналасқан. Жылы сара-йын сайлап, ауласынан құстар суға түсетін орын да даярлапты. Үй құстарына ерекше күтім жасайтын ол,әсіресе,бөдененің денсаулыққа ерекше пайдалы екенін айтады.

    -Бөдененің балапандарын күзге дейін өсіріп, кейін ет ретінде өткіземін. Оған ерекше күтім, жылы қора қажет. Оның жұмыртқасы да, еті де өте құнарлы. Туыстарымның бөдененің еті мен жұмыртқасын жегеннен кейін құлан таза айыққандығына бірнеше рет куә болдым. Бірі ішкі құрылысына ота жасағаннан кейін бөдененің сорпасын ішсе, енді бірінің құс жұмыртқасын ішіп, жарасы жазылды. Цесарка тауығы да –жеңсік ас, бөденеден еш кем емес. Оның құрамында май мен су, кәдімгі тауық етінен гөрі, әлдеқайда аз болады. Ал жұмыртқасы ұзақ сақталады, А витаминіне өте бай. Ал Ақтөбеде кездесе бермейтін черри велли тұқымды үйректің де еті өте дәмді.Сұраныс бар. Бірақ адамдардың барлығы бірдей мұны түсіне бермейді,-дейді ауыл тұрғыны.
    Кәсіпкер болашақта құс санын көбейтіп, фабрика да ашқысы келеді. Алайда әзірге қаражат жағы қолбайлау болып тұр. Ет өндіріп, жұмыртқа сатудан бөлек балапан шығарумен де айналысуды жоспарлап отыр.
    -5-6 мың құс ұстайтын үлкен фабрика ашқым келеді. Келер жылы жұмыртқаны бастырып шығарып, оны сатумен айналысуды жоспарлап отырмын. Бірақ бұл үшін жылы қора қажет. Әзірге бұған қаржы жағы қолбайлау болып отыр,-дейді кәсіпкер.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні тойланды
  • Кәсіпкер ешкі сүтін ішу арқылы аллергиядан құтылған
  • Құлпынайды қапқа салып өсіретін кәсіпкер
  • Ауылда тұратын отыз шақты адам кәсіпкер атанбақ
  • “Құстың киесі ұрған” жігіттің түрмедегі тағдыры
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге