Әйтеке би ауданы: Жақсылық пен жаңалық

    Әйтеке би ауданы: Жақсылық пен жаңалық

    Жыл басынан бері әртүрлі деңгейдегі әкімдер халық алдына есеп беріп жатыр. Апта басында Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ибрашов БАҚ өкілдеріне есеп берді. Аудан әкімінің айтуынша, елдің экономикалық-әлеуметтік дамуын, елдің тұрақтылығын белгілейтін бірден-бір көрсеткіш-бұл елдің демографиялық дамуы. Ауданның жер көлемі 35,9 мың шаршы шақырым, онда 15 ауылдық округ, 28 елді мекен орналасқан.

    - Ауданымыздың халқы санының өсімі байқалады, 2016 жылдың қортындысы бойынша халық саны 26419 адамды құрайды,яғни 2015 жылмен салыстырғанда 396 адамға немесе 1,5 % өсіп отыр. Ауданымыздың негізгі өндірісі ауыл шаруашылығы болғанымен, соңғы жылдары өнеркәсіп саласы тұрақты даму үстінде,- деді аудан әкімі.

    Ауыл шаруашылығы
    Бір жыл ішінде Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылық өндіріс көлемі 22 % өскен
    - 2016 жылы ауданның барлық ауыл шаруашылығы өндірушілерімен жалпы көлемі 19,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 122,0% құрайды. Жалпы егіс көлемі 166,5 мың.га құраса, оның 123,9 мың.га дәнді дақылдар, 5,0 мың.га майлы дақыл, 37,2 мың.га жемшөп дақылдары, 296 га картоп, 117 га көкөніс және 38 га бау-бақша дақылдарын құрайды. 123,9 мың га жерге егілген дәнді дақылдардан гектарына 14 центнерден өнім алынып, 173,1 мың тонна астық жиналды,- деді әкім.

    Ауданда жыл бойы көкөніс өсіру бойынша шаралар қолға алынуда. Соның бірі “Жұмыспен қамту жол картасы-2020” бағдарламасы аясында 7,0 млн. тенгеге жалпы көлемі 270 шаршы метр жылыжай ғимараты салынды. Жылыжай тамшылап суару тәсілімен қияр өсіріп отыр. Болашақта жылыжай көлемін және өндірілетін өнім түрлерін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
    - Соңғы екі жыл ішінде ауданда “Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық” мемлекетік бағдарламалары жақсы орындалуда. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруда аудан бойынша төленген субсидия көлемі 209,5 млн. теңгені құрады. Алдағы жылы Ақтасты ауылдық округі және Аралтоғай ауылдық округінде сүт өнімдерін өңдеуді дамыту жоспарлануда, - деп атап өтті аудан әкімі
    Аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласымен қатар өндіріс көлеміне де тоқталды. 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы ауданның өнеркәсіп өндірісі көлемі 1,5 млрд. теңге немесе 103,3% құрады.

    Кәсіпкерлік
    Өткен жылы өңірде тіркелген шағын және орта бизнес субьектілерінің жалпы саны 1098 бірлікті құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 6,0 пайызға өсіп отыр. Жалпы құны 282 млн теңге тұратын сегіз жоба іске асып, 100 тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұл туралы аудан әкімі Мәлімбет Ибрашов мәлімдеді.
    - “Батыс Қытай – Батыс Еуропа” халықаралық тас жол бойында 3 кемпинг іске қосылды. “Бизнестің жол картасы -2020” бағдарламасы шеңберінде құны 26,4 млн теңге құрайтын 7 жоба іске кірісті. Кәсіпкерлікті дамытуды Елбасымыздың өзі жолға қойып, шағын және орта бизнестің дамуына сүбелі жағдай жасап жатырмыз,- деді әкім.

    Инфрақұрылым
    Былтыр Комсомол ауылішілік газ құбырын тарту үшін 1,2 млрд теңге бөлінген. Қазір ауылға газ келді. “Нұрлы жол” бағдарламасының бюджеттік несиесі бойынша Комсомол ауылында ұзындығы 22,6 шақырымсу құбыры тартылды. Ауданның негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 5,6 млрд.теңге, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 84,1 пайызды құрайды. Аудан көлемінде 3 өндірістік кәсіпорын жұмыс жасайды: “Текшетас”, “КазКупер” және “Вертекс Холдинг” ЖШС-тері.
    2016 жылы “Vertex Holding” ЖШС-і өзінің қызметін жандандырды.
    Соңғы жылғы өндірген өнім көлемі 204,5 мың тоннаны құрады,ағымдағы жылы өндіріс көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

    “Компания Текше Тас” ЖШС-імен өткен жылы 40,0 мың тонна щебень өндіріліп, жол құрылыстарына пайдаланылды.
    “КазКупер” ЖШС-нің катодтық мыс өндірісі өз жұмыстарын әлемдегі шикізат ресурстарының бағасының төмендеуіне байланысты тоқтатып отыр. Комсомол ауылішілік газ құбырын тартуға 1,2млрд. теңге бөлініп, іске қосылды.
    “Нұрлы жол” бағдарламасының бюджеттік несиесі бойынша Комсомол ауылында ұзындығы 22,6 км қолданыстағы сумен жабдықтау жүйесін кеңейту жұмыстары 229,5 млн. теңгеге басталып, жұмыстары ағымдағы жылы аяқталатын болады.
    Биыл Аралтөбе ауылына ауылішілік газ құбырының құрылыс жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 266,4 млн. теңге бөлінді.

    Мәлімбет Ибрашов, Әйтеке би ауданының әкімі:
    - Комсомол селосының тұрғыны, жеке кәсіпкер “Жұмыспен қамту жол картасы-2020” бағдарламасы бойынша 7,0 млн.тенгеге жалпы көлемі 270 шаршы метр жылыжай ғимаратын салып, тамшылап суару тәсілімен қияр өсіріп отыр. Кәсіпкер болашақта жылыжай көлемін және өндірілетін өнім түрлерін ұлғайтуды жоспарлап отыр. 2016 - 2017 жылдардың қыс мезгіліне мал азығын әзірлеу бойынша берілген тапсырма 110,0% пайызға орындалды. Берілген тапсырма 225,2 мың тонна болса, дайындалғаны 258,5 мың тонна. Соңғы жылдары аудан тұрғындары мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуда,- деді аудан әкімі өз есебінде.

    Аудан бойынша “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 318 бас сатып алынған. “Құлан” бағдарламасы бойынша 105 бас сатып алынды. “Алтын асық” бағдарламасы бойынша 624 бас сатып алынды.
    Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруда аудан бойынша төленген субсидия көлемі 209,5 млн. теңгені құрады.
    Аудан бойынша бүгінгі күнге 7 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды, оның 5-уі ет бағытында, 2-уі сүт өнімдері бағытында.
    Алдағы жылы сүт өнімдерін өңдеу жұмысымен Ақтасты ауылдық округіне қарасты “Томирис” және Аралтоғай ауылдық округіне қарасты “Рахат+” өндірістік коперативтері айналысуды жоспарлап отыр.
    Ауданымыздың тұрғындары ауыл шаруашылығына бет бұрып, жеке қосалқы шаруашылықтарындағы мал санын арттыруда.
    Осыған байланысты ауданда мал өнімдерін қабылдап, өндейтін алаңдар ашу жұмыстары жолға қойылдыжәне тұшпара цехының айлық қуатын 2 тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.
    Ветеринария саласында аудан бойынша мал ауруларының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2016 жылы 49,0мың бас ірі қара, 100,09мың бас қой-ешкі бруцелезге және т.б ауруларға қарсы тексеріліп, ауруға шыққан 124 бас ірі қара малы Қостанай қаласындағы жеке кәсіпкер Поздняковтың қайта өңдеу орындарына тапсырылып, малдың иелеріне жергілікті бюджеттен 7,9 млн. теңге көлемінде өтем ақы төленді (бір бас сиырға – 75 мың теңге, өндіруші бұқаға – 85 мың теңге, екі жылдық бұқаға – 45 мың теңге).

    КӘСІПКЕРЛІК
    2016 жылы өңірде тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы саны 1098 бірлік, өткен жылмен салыстырғанда 6,0 пайызға өсіп отыр.
    2016 жылы жалпы құны 282 млн. теңге 8 жоба іске асырылып, 100 тұрақты жұмыс орны ашылды.
    “Батыс Қытай-Батыс Еуропа” халықаралық тас жолы бойында 3 кемпинг іске қосылды.
    “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы шеңберінде құны 26,4 млн. теңге құрайтын 7 жоба іске асырылды.

    БЮДЖЕТ
    2016 жылы салық түсімдері 946,1 млн теңгеге орындалып, жоспар 113,6% құрады, оның ішінде аудандық бюджетке 746,4 млн теңгенің орынына 857,1 млн теңге түсіп, жоспар 114,8 пайызға орындалды.

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
    Аудандық ресми жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайыз.
    2016 жылы 795 жаңа жұмыс орыны ашылды.
    “Жұмыспен қамту 2020” бағдарламаның бірінші бағыты бойынша биыл 546,6 млн. теңгеге 28 әлеуметтік нысанға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 176 адам жұмысқа тартылды.

    Бағдарламаның екінші бағыты бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 15 ауылдық округтен 122 адам бағдарламаға қатысып, республикалық бюджеттен бөлінген 251,7 млн. теңге толығымен игерілді.
    Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 23 әлеуметтік жұмыс орыны құрылып, 33 адам кәсіби қайта оқытылды және жастар практикасы бойынша 55 жолдама беріліп,барлығы үшін республикалық бюджеттен бөлінген 19,1 млн. теңге толығымен игерілді.
    Мемлекеттік жәрдемақы алатын 386 отбасының 1194 баласына 23млн. теңгеден астам жәрдемақы төленді.

    ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
    Аудан тұрғындарына ауысымына 130 азаматты қабылдайтын аудандық емхана, 61 орындық 1 орталық аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория, 17 медициналық пункт және 2 фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет көрсетеді.
    Бала өлімі өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге азайды (4-тен 2-ге дейін). Халықтың өмір жасының ұзақтығы 71,9 жастан (2015 жылы) 72 жасқа дейін (2016 жылы) ұзарды.

    БІЛІМ БЕРУ
    Ауданда 4350 оқушыға білім беретін 30 жалпы білім беретін мектеп бар.( 24 орта, 5 негізгі, 1 бастауыш мектеп),3 мектептен тыс мекеме (балалар саз мектебі, педагогико-психологиялық түзету кабинеті, жасөспірімдер спорт мектебі) жұмыс жасайды.
    42 мектепке дейінгі ұйым бар.(24 шағын орталық, 18 балабақша) Балалардың балабақшамен қамтылуы 83,6 пайызды құрайды.

    МӘДЕНИЕТ
    Ауданда 43 мәдениет мекемесі қызмет көрсетеді. Оның 17-сі клуб, 23-і кітапхана және 3-уі мұражай.
    2016 жылы “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасы арқылы Үшқатты, Ұлғайсын, Ақтасты, Сарат ауылдық клубтарына, Тымабұлақ, Аралтөбе ауылдық кітапханаларына ағымдағы (жалпы сомасы 45,0 млн теңгеге) және күрделі (жалпы сомасы 10,6 млн теңгеге) жөндеу жұмыстары жүргізілді

    СПОРТ
    Ауданда 3 стадион, 20 спорт залы, 26 спорт алаңдары және 1 ату тирі спорттық объектілер бар. Қарабұтақ селосындағы балалар- жасөспірімдер спорт мектебінде 19 жаттықтырушы, 366 оқушыны 9 спорт түрі бойынша дайындайды.
    Аудан бойынша спортпен жүйелі айналысатындардың саны 5871 адам немесе 22 пайызды құрайды.

    ІШКІ САЯСАТ
    Ауданда 21 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның ішінде 11 қоғамдық бірлестік, 6 қор, 3 кәсіподақ бірлестіктері филиалы,1 кәсіпкерлік палата филиалы бар.
    “Дипломмен ауылға!” жобасы бойынша 2016 жылы 6 млн. тенге көлемінде 40 жас көтерме жәрдемақы алса, 10 жасқа 32млн. тенге көлемінде бюджеттік несие берілді.
    Ауданда барлығы 4 мешіт тіркелген, барлығының бағыты - дәстүрлі ислам діні. Ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алғада бір күнде 3 мың тауық сойылады
  • Ақтөбе облысының өндірістік өнімі артты
  • Жаңа әкімдерге – жаңа тапсырмалар
  • Ұлттық қордан 24 млрд теңге бөлінді
  • Халықтың өмір сүру деңгейі төмендеп, жұмыссыздық саны артуда
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге