Сапарбаев қара киім тұмшалап алған оқушылар жайында пікір білдірді

    Темір мен Байғанин ауданында діни себеппен екпеден бас тартып жүрген оқушылар саны көп. Сондай-ақ, аудандарда қара киім тұмшалап алған оқушылар да аз емес. Облыс әкімі аудан тұрғындарын бәріне ортақ тәртіпке бағынуға шақырды

    Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Темір мен Байғанин аудандарына барып, халықтың мұң-зарын, өтініштерін, ұсыныстарын тыңдап қайтты. Темір мен Байғанин аудандарында облыс әкімі діни ахуалды елемей кете алмады. Өйткені діни себеппен екпеден бас тартып жүрген ата-аналар Темір ауданында көп.

    - Егер адам жат дінмен кетіп қалатын болса, онда ол адамның мәдениет деңгейі төмен. Бұл жөнінде аудандық әкімшілік пен прокуратура бірлесіп, жұмыс істеп жатыр. Бұл жұмыс әрмен қарай жалғасады. Өткенде құқық қорғау органдарына ескерткен едім. Егер кім де кім заңды бұзатын болса, халықтың арасында іріткі туғызатын болса, тыныштықты бұзатын болса, заң алдында жауап береді. Кешегі оқиғадан кейін 25-30 жас аралығындағы балалар жылап отыр. Бірінші кезекте, оған ата-ана жауап береді. Екіншіден, қоршаған ортасы, - деді Бердібек Сапарбаев.

    Облыс әкімі екпені дұрыс жасамаған дәрігерлер немесе медициналық мекемелер құқық органдарымен жазаланады деп ескертті. Сонысымен ол екпе егуден қорықпауға үндеу тастады.
    - Екпеден бас тарту жөнінен Темір ауданы алдыңғы қатарда. Біз өмір бойы екпе алып келдік қой. Содан денсаулығымыз нашар емес. Егер бір жерде қателік болса, дұрыс екпесе, онда біз құқық қорғау органымен дәрігерлерді немесе медициналық мекемелерді жазалаймыз, - деп өңір басшысы жеткізді.
    Бердібек Сапарбаев қара киім жамылған оқушылар туралы да сөз қозғады.

    - Қап-қара болып киініп жүрген кішкентай балалар бар. Оны да ойлауымыз керек қой, ағайындар! Біз енді 21-ғасырда өмір сүріп жатырмыз ғой. Бұлай болса, ол қатарынан кем болады, қатарымен бірдей жүре алмайды, ойнай алмайды, - деп Сапарбаев мектептің ішкі тәртібін ұстануға үгіттеді.

    Аудан тұрғындары Бердібек Сапарбаевқа жұмыссыздық мәселесі туралы жиі өтініш білдіреді. “Жұмыс жоқ” деп балаларына кәсіп тауып беруін сұрайтын зейнеткерлер де кездеседі.
    - Байғанин, Темір, Мұғалжар, жартылай Шалқарға барсаң, “біз тек мұнайшы болуымыз керек” дейді. Мұнайдың бағасы төмендесе, сұранысы азайса, жұрттың бәрі мұнайшы қалай болады? Ағайындар, қазір мемлекет есебінен тегін оқисыз. Сізге мемлекет стипендия береді, жатақханадан орын тауып береді. Басқа мамандықпен жұмыс істеңіз. Егер қазір малшы жетіспесе, онда малшы болу керек, - деп облыс әкімі жұмыс сұрамсақтанған тұрғындарға осындай кеңес берді.

    Сондай-ақ, Байғанин ауданы жұмыспен қамту бағдарламаларын тиімді пайдалана алмайды екен. Әкімнің айтуынша, бүкіл ауданнан “Жұмыспен қамту - 2020” бағдарламасын жеті-ақ адам пайдаланған. Ал “Бизнестің жол картасы -2020” бағдарламасы бо-йынша 11 адам жұмысқа тұрған.
    - Егер біз сол бағдарламаларды дұрыс пайдаланбасақ, жұрттың бәрін жұмысқа қалай орналастырамыз? 2015 жылы “Жұмыспен қамту -2020” бағдарламасы бо-йынша 1 млрд 900 млн теңге алдық. Ал биыл ол қаражат 10 млрд теңгеге жетті. Бірақ соны біз толық пайдалана алмай отырмыз, - деп Сапарбаев тапсырманы орындай алмаған шенеуніктерге күйінді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Екпеден бас тартатындар арасында дәрігерлер де бар
  • Темір ауданында нәресте өлімі көбейген
  • Дәстүрлі емес дін өкілдерінің әрқайсысы есепке алынды
  • Бердібек Сапарбаев әкімдерге туыстарын жұмысқа алмауды ескертті
  • Архиепископ Антоний Ақтөбеде қара киінгендердің көбейгеніне алаңдаушылық білдірді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге