Ақтөбелік омарташы араның уымен емдейтін орталық ашпақ

    Ақтөбелік кәсіпкер науқастарды араның уымен емдемек. Омарташы Дания Рысқұлова апитерапия орталығын Мәртөк ауданының Родниковка ауылында ашуды жоспарлап отыр.

    Мұғалжарлық Дания Рысқұлова бал арасын өсірумен айналысады. Оның дәстүрлі емес шаруашылықты тұрақты түрде кәсіп еткеніне биыл екі жыл болған. Кәсіпкер отбасылық бизнесті бастағанға дейін Ембідегі әскери полигонда жұмыс істеген. Алайда келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін, кәсіп ашуға шешім қабылдапты. Бал араларын Ресейден және еліміздің оңтүстік облыстарынан сатып алыпты.
    -Жолдасым екеуміз бал арасын өсіруге 2012 жылдан бастап қызыға бастадық. Алғашында қыс қатты болып, сатып алған араларымызды өлтіріп те алдық. Екі жылдан соң жеке кәсібімізді тіркетіп, бал арасын өсірумен тұрақты түрде айналысуға көштік. “Aktobe startup” бизнес-жобалар конкурсына қатысып, 1 жарым миллион теңге қаржылай қолдауға ие болдым, -дейді кәсіпкер.
    Бүгінде оның 100 омартасы бар. Кәсіпкер тек бал алып қана қоймай, балауыз, ара желімі, аналық сүтше секілді бірнеше өнім түрін шығарады. Биыл 3тоннаға жуық өнім алған омарташы кәсібін онан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.
    - Биыл бал арасынан 2 тонна 800 келі өнім алдым. Бұл – өте жақсы нәтиже. Алдағы уақытта мұнымен тоқтап қалғым келмейді. Кәсібімді онан әрі дөңгелетіп, Мәртөк ауданының Родниковка ауылында апитерапия орталығын ашуды жоспарлап отырмын. Қазір бір маманды ара уымен емдеу әдістерін үйрену үшін оқуға жібердік. Ара уы көп дертке шипа. Әсіресе, буын ауруларына, асқазан жарасына пайдалы. Ғалымдар оның обыр ауруына да бірден-бір ем екенін айтып жатыр. Ал балдың пайдалы екені айтпаса да түсінікті. Тіпті өлген араның тұнбасы да буын ауруларына бірде-бір ем. Балауыз емдік және косметикалық мақсатта қолданылады. Ал ара желімінен асқазан жарасына тұнба жасайды, -дейді Дания Рысқұлова.

    Омарташы өз өнімдерін Ақтөбедегі “Арай” базарында сатады. Бір келісі – 2 мың теңге. Айтуынша, балға халықтың сұранысы ерекше. Тұтынушыларының арасында, әсіресе, қант диабетіне шалдыққандар мен спортшылар көп.
    -Қазір сауда нарығында сапасыз, арзан өнімдер көбейіп кетті. Ал мен сапаға ерекше мән берем. Бұл тұрғыда халықтың сынағынан өттім десем болады. Тұтынушыларым жасанды балдан айыру үшін өнімдерімді суға да салды, йод құйып, отқа жағып та көрді. Қазір ақтөбеліктердің көбісі балдың пайдалы екенін түсінеді. Бірақ тек ауырғаннан кейін ғана іздейді. Негізі, емдік мақсаттағы балдың сақтау мерзімі 1жылдан аспау керек. Денсаулығын сақтағысы келген адам тәулігіне кем дегенде бір ас қасық бал өнімін тұтынғаны жөн,-дейді омарташы.
    Дания Рысқұлованың кәсібі Мұғалжар ауданында тіркелген. Алайда араларына құнарлы қоныс іздеген омарташы қазір Мәртөк ауданының Родниковка ауылын мекен етіп жүр.
    -Жақсы өнім алу шін құнарлы жер керек. Ақтөбе облысының Ресеймен шекаралас аумағының табиғаты бал арасын өсіруге қолайлы. Балды өсімдіктер өте көп. Күреңот, түймедақ пен қараған өседі. Жақсы жерлер Мұғалжар ауданында да бар. Алайда маған өнімімді сату керек, тасымалдау жағы да қиын. Біз әр өсімдіктің құрамын, сапасын тексереміз. Аралар да ауырады. Оған кене, тышқан мен құс та өш. Сол үшін зиянкестермен күресеміз. Жақсы бал алу үшін үнемі ізденіс үстінде жүреміз. Кітаптар оқимыз. Өйткені тынбай еңбектенсең ғана сапалы, жақсы өнім алуға болады,-дейді кәсіпкер.

    Ауыл кәсіпкерінің еңбегі елеусіз қалған жоқ. Сапалы өнім өндіргені үшін ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Министрліктің Құрмет грамотасына ие болды. Таяуда “Атамекен” кәсіпкерлік палатасы ұйымдастырған “Қазақстанның үздік тауары” өңірлік көрме байқауына қатысты. Отыздан аса кәсіпкер қатысқан шарада оның өнімдері “Үздік азық-түлік та-уарлары” номинациясы бойынша үшінші орын иеленді. Жеңімпаз атанған Дания Рысқұлова енді Астанаға аттанбақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Хоббиін кәсіпке айналдырған азамат
  • Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні тойланды
  • Кәсіпкер ешкі сүтін ішу арқылы аллергиядан құтылған
  • Ауылда тұратын отыз шақты адам кәсіпкер атанбақ
  • Ақтөбенің үздік тауарлары анықталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге