Мал өсірсең – қой өсір

    Мал өсірсең – қой өсір

    Кеңес үкіметі құлап, халық жаппай жұмыссыз қалған уақытта туған топырағында кәсіптің көзін алғаш боп ашқан Қалиолла Рахимов болатын. Осы кісінің бастауымен алғашқылардың бірі болып, мал шаруашылығын дамытып, ауылдың әлеуметтік жағдайын өркендету үшін 1994 жылы “Рахым” шаруа қожалығы құрылды. Шаруа қожалығының тізгінін Әділбек Рахымов қолға алды.

    “КӘСІПТІҢ БЕРЕКЕСІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АРҚАСЫ”
    “Рахым” шаруа қожалығы облыс орталығы Ақтөбе қаласынан 350 шақырым қашықтықта Ойыл ауданына қарасты Сарбие селолық округінің Үшқарасу қыстағында орналасқан. Негізінен көкөніс, бау-бақшамен айналысуды көздеп, алғаш құрылған кезде үкіметтен 45 гектар жер алған екен. Жылма-жыл шаруа қожалығының мал басы өсіп келеді. Елбасының тапсырмасына орай, тауарлы мал басын көбейту мақсатында малдың сапасына да мән бере бастады. Сол мақсатта Батыс Қазақстан облысының асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарынан екі бас қазақтың асыл тұқымды сиырының аталық малы мен 25 бас асыл тұқымды Еділбай қойының қошқарын сатып алды. Қазіргі уақытта шаруа қожалығының иелігіндегі ірі қараның басы 200-ге (екі жүз), қой 1500 (бір мың бес жүз) басқа, жылқы 150 (бір жүз елу) басқа жетіп отыр. Бүгінде құлашы кеңге жайылған қожалықтың басшысы Әділбек Рахимов дала баласы үшін нағыз кәсіп – мал бағу деп есептейді.
    - Ойыл ауданының негізгі бағыты ауыл шаруашылығын өркендету, сапалы мал басын ұлғайту және осы малдарды қазір асыл тұқымға айналдыру. “Рахым” шаруа қожалығы қазір осы бағытта бірқатар жұмыстар атқаруда. Шаруа қожалығы аудан әкімшілігінен жер алып, мал фермасын салып, мал азығын дайындау, мал бордақылау, ет дайындау сияқты инвестициялық жобаларды ұйымдастыруда. Халықты арзан мал азығы және мал өнімдерімен қамтып, ауылдағы аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік жәрдем жасаймыз.

    ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ?
    “Рахым” шаруа қожалығы құрылған жылы мал басы 300 бас қой-ешкі, 50 бас ірі қара, он жылқы болды. Мал басын көбейту мақсатында, мал басын өз төлінен және асыл тұқымды аталық малдар арқылы қазір қой1500 бас, мүйізді ірі қара 200 бас, жылқы малы 150 басқа жетті.

    Мал тұқымын асылдандыру
    “Рахым” шаруа қожалығы заман талабына қарай 2005 жылдан бастап мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын қолға алды. Асыл тұқымды мал өсіруді қалай бастағаны туралы шаруашылық басшысы Әділбек Рахимов әңгімелейді:
    - Ойыл ауданы Көптоғай ауылы “Идият” шаруа қожалығынан асыл тұқымды қазақы құйрықты, қылшық жүнді 34 бас аталық қошқар сатып алынды. Көп жылдық тәжірибе мен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2014 жылдың сәуір айынан бастап біздің шаруашылықтағы мал “қазақы құйрықты, қылшық жүнді” етті бағыттағы асыл тұқымды қой статусын иеленді. Сонымен қатар мүйізді ірі қараның тауарлы тұқымына мән беріліп, қазақтың ақ бас бұқасы жергілікті сиырлармен будандастырылды. Бұл жұмысты алдағы уақытта да жақсы нәтижеге жеткізу үшін Батыс Қазақстан облысы, Чапаев ауданындағы “Айсұлу” шаруа қожалығынан қазақтың ақ бас сиырының үш бұқасын сатып алдық,- дейді Әділбек Рахимов.
    1998 жылдан қазіргі таңға дейін “Рахым” шаруа қожалығында екі қойшы, бір сиыршы, бір жылқышы және “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы негізінде 4 әлеуметтік қызметкері бар. Барлығы 12 адам жұмыс жасайды. Қожалық иелігінде екі МТЗ-80 және қуатты МТЗ-82 тракторы, үш тіркеме, Газ-53, УАЗ, ВАЗ-2121 автокөліктері, ДТ-75, Нива комбайны бар. Бір тұқым сепкіш, екі КТП -6, екі ГП-14 шөп шабу, тырмалау агрегаты, бір шөп тайлағыш (рулон) техникасы бар.

    ХАЛЫҚТЫ ДА ҰМЫТПАУ – ПАРЫЗ
    “Рахым” шаруа қожалығында 4000 гектар шабындық жер бар. Мал азығын сапалы дайындау мақсатында шөп шабу маусым айының алғашқы күндерінен
    басталады екен. Қожалық басшысы Әділбек Рахимовтың айтуынша, артылған мал азығын ауылдағы село тұрғындарына арзан бағаға сатады екен.
    - 2010 жылы 500 тонна, 2011 жылы 600 тонна, 2012 жылы 750 тонна мал азықтары дайындалып, жиналды.Сонымен қатар жыл сайын ауылдағы аз қамтылған, мүгедек он отбасыға 25 тонна шөп тегін берілсе, тағы он отбасыға 25 тонна шөп 50 пайыз жеңілдікпен сатылды. Ал, ауыл тұрғындарын сапалы мал азығымен қамтамасыз ету үшін 300 тонна шөп өз бағасынан төмен бағамен сатылады,- дейді шаруа қожалығының басшысы.

    Егіс шаруашылығы
    “Рахым” шаруа қожалығы тек мал шаруашылығымен ғана айналыспайды. Қожалықтың иелігінде егіс алқабы бар. Тары, арпа, бидай егетін қожалық мақсары майлы дақылын егуді қолға алыпты.
    - 2000 жылы жүз гектар егіс алқабының елу гектарына арпа ектік, қалған отыз гектарына бидай, 20 гектарына тары егілген болатын. Сол жылы 20 гектардан жиырма бес центнер мол өнім алдық. Егіс алқабы жыл сайын көбейтіліп, бүгінгі күні 380 гектарға ұлғайтылып, оған тары, арпа, мақсары майлы дақылы егілді. Ауа-райының құрғақшылығына байланысты, мақсары майлы дақылын өсіруді 2007 жылдан бастап қолға алдық. Алғашқы жылы 40 гектар жерге егіліп, одан түскен өнімнен 2008 жылы 140 гектарға ұлғайтылып, әр гектардан 9,7 центнер өнім алынды. Ал, 2009-2010 жылдары мақсары көлемі 250 гектарға өсті,- дейді Әділбек Рахимов.
    Шаруа қожалықтың басшысы үкімет тарапынан мол мүмкіндіктер мен жеңілдіктер беріліп жатқанын тілге тиек етті.
    -Аудан әкімінің ұсынысы негізінде тары егісінің алқабы ұлғайтылып, 270 гектар жерге тары дақылы себілген-ді. Оның әр гектарынан 14 центнерден өнім алынып, 3780 тонна тары жиналды. Мақсары майлы дақылын өңдеп, сұйық май шығару мақсатында Шымкент қаласынан тәулігіне 100 литр шығаратын шағын цех сатып алдық,- дейді қожалық басшысы.

    “Рахым” шаруа қожалығы ауданның, ауылдың көлемінде өткізілетін мәдени, спорттық іс-шараларға әрдайым көмек беріп, демеушілік көрсетіп келеді. Екінші дүниежүзілік соғыстың 68 жылдық мерейтойы кезеңінде Сарбие селосының 85 зейнеткері, 2012 жылы 1 қазан қарттар күні мерекесінде 40 адамға мерекелік дастархан жайып, сый-сияпат көрсетті.
    Ауыл-село спортшыларының жазғы спартакиадасына қаржылай көмек берілді. Сонымен қатар, республикалық, облыстық шараларды ұдайы қолдап, қол ұшын созып келеді. Бес жыл бойы республикалық «Мектепке жол» акциясына атсалысып, жыл сайын екі отбасының балаларын киім-кешек, оқу құралдарымен қамтып келеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шаруа қожалығының басшысы туысының жылқысын ұрлаған
  • Төрт шаруа қожалығының басшысы алаяқтықпен ұсталды
  • Кәсіпкер ешкі сүтін ішу арқылы аллергиядан құтылған
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Облыс басшысы Мәртөкке жиі келетіндігін ескертті
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге